Меню KDT
МЕНЮ

Астана қаласы әкімдігінің "№73 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

  


 

Қабылдау бөлімінің жұмыс уақыты
Дүйсенбі  9:00-18:00
Сейсенбі  9:00-18:00
Сәрсенбі  9:00-18:00
Бейсенбі  9:00-18:00
Жұма 9:00-18:00


Үзіліс 13:00-14:00
 
Мектеп директорының жеке қабылдау кестесі
 
Сәрсенбі
9:00 ден 18:00 ге дейін





Мектеп директоры
Калтаева Гүлшат Заитқызы

Психологқа сұрақ

Фото көрме

Видео көрме

Хабарландыру



Ауа райы

Статистика

  • Осы айда358
  • Осы аптада81
  • Кеше12
  • Бүгін2
  • Желіде:2

Сауалнама

Оцените школьный сайт

Дауыс беру

введите текст

№73 мектеп-лицейде 2017-2018 оқу жылында атқарылған іс-шаралар есебі

Халықаралық Бакалавриат үздіксіз әрі сапалы білім алу мен шетелдің беделді  жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін ерекше білім беру жүйесімен әлемге әйгілі. Халықаралық Бакалавриаттың  тағы да бір абзал тұсы – тәлім мен тәрбиенің толассыз жалғасуы және  мақсатты оқыту мазмұнымен астасып жатуында. Халықаралық  Бакалавриат оқушылары күрделі сұрақтар қоюға, сын тұрғысынан  ойлауға, зерттеу дағдыларын дамытуға үйренеді, қоғамдық жұмыстардың белсенді қатысушысы болады.

   Халықаралық стандарттарға сай білім беру сапасын жетілдіру мен оптимизациялау мақсатында мектеп ұжымы авторизация алу үшін төмендегі жұмыс кезеңдерін жүзеге асырды:

  • 2018 жылдың 29 наурызында Астана қаласындағы 73 мектеп-лицей қызығушы мектеп үлгісі жіберілді  (school interested form).
  • 2018 жылдың 29 наурызында «кандидат-мектеп» мәртебесін алуға өтініш берді;
  • 2018 жылдың 26-28 сәуірінде алғашқы кіріспе семинардан өтіп келдік;
  • 2018 жылдың 1 маусымнан мектепке  «кандидат-мектеп» мәртебесі беріледі; қажетті нормативті құжаттар жасалуда.

Мектеп-лицейде бизнес инкубатор жұмысын бастау үшін алғашқы кездесу өткізілді. Бизнес инкубатор оқушылардың инновациялық жобаларын құру және дамыту үшін инфрақұрылымдық алаң болып табылады. Инкубатордың аумағында тұрақты болашаққа білім беру қызметі өтеді.Бизнес, жобалардың тұсаукесері, т.б..  жұмыстар жүзеге асырылады. Біз шығармашылық ойлауы бар балаларды асыға күтеміз, жаңа идеялар пайда болатынына сенім білдіреміз!

      2017-2018 оқу жылына арналған мектеп-лицей тақырыбы: «Сындарлы оқыту теориясы арқылы оқу-тәрбие үрдісі қызметін нәтижеге бағыттау»

Әдістемелік жұмыстың тақырыбы: «Сындарлы оқыту теориясының негізінде оқушыларға жаңаша деңгейде сапалы білім беру»

Мақсаты: Сындарлы оқыту теориясының негізінде зияткерлі тұлғадан рефлексиялы тұлғаға көшуіне жағдай жасау.

Міндеттері:

-         Сындарлы оқыту теориясын тиімді пайдалану;

-         Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету;

-         Оқушылардың белсенді әрекеттерін, бірлескен жұптық және топтық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру.

       Оқу үдерісіне жаңартылған білім мазмұны мен инновацияларды енгізу барысында туындайтын мәселелерді шешу үшін дәстүрлі тәсілдемелер жеткізіліксіз.

