Меню KDT
МЕНЮ

Астана қаласы әкімдігінің "№73 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

  


 

Қабылдау бөлімінің жұмыс уақыты
Дүйсенбі  9:00-18:00
Сейсенбі  9:00-18:00
Сәрсенбі  9:00-18:00
Бейсенбі  9:00-18:00
Жұма 9:00-18:00


Үзіліс 13:00-14:00
 
Мектеп директорының жеке қабылдау кестесі
 
Сәрсенбі
9:00 ден 18:00 ге дейін





Мектеп директоры
Калтаева Гүлшат Заитқызы

Психологқа сұрақ

Фото көрме

Видео көрме

Хабарландыру



Ауа райы

Статистика

  • Осы айда393
  • Осы аптада91
  • Кеше14
  • Бүгін6
  • Желіде:0

Сауалнама

Оцените школьный сайт

Дауыс беру


                                   Мектеп жанындағы "Күншуақ" жазғы лагері
4-маусым күні №73 мектеп – лицей жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өткізілді. «Күншуақ» лагеріне 200 бала, 1 аз қамтылған отбасының баласы қамтылды. Ашылу салтанатында балалардың сүйікті ертегілерінің кейіпкерлері «Леди Баг пен Супер Кот» келіп көңіл-күйлерін көтерді.
 
 

Ашылу салтанатынан кейін «Мемелекеттік рәміздер ұлттық мақтанышым» тақырыбында мемлекеттік рәміздерді ұлықтау мақсатында оқушыларға  бейнеролик көрсетілді. «Күншуақ» лагерінің тәрбиешілері мен тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына орай «Менің сүйікті қалам» атты асфальтта сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша І орынды «Stars», ІІ орынды «Қарлығаш», ІІІ «Балапан» тобы иеленді.

         Екінші күн – «SMILE DAY». Әдеттегідей таңғы жаттығу мен таңғы астан кейін «Керуен» ойын-сауық орталығына барып «Пчелка и Мая» мултьфильм көріп қайттық.

  
Үшінші күн – «FUNNY HOLIDAY». Бұл күні балалармен бірге «Аружан» ойын-сауық орталығына саяхат жасадық. Балалар кіші топтарға бөлініп, 2 сағаттық бағдарламаны тамашалады. Бағдарлама ішінде барлық аттракциондар және ойын автоматтары мен 5Д кинотеатр, сонымен қатар, би залында флешмоб ұйымдастырылды.
 
 

Төртінші күн – «Достық күні». Бұл күні әр топ тәрбиешілері мен тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен «Интеллектум» интеллектуалдық ойындарын ұйымдастырылды. Сонымен қатар, технология пәнінің мұғалімі Манат Құрмансия қыздарға қолөнерден шеберлік сағатын өткізсе, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шаханов Сабитбек ұлдар арасында футбол ұйымдастырды. Бұл күннің қорытындысы ретінде топ жиналысында  белсене қатысқан топтар мен ерекше көзге түскен оқушылар марапатталды.

   
    

Бесінші күн - Оқушылар сарайындағы «Интерактивті паркке» саяхат жасадық. Саяхаттау барысында ең алдымен балаларға флешмоб ұйымдастырылды. Көңілді флешмобтан соң балаларға арналған сахналық қойылым мен сиқырлы фокус көрсетілді.

  
Алтыншы күн – «Табиғат күні». Бұл күні оқушылармен бірге «Пирамида» жанындағы саябақта таза ауадағы спорттық жарыстар және топтар арасында флешмобтан жарыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде «Sunshine» тобы бас жүлдені, «Flowers» тобы І орын және «Қарлығаш тобы ІІ орынды иеленді.

  
  

Жетінші күні – мектебімізге жылжымалы кинотеатр келіп «Коко тайна» атты мултьфильм көрсетті. Мағынасы терең бұл мултьфильм оқушыларға терең ой салды.

 

Сегізінші күні – «Sport day». Бұл күні ағылшын тілі мамандарының ұйымдастыруымен «Brain ring» интеллектуалдық сайысы  өткізілді. Сонымен қатар дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шаханов Сабитбек эстафеталық жарыс ұйымдастырды. Нәтижесінде І орынды «Sunshine» тобы, ІІ орынды  «Maximum» тобы, ІІІ орынды  «Flowers» тобы иеленді.

 
 

Тоғызыншы күн – «Health day». Бұл күні «Тұлпар» спорттық орталығына барып эскурсия жасап, атқа отырып қайттық.

        
 

Оныншы күні – «Fanny holiday». Бұл күні балалармен «Пирамида» жанындағы саябаққа саяхат жасадық. Саяхаттау барысында лагердің салтанатты жабылуы өткізілді. Жабылуы салтанаты кезінде ән айтылып, флешмоб ұйымдастырылды. Лагерь кезінде ұйымдастырылған түрлі іс-шараларға белсенділік танытқан топтар мақтау қағазымен марапатталды.