Меню KDT
МЕНЮ
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет)

"№73 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

   


 


Директордың жеке қабылдау кестесі





Директор блогы

Психологқа сұрақ

Фото көрме

Видео көрме

Хабарландыру

Ауа райы

Статистика

  • Осы айда1113
  • Осы аптада208
  • Кеше5
  • Бүгін10
  • Желіде:1

Сауалнама

Оцените школьный сайт

Дауыс беру

 
 

Тақырыбы: Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі сүйікті жар.

Білімділік мақсаты: Қазақтыңәдеп-ғұрып,салт-дәстүрлерін бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру арқылы студенттің үйірмеден  алған білімдерін тәжірибемен ұштастыруға бағыттау.

Дамытушылық мақсаты: Өзіндік адамгершілік құндылықтарын студент бойына дарыта отырып, оның   жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіруін, жүйелі ойлауын  дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Ата – баба салтын қастерлеуге , жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд арқылы дайындалған материалдар,нақыл сөздер, бейнежазбалар.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.



Құрметті қонақтар, ұстаздар “Кел, қыздар сырласайық” атты үйірменің “Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі сүйікті жар” атты сыр- сұхбатына  қош келдіңіздер. “Ел болам десең, бесігіңді түзе” демекші, халықтың тәлім- тәрбиесін жасынан санаға сіңіріп өскеңдер ғана ұлтын сүйіп, елдің қамын ойлайды.Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. « Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз » – деп бекер айтылмаса керек.

    Халқымыз ерте кезден – ақ адамгершілікті, әдепті бағалай білген. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде  жақсы тәрбие алған, үлгі – өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көрегенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген ғой.

     Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай,осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу– ата – ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті.

.

 

Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,

Халқымыз сақтай білген ізгі салтын.

                                    Қыз бала-бойжеткен, келін, ана,

                                    Бәрі де дер кезінде дара тұлға.

                                    Ұрпағыңның ойласаң болашағын,

Қызды сыйла,жамағат,қызды сыйла.

 

Олай болса, сыр-сұхбаттың беташарын Арыстан Алпамыстың орындауында “Бойжеткенге” арнау.

Мақал- мәтелдердің ұйқасын тауып , топтарға топтастырамыз.

I топ. 1. Жақсы қыз-...( жағадағы құндыз)

          2.Гүл өссе жердің көркі,

    (Қыз өссе елдің көркі)

          3.Ата даңқымен (ұл өтер)

    Ана даңқымен (қыз өтер)

          4. Ата балаға (сыншы)

II топ.1.Қызым үйде ...(қылығы түзде)

             2.Ұлың көңілшек болса-(атының соры)

             Қызың көңілшек болса-(басының соры.)

             3.Қыз (келіннен) ғибрат алсын

                Ұл (елінен) ғибрат алсын.

             4.(Сұлу) ...сұқтануға жақсы

     (Ақыл)... жұптануға жақсы.

III топ.1.Атасыз ұл...(жетесіз ұл)

   2. ...(Жеті атасын) білген ұл

        Жеті елдің қамын жер.

        Өзін ғана білген ұл,

        Құлағымен жағын жер.

   3.Қызға қырық үйден... (тыйым.)

   4. Қыз ұлттың... (ұяты), халықтың... (шырайы)

Сыр-сұхбат мынадай тақырыптар бойынша өрбиді:

  1. Атадан –ұлағат,

Анадан-ғибрат.

  1. Жат қылықтардың қыз тағдырына әсері.
  2. Жетесіз жастан некесіз бала туады.

Әр топ ішінде:



Хатшы (жазып отырады)

Таймкиппер  (уақытты белгілеп, қадағалайды)

Презентатор  (презентацияны қорғайды (2-3 адам))

Бақылаушы (не маңызды, бақылап отырады)

Безендіруші (жобаны безендіреді) болуы қажет.

 

1)    “Атадан –ұлағат, анадан-ғибрат.” тақырыбына байланысты бейнекөрініс.

2)    “Жат қылықтардың қыз тағдырына әсері.” тақырыбына  арналған бейнекөрініс.

 3) “Жетесіз жастан некесіз бала туады.” тақырыбына  арналған бейнекөрініс.

 

                     Ән :“Қыздар,қыздар, сұлу қыздар”

 

Рефлексия

  • Бүгінгі тәрбие сағатына алған әсеріңіз?
  • Тілегіңіз,пікіріңіз...
  • Ұсынысыңыз

 

Қорытынды

  Бүгінгі күні біздің топ студенттері  Астана қаласындағы №48 және №52 мектептерде тәжірибеден өтуде.Бүгінгі сыр-сұхбат арқылы студенттер қылықты,ибалы,мінезді,ата-баба салтын қастерлейтін өнегелі де өнерлі, ұятты және көрікті ұрпақ тәрбиелейді деген үміт артамын.

 

ЛЕКСИКА ТАРАУЫН ҚАЙТАЛАУ

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік — нақты мысалдар келтіре отырып лексика тарауынан өткенді қайталау арқылы оқушы білімін сарапқа салу;

ә) тәрбиелік —Қашаған Күржіманұлының шығармаларымен жұмыс жүргізе отырып, тәрбиелі тағылымдарынан үлгі алдыру;

б) дамытушылық — оқушының шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап талдау, тіл дамыту, жинақтау. Сабақтың түрі: сайыс сабақ (сыныптан тыс). Сабақтың көрнекілігі: күнтізбе, кеспе қағаздар, бағалау парағы Сабақтың барысы. а)Ұйымдастыру: сынып тазалығын тексеріп, оқушыларды түгендеу;

ә) сабақ жабдықтарын орналастыру. - Оқушылар, біз бүгін сабағымызда лексика тарауын қайталай отырып тіл ұстарту жұмысымен айналысамыз. Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сынып оқушыларын  әліпби ретімен  "Мұрагер", "Мирас" деген екі топқа бөлемін. Топ басшыларын сайлап аламыз.