ДББҰ тәжірибесін мектеп-лицейімізде қолданысқа енгізу мақсатында:

► білім мазмұнын жаңарту, білім беру ортасын басқару және өзгерту бойынша білім беру ұйымының қызметін жетілдіруге бағытталған бірлескен шаралар әзірлеу мақсатында ДББҰ мен №73 мектеп-лицей арасында бірлескен қызмет туралы Шарт бекітілді;

► ДББҰ мен білім беру басқармасының білім мазмұнын жаңарту бойынша 2017-2018

жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспары бекітілді.

САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ

КАДРЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Мұғалімдердің сапалық құрамының көрсеткіштері жылдан-жылға жақсарып келеді. Магистр дәрежесіне ие педагог қызметкерлер қатарының бірте-бірте артуы байқалуда.

Кесте. Педагог қызметкерлерінің сапалық құрамы.

Академиялық       2015                   

дәрежесі

  2016

2017

Магистр                 2

  7

14

Жас шамасы бойынша құрамы:

► 25 жасқа дейін – 11 (12,6%);

► 25-34жас – 27 (31%);

► 35-44 жас – 19 (21,8%);

►45-54жас - 27 (31%);

►55-64 және одан жоғары - 7 (8%). Педагогикалық жұмыс өтілі:

► жұмыс өтілінсіз – 11 (12,6%),

► 9 жылға дейін – 20 (22,9%),

► 9 жылдан 14 жылға дейін – 9 (10,3%),

► 14 жылдан 17 жылға дейін – 5 (5,7%),

► 17 жылдан 20 жылға дейін – 8 (9,2%),

► 20 жыл және одан жоғары – 34 (39%).

Талдауға сәйкес мектеп-лицейде жас мамандар (жұмыс өтілі 10 жылға дейін – 36,7%) мен тәжірибелі педагогтардың (жұмыс өтілі 11 жыл және одан жоғары – 63,3%) арасында үлкен айырмашылық байқалады. Мұғалімдердің 12,6%-ы өздерінің педагогикалық қызметін 73 мектеп- лицейден бастады.

Жыныстық құрамы:

► Ер адамдар – 19 адам (21,8%);

► Әйел адамдар – 68 адам (78,2%).

Кадрлар құрамындағы жыныстық құрылымның басым бөлігін әйел адамдар құрайды.

Ұсыныс: Магистр дәрежесіндегі педагог кадрлар санын арттыру.

 

ЖӘНЕ АКТ ҚҰЗЫРЕТТІГІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

АҒЫЛШЫН ТІЛІН БІЛУ ДЕҢГЕЙІ

Тұлғаны көпұлтты мемлекеттің азаматы ретінде қалыптастыруда ағылшын тілін білудің маңызы зор.

2017 жылы мектеп-лицейде педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарына педагог қызметкердің деңгейлес және сатылас

өсуіне міндетті компонент болып табылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар енгізілді.

*Кәсіби даму нәтижесінде деңгейі 5 және одан жоғары балл болатын IELTS сертификаты бар мұғалімдер саны артты.

2017 жылы педагог қызметкерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру нысаналы топтар бойынша жүзеге асырылды. Осылайша, есепті жылдың нәтижелері бойынша ағылшын тілін:

► IELTS 5.5/С2/TOEFL IBT 65-71 және одан жоғары деңгейде:

1,14% (1 адам) биология пәнінің мұғалімі Закбек А;

IELTS 5.5/B2/TOEFL IBT 65-71 және одан жоғары деңгейде:

7% (6 адам) ағылшын тілі және биология пәнінің мұғалімдері;

3.0/А2/TOEFL IBT 30-34 және одан жоғары деңгейде:

1,14% (1 адам) информатика пәнінің мұғалімдері;

1,14% (1 адам) биология пәнінің мұғалімдері;

1,14% (1 адам) физика пәнінің мұғалімдері;

1,14% (1 адам) математика пәнінің мұғалімдері;

Ұсыныс: жаратылыстану ғылымдары пәндері бойынша ағылшын тілін В2 деңгейінде меңгерген мұғалімдер санын арттыру.

