Елбасы жолдауын шәкірттер қолдайды
Елбасы жолдауын шәкірттер қолдайды
Биылғы жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа кезекті жолдауын жолдады. Биылғы жолдау «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» деп аталды.Жолдауға қолдау танытқан біздің мектебіміздің тарих пәні бірлестігі 7 – 8 – 9 – 10 сынып оқушыларымен бірге жолдаудың басым бағыттарын, онда айтылған мәселелерді талқылауға арналған жиын өткізді. Аталмыш жиында Елбасы жолдауынан үзінді көрсетілді. Тарих пәнінің мұғалімі Бұхарбай Маниға Маханқызы сөз алып, жолдауда айтылған қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялық саясаттың негіздері, жаңа әлеуметтік саясат жөнінде оқушыларға тереңірек түсіндіріп, жан – жақты талдап, мәліметтер келтірді. 10 «а» сыныбының оқушысы Мұратбекова Аяулым және 5 «б» сыныбының оқушысы Қалбиат Аман жолдауға байланысты өз ойларын білдіріп, барша шәкірттерді қолдауға шақырды.
Қашан да көрегенді саясатымен көш бастап келе жатқан Елбасымыз ды біз де қолдаймыз! Еліміз келешекке нық қадам басуына себепкер болатын мәнді де мағыналы, нақты іске бастайтын жолдау халыққа жетті. Ендеше, іске сәт! Халқымыз жасай берсін, Тәуелсіздігіміздің туы көкте самғай берсін
Просмотров: 748