Наурыз мейрамы қарсанында қайырымдылық шаралары өткізілді.
Наурыз мейрамы қарсанында қайырымдылық шаралары өткізілді.
Наурыз береке-бірліктің, қайырымдылықтың, кешірімнің мейрамы. Ата-бабаларымыз бұл мейрам кезінде жарлы-жақыбайға қайырымдылық жасауды да ұмытпаған. Қазақтың байлары «шүлен тарату» дәстүрін жасап, кедей-кепшікке мал-мүлік, бұйым үлестіріп, тегін ас таратқан. Бұл халқымыздың жомарттығының көрінісі саналатын дәстүр.
Осыған орай, Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 18 наурыз күні мектебіміздің асхана басшысы Бекбулатова Гульмира Мергеновна және бас есепшісі Жаканова Акмарал Серикханқызының бастамасымен «МИЛАТСИ» ЖСШ-нің атынан мектебімізде оқитын патронатты тәрбиедегі, ата-ана қамқорлығынан айырылған, аз қамтылған отбасылар және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, көмектер көрсетілді және оқушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады.
Наурыз мейрамы қарсаңында аталмыш шаралар ата-баба дәстүрін ұлықтап, ел бірлігін бекемдеуге септігін тигізеді. Қоғамымызда мейірім мен шапағаттың, адамгершілік пен ізгіліктің үстем болуына үндейді.