Меню KDT
МЕНЮ

Астана қаласы әкімдігінің "№73 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

  


 

Қабылдау бөлімінің жұмыс уақыты
Дүйсенбі  9:00-18:00
Сейсенбі  9:00-18:00
Сәрсенбі  9:00-18:00
Бейсенбі  9:00-18:00
Жұма 9:00-18:00


Үзіліс 13:00-14:00
 
Мектеп директорының жеке қабылдау кестесі
 
Сәрсенбі
9:00 ден 18:00 ге дейін





Мектеп директоры
Калтаева Гүлшат Заитқызы

Психологқа сұрақ

Фото көрме

Видео көрме

Хабарландыру



Ауа райы

Статистика

  • Осы айда178
  • Осы аптада45
  • Кеше6
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Сауалнама

Оцените школьный сайт

Дауыс беру

«Ұлыс күннің шапағаты осындай»

«Ұлыс күннің шапағаты осындай» атты мектепішілік
Наурыз мерекесінің өткізілуі туралы қорытынды

         Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі мектебімізде жоғары деңгейде атап өтілді. Екі күнге созылған мерекелік іс – шара бастауыш, орта буын, жоғары сыныптар арасында ауыларалық сайыс деңгейінде ұйымдастырылды.

         Алғашқы күні Астана қалалық «Жастар» театрының ұйымдастыруымен 1 – 2 сынып оқушыларына арналып, «Армысың, әз Наурыз!» атты қойылым тамашаланды. Балалардың бұл қойылымнан алған әсері ерекше.

Наурыз тойы бастауыш сынып мұғалімдері Бапанова Гүлжан Кобландыевна және Тілеубай Индира Маратқызының ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар (3 – 4 сынып) арасында мерекелік кешке ұласты. Ауыл – ауылға бөлініп, ән айту, күй шерту, салт – дәстүрден көрініс көрсету кезеңдері бойынша сайысқа түскен ауылдар өте жоғары деңгейде наурыз мерекесін тойлады. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан, өнерлілер мен шеберлер ұйымдасқан Нурмаханова Нұргүл Алимбаевна жетекшілік ететін 4 «Ә» - сыныбының оқушылары мен ата – аналары бас жүлдені жеңіп алды.


Келесі күнгі Наурыз мерекесі 5 – 6 сыныптар арасында да ауылдардың байқауы ретінде жалғасын тапты. Әр хандыққа бөлінген ауылдардың Наурыз мерекесі Қыдыр атаның батасымен, әсем ән шашумен басталды. Ауылдар ән айту, күй шерту, салт – дәстүрден көрініс кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Нәтижесінде, үздік өнер көрсеткен ауылдар «Салт – дәстүрді сақтаған ауыл, «Өнерлілер ауылы», «бірлігі жарасқан ауыл» номинациялары бойынша марапатталып, өте жоғары деңгейде өнер көрсеткен 5 «А» - сыныбы І орынды иеленді.


Ал Жоғары буын сыныптары (7-8-9 – сыныптар) арасындағы Наурыз мерекесі бұдан да қызықты әрі тартысты өтті. Шарт бірдей, дегенмен, өнер көрсетуде жоғары сыныптар асқан шеберлік көрсетті. Ата – ана, оқушы, сынып жетекші бірлігінде өнер көрсеткен сыныптардың қойылымдары жоғары бағаланды. Ардагер – ұстаз Екатерина Жанғалиқызы бастап, қазылық еткен байқаудың қорытындысы бойынша, 7 «А» - сыныбы І орынды, 9 «А» - сыныбы ІІ орынды, 7 «Ә» - сыныбы ІІІ орынды иеленді.

Ұжымымызда Наурыз мерекесі осылай атап өтілді. Салт – дәстүрден көрініс көрсету, халық әндерін айту, күй шерту шарттары  өткенімізді жаңғырту, ұлттық өнерімізді дәріптеу мақсатында қойылған болатын. Ең бастысы, шәкірттердің бойына мерекені тойлау барысындаұлттық құндылықтарымызды сіңіре алдық деген ойдамыз.



Просмотров: 981

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь