Өзін – өзі басқару күні
Өзін – өзі басқару күні
Өткен оқу жылынан бері мектебімізде Ұстаздар күніне орай «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Өзін – өзі басқару» күні өткізіліп келеді. Биылғы оқу жылында да Жоғары сынып оқушылары мереке күнінде төменгі сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарынан құралған 12 «А» және 12 «Ә» - сыныптарына арнап, сабақ өткізді. Мектеп директорынан бастап, сынып жетекші, пән мұғалімдерінің қызметтерін атқарған жас ұландықтар бұл күні ерекше белсенділік танытты. Сабақтардың өткізілуі сарапқа салынып, нәтижесінде 12 «А» - сыныбына «Өзін – өзі тану» пәні бойынша «Балалық шаққа саяхат» тақырыбында өткізілген 10 «А» - сыныбының үздік оқушысы Дүйсенов Ғасырханның сабағы үздік деп танылды.
Өзін – өзі басқару күнінде оқушылар ұстаздықтың қандай қиын мамандық екенін түсінсе, ұстаздар қауымы «45 жыл ұстаздық етсең де, 45 минуттық сабағыңа дайындалып кір» деген ұлағатты сөздің мәніне толық көз жеткізгендей болды. Ең бастысы, бұл күн шәкірттің де, мұғалімнің де көңілінен шыққан керемет күн болды.