- Бүгінгі тіл ұстарту сабағымыздың мақсаты – атақты  жыршы, ақын атамыз Қашаған Күржіманұлының шығармаларына лексикалық тұрғыдан талдау жасау. Лексикалық талдау жасай отырып,  5-сыныпта өткен   лексика тарауын  толығымен еске   түсіреміз.

Алдымен тарауды қайталау сабағына көшпес бұрын  Қашаған Күржіман ұлы туралы мәлімет беріп кетейін.

Қашаған Күржіманұлы 1841-1929 жылдар арасында өмір сүрген жыршы, ақын.   Жырлары мен өлеңдері халық арасына кеңінен таралған, суырып салма ақын Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы Түрікменстанның Ташауыз қаласының маңында туған ақын. Ол 16-17 жасынан ақын атанған, жалшы отбасында дүниеге келіп, жастай жетімдік, жоқшылықтың тауқыметін тартқан. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін шығармалары ел арасына ауызша тараған. Бірқатар шығармалары алғаш «Әдебиет майданы» журналында жарияланды. Қашаған өлеңдерінде надан, дінбұзар, дүмше молдалар мен сараңбайларды аяусыз әшкерелеп адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дәріптейді елдік пен ерлікті, халық мұратын жырлайды.  "Атамекен", "Топан", "Адайтегі", "Әзіреті Ғали" дастандарында халыктың көне шежіресі мен тарихын, Атырау өңіріне үлкен қасірет әкелген табиғат апатын толғайды. Әйгілі жыраулар дәстүрімен толғайтын ақын "Қырымның қырық батыры" деп аталатын жырларды ел арасына таратқан. Қазіргі кезде Қашаған - өз кезеңінің белді ақыны, дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген кең тынысты ақын.Ол 1929 жылы Маңғыстау түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған. Ақынның биылғы 175 жылдық мерейтойы қарсаңында сіздерге ақын өлеңдерін таныстыруды жөн көрдім.

 

Сабақ "Аптаның жеті күні" деген атпен сайысы түрінде өтеді. Ендеше сабағымызды бастаймыз. Әр "күнгі" жинаған ұпайымызды мына күнтізбеге салып, қорытынды ұпайды есептеп, жеңіске жеткен топты анықтаймыз. І. Дүйсенбі күні: "Бастапқы сөз". — Балалар,  Қашаған аталарыңның "Бастапқы сөз" деген өлеңі бар екен. Құлақ салсаң жақсылар,  Атам бір қайтты дүниеден, Бес жаста жетім қалдырды. Басыма қайғы салдырды.  Анам көрді жесірлік,  Өзім көрдім жетімдік, Сөйтіп басым қаңғырды.  Алты жаста еліктім,  Жеті жаста желіктім,  Сегіз жасқа келгенде  Бала болдым көрікті.  Тоғыз жасқа келгенде  Қадір білер ағалар:  - Шырағым, жүр - деп ерітті, Балалықты тастадым, - деп өзіне ақындық өнердің қалай қонғандығы туралы айтады. Ал біздің бастапқы сөзіміз лексика тарауын қайталап, пысықтауға арналмақ.    Сұрақтарды жүргізуші оқиды. Екі топтың оқушыларынан кім дұрыс жауабын білсе, қол көтеріп жауап бере береді. Жауап берген топқа ұпай қосылады.              1. Лексика ғылымы нені зерттейді?  2. Омоним нендей сөздер? 3. Синоним нендей сөздер?  4. Антоним нендей сөздер? 5. Диалект сөз дегеніміз не?  6. Мақал-мәтел дегеніміз не? 7. Табу дегеніміз не?  8. Эвфемизм, дисфемизм нендей сөздер? 9. Тұрақты тіркес туралы не білесіңдер? 10. Кірме сөздерге нендей сөздер жатады? 11. Кәсіби сөз туралы не білесіңдер?

  1. II. Сейсенбі күні: "Домбыра-дастан". – Қашаған аталарыңның үш дастаны бар.   Олар: "Адайтегі", "Атамекен", "Топан". Сендердің алдарыңда домбыра кескініндегі бірнеше кеспелер тұр. Сол кеспелердің артына ақынның дастандарынан үзінді беріліп, сол бойынша тапсырмалар бар. Кімде-кім сол тапсырмаларды мүлтіксіз орындаса, сол топқа ұпай қосылады. Дұрыс жауап бермесе қарсы топтан жауап береді. Ол кезде ұпайды қарсы топ алады. 1 –кеспе қағаз:      

Айтулы ерлер бар екен,  Жүйріктері баптаулы, Найзалары саптаулы, Дұшпанға атар жебесі,       Қорамсақпен қаптаулы. ("Атамекен" дастаны). Үзіндіден көнерген сөзді тауып, көнерген сөздің қай түріне жататынын айт. 2-кеспе  қағаз:        