 

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІ

      2017 жылы 24 педагог АКТ-құзыреттік деңгейін көтеру курсынан өтті, олардың ішінде:

► 6 адам (6,8%) – математика пәні мұғалімі;

► 1 адам (1,14%) – физика пәні мұғалімі;

► 1 адам (1,14%) – химия пәні мұғалімі;

► 2 адам (2,29%) – биология пәні мұғалімі;

► 1 адам (1,14%) – география пәні мұғалімі;

► 3 адам (3,4%) – орыс тілі пәні мұғалімі;

► 4 адам (4,59%) – ағылшын пәні мұғалімі;

► 1 адам (1,14%) – технология пәні мұғалімі;

► 4 адам (4,59%) – қазақ тілі пәні мұғалімі;

► 1 адам (1,14%) – тарих пәні мұғалімі;

Мұғалімнің АКТ-құзыреттіктері нәтижелерін салыстырмалы талдау 2017 жыл нәтижелері бойынша 27,3%ға дейін өскенін көрсетті.

Кемшіліктер: Күнделікті сабақта bilimland.kz білім беру порталын қолданатын мұғалімдер санының төмен болуы.

Ұсыныс: Күнделікті сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланатын пән мұғалімдері санын арттыру.

2017 жылы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру:

1 адам ІІ деңгейлік курс:

19 адам үшін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курс;

1  адам менеджмент бойынша курс;

53 адам үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған семинарлармен қамтамасыз етілді:

-         «Сабақты тиімді ұйымдастыру» 31 адам

-         «Жаңартылған білім беру мазмұны» 40 адам

-         «Критериалды бағалау» 40 адам

-         Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 32 адам

-         Кітапхана жұмысын ұйымдастыру 10 адам

-         «Тапсырмалар дайындау және эксперт жасау» бойынша 7 адам.

7  адам«Қиын жеткіншектермен жұмыс қағидалары» Пермь

20  адам «PBL жобалау технологиясы» бойынша курс, Ustaz орталығы;

8  адам «Plikers» бағдарламасы бойынша оқыту курсы. Тусенов Мади.

Біліктілікті арттырудың негізгі бағыттары:

Пәндік, кәсіби дағдыларды және құзыреттерді дамыту

      Бұл бағыт мектеп-лицейдің әрбір педагогының кәсіби дамуының дербес бағытын құруға мүмкіндік береді. Бұл оқушының басты қабілеті – білім алуды үйренуді толық қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында педагогтардың ақпарат ағынын дұрыс пайдалану, түрлі педагогикалық жағдайларда дұрыс шешімдер қабылдау, пәндік білім деңгейін тұрақты арттыру қабілеті мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Оқытуды тиімді ұйымдастыруға, оқу үдерісіне психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге қажетті кәсіби және жеке тұлғалық құзыреттілік пен көшбасшылықты дамыту

      Осы бағыт аясында білім беру үдерісіне барлық деңгейлерде және субъектілік топтарда кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге жәрдемдесетін заманауи теориялар мен тәжірибелер зерттелді.

Мұғалімдердің тілдік құзыреттіктерін дамыту және бақылау

       Мұғалімдердің кәсіби маңызды тілдік құзыреттіктерін дамыту пәндерді оқудағы шет тілінің функциональдық рөлі бойынша сараланған. Тілді негізгі деңгейде білу шетелдік педагогтармен қатынасу, шетелдік дереккөздерді зерттеу мүмкіндігін береді. Оқытуды ағылшын тілінде жүзеге асыратын педагогтар тілді ілгері деңгейде үйренеді.

АКТ-құзыреттіктерін дамыту және бақылау, сонымен қатар білім беру үдерісінде жаңа технологиялық құралдарды қолдану

АКТ-құзыреттіктерін дамыту қазіргі заманғы мұғалімнің кәсіби қабілеттері мен дағдыларын дамытудағы міндетті компонент болып табылады.

Жыл сайын педагог қызметкерлер еліміздің білім беру ұйымдарында біліктілігін көтереді.

