"Айтатын саған сырым бұл..."
Айтатын саған сырым бұл...
Мектебімізде осындай атпен қазақтың таңғажайып ақыны, өлең өнерінің биік шыңын бағындырып, халық жадында мәңгіге сақталған дарынымыз Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби – сазды кеш өтті.
Әдеби – сазды кеш барысында Мұқағалидың: «Сезім», «Қызық өмір», «Өмір дейтін...», «Поэзия», «Біздер жетімдерміз», «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев», «Қара өлең», «Тілектеске», «Жоқ, дәрігер», т.б. өлеңдері оқылды. Мұқағалидың сөзіне жазылған «Бала ғашық», «Айтатын саған сырым бұл», «Сенің көзің», «Есіңе мені алғайсың» әндері орындалды.
Қаламы қарымды, өлең жазуға талаптанып жүрген дарынды шәкірттеріміз ақынға арнаған жүрекжарды өлеңдерін оқыды.
Мектеп директоры Құралай Амангелдіқызы әдеби – сазды кешке қатысып, өлеңге құмар шәкірттерге ризашылығын білдірді. Әсіресе, Мұқағалидың «Қара өлеңін» мәнеріне келтіре оқыған 1 – сынып оқушысы Аманбеков Мадияр көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.
Бұл әдеби – сазды кешке 9 «А», 10 «Ә», 11 «А», 6 «Г», 4 «А», 7 «Б», 9 «Б» сыныбының оқушылары белсене атсалысты.