Әлгі бозторғайды қағып жеп, Құтырып бүркіт желденді. Еділге қарай енгенді. Ұлы Еділдің бойында Жүзіп жүрген нән балық, Салған екен соған шеңгелді. ("Топан" дастанынан). Үзіндіден диалект сөзді тауып, әдеби тілдегі баламасын атап, синонимдік қатар кұра. 3-кеспе  қағаз:          

Бір шәй ішім мұрсат болмады, Нән балық та құтырып Суға сыймай сандалды. ("Топан")  Үзіндіден тұрақты тіркесті тауып, синонимдік баламасын ата      

4-кеспе қағаз:          

Мырзалары мардымсып,  Қабылан етіп, кұс салған,  Лашын, сұңқар ұстаған.  Томағасын әдіптеп,  Мақпалменен тыстаған.  Үзіндіден кәсіби сөзді тап. Қандай кәсіпке байланысты? 

III. Сәрсенбі күні. "Кім жылдам?" - Қазір сендерге  бірнеше сұрақтар оқылады.   Кімде-кім қолын бірінші боп көтерсе, сол жауап береді. 1-сұрақ

 Атам бір қайтты дүниеден,  Бес жаста жетім қалдырды,   Басыма қайғы салдырды.   Анам көрді жесірлік,   Өзім көрдім жетімдік.  Үзіндіден эвфемизмді тап.

2-сұрақ.

Жаңа талап жас жігіт Омыраулап тойды бастадың, Қашаған бар деп саспадың, Тұр ғой деп жүйрік қашпадың. Үзіндіден ауыспалы   мағынада қолданылып тұрған сөзді тауып, тура мағынасында мысалдар келтір.

3-сұрақ

Жарлыны көрсе мысқылдап, Кекесін сөзбен ысқылдап,  "Аузы қисық болса да,  Бай баласы сөйлесін!" —  Орынсыз сөйтіп күш қылад.  Үзіндіден мақалды тап.

4-сұрақ

Барын жоқ деп құрынған, Жұлдызды жатқа санасақ, Қисап етіп қарасақ "Мың тасқанға бір тосқан" Бар емес пе еді бұрыннан. Үзіндіден мәтелді тап.

ІV. Бейсенбі күні: "Өзіндік жұмыс". Оқушыларға кеспе таратылып, сол бойынша жауап алынады.

1-кеспе қағаз.  

Көл дария, көл болса, Бай мен жарлы тең болса, Диханшылық кеп болса, Кетерсіз-дағы ел болып.  Үзіндіден антоним сөздерді тап. 

2-кеспе  қағаз.

Дастархан жайып құрметтеп, Төкті түрлі жемісті. Жез самаурын қайнаулы, Союға бағлан байлаулы.  Үзіндіден кірме сөзді тап. 

3-кеспе қағаз.

Қорасында мал толы, Үйінде ішер тағам жоқ, Тағам жоқтан жаман жоқ. Көре тұрып ішпеген Рахатсыз біткен мал Ұйқыда көрген түс деген.  Асты сызылған сөзге омоним болатын сөз ойлап жаз.  4-кеспе.

Ол ерліктің күштісі — Сол заманның тұсында Алтын  медаль, наград Патшадан ұлы шен алған Үзіндіден басқа тілден енген сөзді көрсет.

5. Жұма күні: "Топ басшылар сайысы". Бұл сайыс барысында топ басшылары шығармашылықпен жұмыс атқарады. Екі топқа "Қашаған — айтыс ақыны", "Қашаған — жүйрік жырау" деген тақырыптар беріліп, осы бойынша тіл дамыту жұмысы жүргізіледі. Жұмысты қара сөзбен жазу, өлеңмен өрнектеу оқушылардың өз еркінде.

6. Сенбі күні: "Қонақ кәде". Қазақта қонақ кәде деген жоралғы бар. Онда келген қонаққа сый ретінде ауылдың алты ауызы айтылып, келген қонақтар тарапынан қонақ кәде жасалады. Қашаған атамыздың "Қонақ кәде" деген өлеңі бар. Онда шаршы топқа келген Қашаған: Жиналып отыр бұл жерге Бөйгіден келген керлерім. Аямадым сендерден Маңдайдың аққан терлерін. Ұйқы — жанның тынышы, Сөз — құлақтың құрышы. Қанша айтқанмен таусылмас Терме жырдың бұрышы, - деп жиналған көпшілікке жырдан қонақ кәде жасайды. Естеріңде болса өткен сабақта мен сендерге Қашаған аталарыңның "Бұл дүниеде не жетім?" деген өлеңін жаттауға бергенмін. Екі топ бір-біріне қонаққа барып, сол өлең бойынша дайындаған сұрақтарыңмен қонақ кәде жасайсыңдар. Олар сендерге жауап береді. 1. Үзіңдіден синоним сөздерді тауып, синонимдік қатарын көбейт. Бұл дүниеде не жетім?  Кім қажетсіз болса, сол жетім.  Хакімі әділ болмаса,  Бұқара байтақ ел жетім.    

  1. Қырға шықса белім деп,  Ойға түссе тізем деп,  Келін менен балаға  Қонақ болған уақытта  Кемпір менен шал жетім.   3.  Жас, ер сөздеріне омонимдік қатар құра. От басында жыласа,  Жас төгіп сәби бір жетім,  Ақырында тәрік етуге жарамас,  Ерлердің еткен құрметін.
  2. Бақыты тайған би жетім,  Қатынсыз қалган үй жетім.  Сатып алган құл жетім,  Құлдықта жүрген ел жетім.
  3. Оқушыларды бағалаймыз.    Үйге тапсырма: Қашағанның "Бұл өмірдің мысалы" деген өлеңін жаттап, лексикалық тұрғыдан талдау жасау.

