Меню KDT
МЕНЮ

Астана қаласы әкімдігінің "№73 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

  


 

Қабылдау бөлімінің жұмыс уақыты
Дүйсенбі  9:00-18:00
Сейсенбі  9:00-18:00
Сәрсенбі  9:00-18:00
Бейсенбі  9:00-18:00
Жұма 9:00-18:00


Үзіліс 13:00-14:00
 
Мектеп директорының жеке қабылдау кестесі
 
Сәрсенбі
9:00 ден 18:00 ге дейін





Мектеп директоры
Калтаева Гүлшат Заитқызы

Психологқа сұрақ

Фото көрме

Видео көрме

Хабарландыру



Ауа райы

Статистика

  • Осы айда285
  • Осы аптада43
  • Кеше7
  • Бүгін2
  • Желіде:0

Сауалнама

Оцените школьный сайт

Дауыс беру

"Бір сынып - бір жанұя"

Бір сынып – бір жанұя

 

         Мектебімізде «Бір сынып – бір жанұя» атты ауқымды іс – шара қолға алынуда. Бұл іс – шараның мақсаты – мектеп пен ата – ана, оқушы арасындағы байланысты одан әрі бекіте түсу, сыйластықта, достықта болуға шақыру. Ақпан айының 5 – і күні 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б» сыныптарының ата – аналары, балаларымен бірге мектеп ауласының қарын күреуге шақырылды.

         Таза ауада, ашық аспан аясында қар тазалауға әкелер мен ұлдары құлшыныспен кірісті. Қар күреп жүріп, шаршаған уақытта ұлдарын күрекке отырғызып алып, өзара жарысып та алды.

         Ал аналар болса, қыздарымен бірге ер – азаматтарға арнап, ашық аспан аясында дастархан дайындады. Қызу еңбектен келген ұлдар мен әкелерге ыстық шай мен тәтті – дәмділерін ұсынды. Асқар таудай әкелеріміз дастархан басында да жай отырмай, бауырсақ жеуден сайысты. Қыздар мен аналар аққала жасап, селфи жасауды да естерінен шығарған жоқ.

         Бұл керемет іс – шара барысында ата – аналар мен ұстаздар, балалардың бір – біріне деген сыйластығы, достық көңілі бұрынғыдан да арта түсті. Ата – аналар тарапынан мектеп ұжымына алғыстар айтылды. Қар күреу мен басқа да сайыстар нәтижесі бойынша, Бекбарова Қалданай Нүридинқызы жетекшілік ететін 8 «Ә» сыныбы І орынды, Абраева Бақыт Алимбаевна жетекшілік ететін 8 «Б» сыныбы ІІ орынды, Сүлейменова Дания Жаксыбаевна жетекшілік ететін 8 «А» сыныбы ІІІ орынды иеленді.



Сыртта қар күреліп, дастархан жайылып, мәре – сәре боп жатса, мектептің спорт залында 7 – сыныптар арасында «Көңілді мәре» атты спорттық жарыс өтті. Әр түрлі эстафеталық ойындардан болған сайыста пән мұғалімдері, ата – аналар, оқушылар командаға бөлініп, сайысты. Нәтижесінде Таналиева Гүлжан Нұрмағамбетқызы жетекшілік ететін 7 «Ә» сыныбы І орынды, Баймаганова Балмекен Кабжановна жетекшілік ететін       7 «Б» сыныбы ІІ орынды, Мамадиярова Гүлзира Батырханқызы жетекшілік ететін 7 «А» сыныбы ІІІ орынды иеленді.




 


Просмотров: 824

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь