Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні барлық қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні. Тәуелсіздік пен бостандықтың игі мұраттарынан баянды етіп,өркениетті елдерге тән қадамдар жасауда, ел алдындағы саясаткерлік,қайраткерлік, азаматтық және перзенттік парызын адал орындап, әлемдік беделге ие болған.
Иә, Елбасымыздың саясаттағы ойып тұрып алатын орны туралы әрбір азамат біледі. Себебі, біздің елбасымыз – елі сүйген, елін сүйген елбасы. Мектебімізде 1 желтоқсан – тұңғыш Президент күніне орай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрмашев Алмастың қатысуымен мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кештің өзіндік ерекшелігі сол, Елбасының өнерді ерекше бағалайтын, өнерді ерекше сүйетін жан екендігі көрсетілді. Мерекелік кеште Елбасы сөзіне жазылған әндер, өзі сүйіп тыңдайтын әндер және Елбасыға арналған әндер, атап айтсақ, «Көзімнің қарасы», «Беу, айдай!, «Елім менің», «Жұлдызым», «Нұр – аға» әндері орындалды. Елбасына деген құрметі шексіз әрбір шәкірттің бойында «сол кісідей болсам» деген асқақ арман ұялатқан тағылымды, әсерлі кеш болды.