 

 

Оқушылардың ұпайларын   жинақтап, бағалау қағазы

 

Апта күндері

І топ.

Бірінші бағанға осы топтан   дұрыс жауап берген оқушының аты, ІІ бағанға алған ұпайы жазылады. Дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланады.

ІІ топ.

Бірінші бағанға осы топтан   дұрыс жауап берген оқушының аты, ІІ бағанға алған ұпайы жазылады. Дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланады.

Дүйсенбі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сейсенбі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәрсенбі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейсенбі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұма

 

 

 

 

Сенбі

 

 

 

 

 

 

 

 

Жексенбі 

(қорытынды)

 

 

 

 

 

                                                                              ҚЫСҚА   МЕРЗІМДІ   ЖОСПАР

 

Класы:  10 «А»

Пәні: Қазақстан тарихы

Мерзімі: 27.11.2015

Кабинеті:   108

Бекітілді:

Сабақтың тақырыбы

Ұлы Жібек жолы      

Мақсаты

Ұлы Жібек жолы туралы алған білімдерін естеріне түсіреді, жаңа мәліметтермен білімдерін жетілдіре отырып,  «Қазақ жері- Батыс пен Шығысты байланыстырып жатқан тоғыз жолдың торабы» екенін зерттейді.

Міндеттер:

                 Тарихи фактілерге сүйене отырып, мәліметтерді ажырата біледі.

                 Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалын түсінеді.

                 Шығармашылық жұмыстар жасау арқылы ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын құрметтей білуге үйренеді.

Оқыту нәтижесі

Әр оқушы өз ойын еркін жеткізе біледі, топпен, жұппен жұмыс жасайды,  шығармашылық жұмыстар нәтижесінде көшбасшы оқушы анықталады.

Түйінді идеясы

           Қазақ жері- Батыс пен Шығысты байланыстырып жатқан тоғыз жолдың торабы.

«Ежелгі жібек жолының жалпы сұлбасымен XXI ғасырда мұнай- газ құбырлары тартылады, солар арқылы Орталық Азия –ның мұнай мен газ экспортын дамыту Орталық Азия халықтарына, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат, бірыңғай кеден, салық бақылауы, бірыңғай қауіпсіздік жүйесі қажет, сол тиімді» деп көрсетті:

                                                                                                                                                                                  Н.Ә. Назарбаев

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

3 минут

«Амандасу» тренингі арқылы психологиялық ахуал орнату, 3топқа бөлу

 

«Амандасу» тренингі арқылы класта ынтымақтастық  орта қалыптасады, 3 топқа бөлінеді.

«Үш түрлі түсті» түстер арқылы топқа бөліну.  «Амандасу»тренингі

Тұсаукесер

2 минут

 

 

 

 

Қолдарыңыздағы түстер қайда кездеседі?

Жолда жүру ережесін бақылайтын бағдаршамның көздерінің жүру заңдылықтары бар. Мозайканы құрастыру арқылы:

 Қызыл - бірінші жүрісті - Тарихшылар

 Сары- екінші жүрісті - Зерттеушілер

 Жасыл –үшінші жүрісті – Тілшілер

Бағдаршамда

 «Мозайканы» құрастыру арқылы топтар тапсырмаларын белгілейді.

 

 

 

Мозайкалар

НЕгізгі бөлімі

 

20 минут

 

 

 

 

«Зерттеу» әдісімен 3 топқа тапсырмалар  беріледі:

І топ  Тарихшылар «Ұлы Жібек жолының пайда болуын тарихи  жағынан қарастырады»

II топ – «Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым- қатынасын зерттеушілік жағынан қарастырады»

 ІІІ топ –«Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалын» әдеби жағынан қарастырады

 

 

 

 

«Зерттеу» әдісімен 3  топ тапсырманы меңгеріп, басқа топтарға түсіндіреді.

«Үш шапалақ» арқылы мадақталады

 АКТ, Тақта арқылы слайдтармен өздерінің жұмыстарын қорғайды.

Қорытынды

15 минут

 

 

 

 

 

 

 « Т»  кестесі

Жібек жолы

Кеше    Бүгін

«Шығармашылық жұмыс» кері байланыс орнатылады.

 I топ- 5 жолды өлең құрастыру; 

 II топ- РАФТ жазу;

 III топ- Интервью алу;

Көш керуен ойыны

-Сауда келісім шарттарының болғандығына 3 дәлел келтіріңіз?

 «Жібек жолы – ынтымақтастықтын жолы»- 3 айғақ келтіріңіз?

Зорастризм дінінің болғандығына 3 дәлел келтіріңіз?

 Бағалау. Топтар бірін-бірі «2 жұлдыз,1 тілек» әдісі арқылы бағалайды

 

 «Т » кестесін 3 топ жарыса орындайды.

 

 

 

 

 

 

Бағалау. Топтар бірін-бірі «2 жұлдыз,1 тілек» әдісі арқылы бағалайды

«Ұлы Жібек жолында» көлік болған түйеге сабақ бойы көшбасшы болған балаларды жазып, іледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша тапсырма

5 минут

Эссе жазу «Сабақтан ойға түйгенім»  

Әр оқушы өз ойын 5-7 сөйлеммен жазып,автор орындығына шығады.

