Алғыс айту күні.
Алғыс айту күні.
2016 жылы 29 ақпанда №73 мектеп-лицейде өткен « Татулықтың туын тіккен –Қазақ елі» атты кездесу туралы ақпарат.
2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Осы атаулы мерекеге байланысты №73 мектеп-лицейде «Татулықтың туын тіккен –Қазақ елі» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу-сұхбаттасу кешіне Қазақстан Халық Ассамблеясының мұшелері қонаққа шақырылды. Атап айтқанда , Шарипов Хасан Халматұлы –Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары ,өзбек ұлтының өкілі, Пириев Аскер –Түрік мәдени орталығының төрағасы,түрік үлтының өкілі, Ирина Тен-«Қазақстан телеарнасының тележүргізушісі, корей ұлтының өкілі.
Оқушылармен емін-еркін сұхбаттасу алаңында қонақтар өздері туралы , достық, ынтымақтастық жайында салмақты ой қозғады. Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын айтты. Өздері де сол ұлттың ұрпақтары екендігін әсерлі естеліктерді қазақша әңгімелеу арқылы жеткізді. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру барысында, қазақ халқының байлығын, қонақжай жомарттығын, адамгершілік қасиеттеріне зор ризашылықтарын білдірді. Ирина Тен қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтің жырларынан өлең оқып, құрмет көрсетті.