Бос орындарға конкурс жариялаймыз!
ХАБАРЛАНДЫРУ!📢📢📢Астана қаласы әкімдігінің «№ 73 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК-сі:
🔹математика пәні мұғалімі уақытша(1 бірлік)
🔹математика пәні мұғалімі тұрақты(1 бірлік)
🔹бастауыш сынып пәні мұғалімі тұрақты (1 бірлік)
🔹бастауыш сынып мұғалімі тұрақты (1 бірлік)
🔹орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі тұрақты (1 бірлік)
🔹әлеуметтік педагог уақытша (1 бірлік)
🔹аға вожатый уақытша (1 бірлік)
🔹ұйымдастырушы педагог (1 бірлік)
бос орындарға конкурс жариялаймыз!
Хабарлама ЖАРИЯЛАНҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
📍Лицейдің мекенжайы:
📍Астана қаласы, А-191 көшесі, 2
✉️Эл.пошта: lyceum073@mail.ru
📞Байланыс телефоны: +7(717)298-61-22
Просмотров: 87