Жастар- ертеңгі еліміздің болашағы екенін,болашақ олардың қолында екенін бағалай білді.

Не сәтті өтті?

Оқушыларға  сәттілік тілеуден басталған сабақта «Қазақ жері- Батыс пен Шығысты байланыстырып жатқан тоғыз жолдың торабы» екенін оқушылар зерттей алды. «Тілшілер» тобы тілшілік қызметтерін толыққанды орындай білді.Келген қонақтардан интервью алу арқылы топтың жұмысының зерттеушілік мақсатына нүкте қоя білді. «Зерттеушілер» тобында болған  В оқушы бақылаушылық қызметін өте жақсы атқарып шықты. Осы топтағы А оқушы «Тарихшылар» тобының зерттеу жұмысын қорғау кезіндегі қателіктерін тез тауып, толықтырулар енгізе білді. Зерттедегі С оқушы аса белсенділік көрсетпесе де «5 жолды» өлең жазу кезінде, жұппен жұмыс кезінде қарым-қатынасқа түсе білді. « Жібек жолы- Қапшағай жерінде» деген бейне таспадан кейін оқушылар эссе жазу арқылы Отанға қосатын үлестерін, қортынды ойларын жекізе білді.

Сабақтың топтастыру кезеңінде оқушылар өздерінің таңдаған түстері арқылы топтасып, берілген мозайкаларды тез арада құрастыру арқылы өздерінің тобының аты мен жұмыстарын тез анықтай алды. Жібек жолына Т кестесін толтырғанда жұптық жұмыс арқылы белсенді әрекет жасап,ажырата алды. Елбасы саясатын қолдайтындықтарын жеткізе білді.

Түйеге нағыз көшбасшыларды анықтап мінгізе білді.

Топ басшылары 2 жұлдыз, 1 пікірді әр тапсырма сайын нақты жеткізіп отырды. 

Не сәтсіз өтті?

«Көш керуен» ойынын шығармашылық жұмыстың алдында жоспарлауым керек еді, бұл оқушыға шабыт берер еді.Осы жерден С оқушысын көре алмай қалдым.

Жеке оқушы өзін бағалағанда 1 оқушым атын жазып, қоқыс жәшігіне салып жіберіпті.

Қоқыс жәшігі, ет тартқыш, қол сөмке суреттері.

 

 

Қысқа мерзімді сабақ жоспары:  

Тексерілді:----------------------------------

Пәні: информатика                                                            Сыныбы: 6б                                                              Мерзімі:02.12.2015ж

                                                          

Сабақ тақырыбы

Модель және модельдеу

Сілтеме

А) Электрондық оқулық; Б) Power Point программасында  слайдтар;       

С) Флипчарт;  Д) ғаламтор желісінен алынған ақпараттар.

Мақсаттар

Модель ұғымын, модельдеуді және модельдеудің кезеңдерін үйренеді.

Міндеттері

 

Оқыту  нәтижелері

Модельді, модельдеуді және модельдеудің кезеңдерін үйренеді, модельге тақырып бере отырып жоспар жасап және модельді компьютерде салып, оны қорғайды.

 

Мұғалімнің жазбалары

 

Ұйымдастыру

«Досқа тілек»    тренинг                                                                                                                                  

4 минут                                                                                                                                                                                                  

Үй тап.тексеру

Ақпарат диктант                                                                                                                                                                   

3 минут                

 

Керекті жабдықтар

Оқытудағы қолданылатын модульдер

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Уақыт

Білу

Компьютер,

Слайдтар.

Оқулық.

Сыни тұрғыдан

 ойлауға үйрету

 

 

 

 

 

 

 

-Күнделікті тұрмыста өздеріңе кездесетін қандай нысандарды білесіңдер?

 (машина, парта, сандық т.б)

-Осы нысандардың біз күнделікті сырытқы бейнесін  көреміз.

Нысандардың сырытқы көзімізге көрінетін бейнесін модель деп атайды.

Ендеше біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:

«Модель және модельдеу »

Модель-нақты нысанды, құбылысты немесе үдірісті қарапайым етіп түсіндіру

 

Модельдеу-нысандарды үдірістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру.

Сабақ барысында өмірмен байланысқан сұрақтарға жауап беру

2,5 минут

Түсіну

 

(Мағынаны тану)

 

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

-Неліктен нақты нысандарды, үдірістерді, құбылыстарды тікелей зерттемей модель құрып, модельдеу жүргізіледі?

Біріншіден, нақты уақыт барысында түпнұсқа болмауы мүмкін немесе мүлдем табиғатта жоқ болуы мүмкін.

Екіншіден, түпнұсқа көптеген қасиетке және өзара байланыстарға ие болуы мүмкін, ал бізді тек жеке бөлігі ғана қызықтыруы мүмкін. Сондықтан өзімізге керекті қасиетті зерттеу үшін қажетсіз қасиеттерді ескермеген жөн.

Модельдеу кезеңінде алдымен нысанның немесе қандайда бір үдірістің қасиеттерін біліп қана қоймай,  модельдеу кезеңдерін жоспарлау қажет.

Модельдеу кезеңдері

Модельдеудің барлық кезеңдері мақсатқа және есептің қойылуына байланысты анықталады.

