Бүгінгі оқушы – ертеңгі көшбасшы
Бүгінгі оқушы – ертеңгі көшбасшы
1 желтоқсан – тұңғыш Президент күніне орай мектебімізде «Бүгінгі оқушы – ертеңгі көшбасшы» тақырыбында «Жас Ұлан» бірыңғай республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымы республикалық штабының қызметкері Аманжолов Бекарыстанның қатысуымен тренинг өткізілді.
Тренингте оқушыларға болашақ көшбасшы қандай болу керек, көшбасшыға тән қасиеттер мен сипаттар туралы қызықты мәліметтер айтылды.
Ал оқушылар тарапынан «Астананы қалай көркейтеміз, Астанадағы 14 – 18 жас аралығындағы оқушыларға не керек?» деген сауалға жауап ізделініп, өз ойларын ортаға салды.
Қандай көшбасшы болмасын, өзі жұмыс атқаратын ортаның мықты үйлестірушісі, сөзге шешен бола білу керек. Міне, аталған тренинг барысында көптеген оқушылардың көшбасшылық қасиеттері байқалды. Ең бастысы, тренинг барысында оқушылар «әрбір адам көшбасшы болуға лайық» екенін түсініп қайтты.