Бақыттың көзі – еңбекте
Халқымызда «Бақыттың көзі – еңбекте» деген қанатты сөз бар. Сондай – ақ, «Еңбек ширатады, өмір үйретеді» деп те айтылады. Балаларды ғана емес, жалпы тұрғындарды еңбеке баулу, үйрету мақсатында қолға алынған сенбілік бүгін де қолға алынды. Ал оның тарихы тым әріде жатыр.Сенбілік — Кеңес өкіметі еңбекшілерінің өз еркімен ақысыз еңбек етуі, коммунистік шара. Алғашқы сенбілік 1919 жылы 12 сәуірде коммунистердің бастамасы бойынша пайда болды. Сенбілік жарыс түрінің біріне айналды. Мәскеуліктердің бұл көрсеткен бастамасын бүкіл ел еңбекшілері қайталады. Ал қазір сенбіліктер Тәуелсіз Қазақстанымызда да жалғасын табуда. Бүгінгі сенбінің сәтінде біздің №73 физика - техникалық лицей ұжымы да құрал - жабдықтарын жайлап, сенбілікке шықтық. Қызу еңбекке кіріспес бұрын дене қыздыру мақсатында "Волонтерлар" клубының белсенділері Анашова Айгерім мен Нагизханова Сарбиназдың бастамасымен флешмоб ұйымдастырды. Сәтімен жалғасқан сенбілік көңілді нотада аяқталды...
Просмотров: 800