Модельдеу кезеңдері

 

Нәтеже мақсатқа          нәтиже мақсатқа

сәйкес келеді                сәйкес келмейді

 

 

Жаңа  сабақ  бойынша  алып отырған ақпараттарды үлгеріп, дәптерге жазып отыру, түртіп отыру. Түсінбегенін дер кезінде сұрау

 

 

 

2,5 минут

Қолдану

 

Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникация-лық  технологиялар-ды пайдалану.

(АКТ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқуды басқару және көшбасшылық

Талантты және дарынды балаларды оқыту

 

Ұстанымымыз: «Біздің еңбек сүйгіштігіміз біздің екінші құнды жемісіміз болып табылады»

Н.Ә.Назарбаев

 

 

Жекелеме жұмыс: Модельге ат қою

 

 

Жұптық жұмыс: Екі оқушы бірлесе отырып модельдеу кезеңдеріне сүйеніп жоспар құру

 

 

Жекелеме жұмыс: Модельді программада бейнелеу

 

Жұптық жұмыс: екі оқушы бірлесіп дайын модельді қорғау

Әр оқушы жеке-жеке компьютерлерге отырып тапсырмалар орындайды

 

 

 

 

Әр оқушы өзінің оң жағындағы оқушымен жұп болып тапсырманы орындауға кіріседі

 

17

минут

Талдау

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұстанымымыз: «Білімді өзің үшін емес, өзге үшін үйрен»      Әл-Фараби

 

Сабақты бекіту:«Жеті керемет»  жаңа сабақта алған білімдерін қорытындылау

 

Оқушылардың білімін тереңдету

5

минут

Жинақтау

 

Кері  байланыс

Мен не білдім, не үйрендім, не үйренгім келеді

Сұраққа жауап беру

5 минут

Бағалау

 

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Оқушыларға берілген бағалау критерилеріне өздік бағалау жұмысы балмен, негізгі бағалау шкалаға қарай отырып бағамен қойылады.

Тақырып бойынша қойылатын қосымша  сұрақтарға  жауап  береді.

5 минут

Үйге  тапсырма

 

 

Кітаптағы №77 беттегі тәжірибелік жұмыс

Деңгейлік тапсырма:

Күнделіктеріне  үй

тапсырмасын жазады

1

минут

 

 

 

 

Математика

Уақыты:22.01.16

Кабинет:214

Мұғалім:Алимжанова К.Ж.

Сабақтың тақырыбы

Сыйымдылық және көлем.

Сілтеме

Математика   оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шыншылдыққа, өз бетінше жұмыс істей білуге  тәрбиелеу.

Білімділік:   Куб және  оның  көлемі‚  кубтың  көлемін  табуды  үйрету.. Куб ұғымын пысықтау. Көлем, тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі, куб сантиметр ұғымдарымен оқушыларды таныстыру.

Дамытушылық:  Ой - өрістерін кеңейту, математикалық тілдерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқыту әдістері: түсіндіру, тапсырмалар орындау, сұрақ –жауап.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электрондық оқулық,фигуралар,кеспе карточкалар,дидактикалық ойындар,сыйымдылық 

ыдыстары,тест тапсырмалары

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер  үлестіріледі.

Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа  бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар, бір – біріңе қарап  жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар.

Күн жарығын алақанға саламын.

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

 

Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау

 

Көбейту кестесін еске түсіру

-Көркем жазу минуты.

572,672 санын жазыңдар.

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

Жаңа сабақ

  1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

Көлемнің өлшем бірліктерін есіңе түсір.

Кестеден геометриялық денелердің атауын оқыңдар. Артық сөзді тап. (параллелепипед, текше, шаршы. Артық сөз: шаршы. Өйткені шаршы – жазық фигура, ал қалғандары – көлемді денелер). Қандай фигуралардың көлемін есептеуге болады.

           Мұғалім артық фигураны табуды ұсынады. Тақтаға сурет ілінеді. Текшенің неге артық екенін дәлелдейді (барлық фигуралар жазық, ал текше – көлемді)

 

 

 

 

 

«Көлем» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Көлемдері әр түрлі қораптарды алып, олардың көлем жағынан үлкен, кіші екендігін салыстыру.

1 см3  = 1 000мм3

1 дм3  = 1 000см3

1 м3= 1 000дм3

1 дм3  = 1 000 000 мм3

1 м3= 1 000 000см3

1 л су= 1дм3

 

 

 

 

 

Түсіндірме  мәтіндермен  жұмыс.  1, 2, 3–тапсырмалар.

 

                           Бұл  текше(куб).  Оның 8  төбесі бар.  Төбелерді  қосатын  кесінділерді  қыры

                           деп  атайды.  Текшенің  8  қыры  бар.  Текшенің  6  жағы  бар.  Сана.

                           

                          

Биіктігі – 2 см

Ені – 2 см

Ұзындығы – 2 см

V=2 × 2 × 2 = 8 (см )

 

Текшенің  көлемін  табу  үшін  оның  қырын  көбейткіш  ретінде  үш  рет  алып‚  көбейтіндінің  мәнін  табу  керек.

 

Текшенің  әр  жағының  ауданын  табуға  болады.

   Қыры  3  см  болатын  текшенің  бір  жағының 

ауданы  – 3×3=9 (см )

Текшенің  көлемі – 3×3×3=27 (см)

Текшенің көлемін табуға болады. Оның үш өлшемі бар. Мұнда көлемді табу жайлы түсінік беріледі.

Келесіні оқушылар өздері орындайды.

Тақырып толық түсіндірілген соң, электрондық оқулықтағы тапсырмалар ретімен орындалады, әр тапсырма  сол мезетте тексеріліп отырады.

1 тапсырма: Тапсырманы тыңдайды, 1 оқушы шығып, тышқан тетігін пайдаланып сызғышпен фигураның өлшемдерін өлшейді. клавиатураны пайдаланып, орындайды.

 

Орындаған жұмыс тексеріледі.

2 тапсырма: 1 тапсырмадағыдай орындалады

Әр топ оқушыларына текше таратылып,қабырғаларын өлшеп көлемін табу

Беріледі.(бір-бірін өзара тексеру)

 

+ Р ? – S

+ ) см Р :

123        +? --???

[   х   - 5 )

Балалар карточкаға 5 секунд қарап, жатқа математикалық символдарды ретімен жазып шығу керек.

  1.  

 

  1. Метрмен нені өлшейміз? 1 дм неше см бар? 1 м неше дм бар? 1 м неше см бар?
  2. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

  1). – Мына сандар қатарының қандай рет тәртібін енгізу керек? Мұндағы      «артық» сандар қайсысы және олар неге «артық»?

     10, 20, 30, 40, 55, 60.   (55 – дөңгелек сан емес)

     1, 7, 14,21,27. (1саны  7-ге бөлінбейді)

     12, 23, 341, 48, 55, 67, 76.  (341 – үш таңбалы сан)

      24, 11, 13, 15, 17, 19, 19, 12. (24 – екі ондық бар)

           № 1.карточка

     750 + 105 = 855            900 – 130 = 770                        910 + 55 = 965

     230 + 220 = 450            800 – 450 = 350                        250 + 550 = 800 т.с.с.

   № 2. Карточка

       Х*100=900                х:7= 100          600:х =6                  600:х=2

      Оқулықпен жұмыс

      Ітоп  №5 Есептер құрастыр және шығар

100литрден-5ыдыс

Қалғаны-200литр

Сатылғаны-? Литр

Шешуі:

Жауабы:

ІІтоп №5 (2) есепті шығару

ІІІ-ІV-топқа жекелей тапсырмалар ,суретке қарап есептер құрастыру

Электронды оқулық тапсырмаларын интерактивті тақтада орындау

V-1000м         А-3дм

В-2м               В-2дм

С-10м             С-4дм

А-?м               V-?дм

Сергіту сәті

Музыка ырғағы

мен қимылды би

 Мұз айдында жеті бала.  Асыр сап жүр сырғанап.  Сырғанамай екі бала.  Жағалауда тұр қарап.  Енді осы бар баланың  Санын айтсаң –жарадың! 

Ой толғаныс

Айырманы салыстыру  1.Гүлзарда 5 раушангүл және 7 інжугүл өсіп тұр. Інжугүл раушангүлден нешеге артық?  2. Маратта 8 дәптер, Жанатта 5 дәптер бар.Маратта неше дәптер кем?  3. Тиін 6 алма, ал кірпі 3 алма теріп алды.Тиін кірпіге қарағанда неше алма артық жинап алды?  4.Айнұрда 9 текше, Балнұрда 7 текше бар.Балнұрда неше текше кем? 

Логикалық тапсырма

Ләззат, Ғалия және Нағима әр үйде тұрады. №1-биік және тастан, №2 үй биік және ағаштан, №3 үй аласа тастан салынған. Егер Ғалия мен Нағима биік үйде, Ал Нағима мен Ләззат тастан салынған үйлерде тұрса, кім қай үйде тұрады?

Тест жұмысы Қай фигураның ауданы болады? а) дөңгелек ә) шаршы б) қисық сызық 2. Қалдық неден кем болуы тиіс? а) бөлінгіш ә) бөлгіш б) бөлінді 3. Теңдеудің шешуін тап: х*9=9009 а) 1001 ә) 3003 б) 1000 4. Қабырғалары 4дм және 8дм болатын тік төртбұрыштың периметрін тап: а) 24дм ә) 26дм б) 32дм

Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Саған қайсы тапсырма қиын болды?

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Бағалау парақшасын толтырады

 

 

3 сынып

Математика                       Сабақ  №  106  

Мұғалім:

  

Сабақтың   тақырыбы:   Көлем  бірлігі – куб сантиметр. Сыйымдылық бірлігі  – литр

Сабақтың   мақсаты:   

Білімділік                        Куб және  оның  көлемі‚  кубтың  көлемін  табуды  үйрету..

Дамытушылық:          Есепті  шығару  және  түрлендіру,  ауызша  және  жазбаша  есептеу дағдыларын  дамыту.

Тәрбиелік:                      Балаларды  білімділікке,  адамгершілікке,  жолдастық  қарым-

                                        қатынасқа    тәрбиелеу.

Сабақтың   типі:            Пысықтау   сабағы.

Сабақтың  түрі:              Аралас  сабақ.

Әдіс-тәсілдері:            Түсіндіру,  сұрақ-жауап, көрнекілік  көрсету  арқылы  түсіндіру,жарыс.

Көрнекілік:                    Көбейту   кестесі.

Жоспар:

І.       Ұйымдастыру  кезеңі

ІІ.      Үй  тапсырмасымен  тексеру

ІІІ.     Өтілген  сабақты пысықтау.

ІҮ.     Қорытындылау, бағалау.

Ү.     Үйге  тапсырма.

 

Сабақтың   барысы:

 Ұйымдастыру  кезеңі: а)     Сәлемдесу ,   оқушыларды   түгендеу.  

                                           ә)     Сабаққа  әзірлігін  тексеру,  оқу  құралдарын дайындау.

Үй   тапсырмасын   тексеру: 

Оқушылардың  білімді  белсенді  меңгеруге  дайындау  кезеңі.

Жаңа  сабақ.

Сабақ  мақсатымен  таныстыру.

Түсіндірме  мәтіндермен  жұмыс.  1, 2, 3–тапсырмалар.

 

                           Бұл  текше(куб).  Оның 8  төбесі бар.  Төбелерді  қосатын  кесінділерді  қыры

                           деп  атайды.  Текшенің  8  қыры  бар.  Текшенің  6  жағы  бар.  Сана.

 

 

 

                           

                           

 

 

Биіктігі – 2 см

Ені – 2 см

Ұзындығы – 2 см

V=2 × 2 × 2 = 8 (см )

 

 

Текшенің  көлемін  табу  үшін  оның  қырын  көбейткіш  ретінде  үш  рет  алып‚  көбейтіндінің  мәнін  табу  керек.

 

  Текшенің  әр  жағының  ауданын  табуға  болады.

   Қыры  3  см  болатын  текшенің  бір  жағының 

ауданы  – 3×3=9 (см )

Текшенің  көлемі – 3×3×3=27 (см)

 

 

 4 тапсырманы  орындау.

Егер  текшенің  қырының  ұзындығы  а–ға  тең  болса,  онда  оның  көлемі  а 3    –қа  тең  болады

 

 

 

 

5,6,7–тапсырмаларды  орындау.

  1. Есептерді  шығару. 

9:  (6:2)= 3

Ж: 9 тонна тас  3  террасаға  жетеді.

 

 

Барлығы – 8 кг–нан  12  жәшік

Сатылды– 32 кг  жүзім

Қалды – ? кг                            ? есе  артық

12×8 –32=64 (кг) – қалды

64:32=2

Ж:

 

13, 14–тапсырмаларды  орындау.

 

 

 

 

Сабақты  қорыту:  Біз  не  білдік?  Талқылау.

Оқушы  білімі  мен  белсенділігін  бағалау.

Үйге  тапсырма:    11,  12–тапсырма‚  Шығ. тапсырма. 

140 санын  10 есе  арттыр. 

А) 400              В) 40                        С) 350                    Д) 410

2) 2-ші  кластың  8  бірлігі  және  бірінші  кластың  600  бірлігі. 

А) 7200             В) 8600                    С) 8000                Д) 8500

3) 6 цифрымен  аяқталатын  сан  берілген .  Ол  194-тен  үлкен,  ал  205-тен  кіші. 

А) 195               В) 190                    С) 196                  Д) 200

4) Санды  цифрмен жаз.     Алты жүз  он  екі  мың төрт жүз  қырық  бес.

А) 604546                  В) 612600        С) 600446                  Д) 612445

5) Амалды  орында:   6508+(3400-20655:85)

А) 9665                  В) 9600             С) 9250                        Д) 8747

6) Минутпен  өрнекте:  1 тәулік  6 сағат  9минут

А) 1802мин           В) 1809 мин               С) 1720 мин              Д) 1800 мин

7)  3 сағаттың  алтыдан  бір  бөлігі  нешеге  тең?

А) 34                         В) 42                    С) 30                       Д) 25 

8) 3  метрде  неше  сантиметр бар?

А) 250 см                    В) 320 см                     С) 240 см                     Д) 300 см

9) Теңсіздіктің   тура  болатын  мәнін  тап:  24 +         35

А) 6                          В)  1                      С) 0                          Д) 10

10) Бөліндінің  мәнін  тап:  936624:312

А) 3002                     В) 3000                         С) 2500              Д) 3016

11) Теңдеуді  шеш:  67343-х=6309:9

А) 60548                              В) 66642                      С) 66740                 Д) 7880

12) Дұрыс құрылған  теңдеуді  анықта.  124 пен белгісіз  санның  айырмасы  28 бен 34-ң   қосындысына  тең.

А) 124 – х = 28 + 34      В) 124 – х = 28+30     С) 120+х=20+30            Д) 124-х=24-20

13) Өрнектің  мәнін тап:  32-23+105

А) 100                          В) 103                          С) 210                     Д) 106

14) Қанат  6 секундта  30м   жүгірді. Ол  қандай  жылдамдық пен    жүгірген. 

А) 6 м/сек                    В) 7 м/сек                      С) 5м/сек                   Д) 8 м/сек

15/)Ара  қашықтығы  240  км    қаладан    жеңіл  машина  шықты.  Оның жылдамдығы 80км/сағ.  Олар  қанша  уақыт  жолда жүреді?

А) 2 сағ                        В) 4 сағ                  С) 3 сағ                    Д) 7 сағ

16) Ауылда  бір  күнде  1200 кг  жүзім  жиналды.  Оның  200 кгөздеріне  қалдырып,   қалғанын  әрқайсысына  10 кг  салып,  жәшіктермен  қалаға  жіберді.  Қалаға  қанша  жәшік  жүзім  жіберілген?

А) 10                         В) 100                        С) 9                         Д) 12

Саған қайсы тапсырма қиын болды?