ПШО тренерлері педагог қызметкерлерге қолдау көрсетті:

►  6 оқу семинары өткізілді;

► 24 сабаққа қатысып, оларды қадағалау жүргізілді;

►  53  педагогқа жоспарлау, сабақтарды қадағалау, оқу мақсаттары және белсенді оқыту әдістері бойынша  кеңестер  берілді.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН БАҒАЛАУ

2017 жылы аттестациялауға мектеп-лицейден  20 педагог қызметкері мен оларға теңестірілген тұлғалары өтініш берді, осы оқу жылында қала мектептерінен өтініш берген 3 мұғалім қосылды. Мектеп-лицейден аттестатциядан өтетін 2 мұғалім басқа қалаға ауысып кетті.  Аттестатталушы педагогтер  ішінде:

► 6 адам жоғарыны растауға;

► 5 адам жоғары санатқа;

► 2 адам бірінші санатқа;

► 2 адам ІІ санатты растауға;

► 5 адам ІІ санатқа өтініш берген.

► 1 адам мәлімделген деңгейге тесттен өтпеуіне байланысты жіберілмеді;

Мұғалім оқу жылына өзінің даму бағытын анықтайды, жартыжылдық бойынша өзінің жұмысын талдайды, қажетті жағдайда бағытын түзетеді. Аттестациялау мақсатында да, үздіксіз кәсіптік даму мақсатында да мектепте бағалау кезеңі мұғалім тәжірибесінің жақсаруына көмектеседі.

Биылғы оқу жылында аттестатциядан өтуге 9 мұғалім сұраныс берді.

-         Зерттеуші педагог санатына 4 мұғалім;

-         Эксперт педагог санатына 2 мұғалім;

-         Модератор педагог санатына 3 мұғалім.

Бағалау үлгісін сәтті енгізу мақсатында директорлардың орынбасарлары мен әдістемелік бірлестік жетекшілері үшін мектеп бағалауын орындау бойынша тренингтер өткізілді, мектеп бағалауы бойынша әдістемелік ұсыныстар мен сабақ бойынша рефлексивті есепті бағалау құралдары әзірленеді.

Кемшіліктер: Аттестаттаудан өтетін жоғары санатты мұғалімдердің көпшілігінде авторлық бағдарлама, республикалық деңгейде дайындаған жеңімпаз оқушылары болмауы кездеседі.

        Қаңтар айының 13-і күні «Шамшырақ» қоғамдастығындағы коуч Закбек Амангүл «Рефлексия тәсілдері және олардың тиімділігін бағалау» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингке 8 жас маман қатысты. Жас мамандар топтарға бөлініп, Рефлексия дегеніміз не?, кері байланыс берудің қандай түрлері бар- деген сұрақтар төңірегінде ой қозғап, бейне роликпен танысты. Топтық жұмыстар барысында оқушыларға әр тапсырма сайын, сабақ соңында сабақты рефлексиялау жолдарын атап, көрсетіп берді. Химия пәні мұғалімі Бағила сабақтарда қалай қолдануға болатынын, мысалдармен түсіндірсе, информатика пәні мұғалімі Аппақ, ағылшын тілі пәні мұғалімі Айдана сабақ жоспарлау барысында және күнделікті сабақта іске асыруды алға тартты.

Ұсыныс: Жас мамандардың сабақтарына қатысу, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын қарау барысында, әдістемелік көмек көрсету.

2018 жылдың қаңтар айының 20-сы күні республикалық «Үздік педагог-2018» сайысының жүлдегері, «ZERDELI» ақыл ой дамыту орталығының басшысы Мәуіт Рысбек  «Авторлық бағдарламаның құрастыру технологиясымен таныстыру» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинарға мектебімізден 24 пән мұғалімі қатысты. Семинар барысында

-         әдістемелік материал дайындау барысындағы бағалау критерийлері;

-         оқу-әдістемелік жұмыс құрылымы;

-         әдістемелік бағдарлама жасау;

-         әзірлеу ережесі;

-         Титуль бетін әзірлеу, рецензия, рекомендация жазу туралы айтып өтті.

Ұсыныс: Семинарға қатысушы пән мұғалімдеріне, алдағы уақытта авторлық бағдарламалар дайындауды қолға алу ұсынылды.

            Қаңтар айының 24-26 күндері аралығында мектеп ұстаздарына «USTAZ» орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырған «Pbl» жобалау технологиясы бойынша курстарға 25 мұғалім қатыстырылды. Семинарға қатысқан пән мұғалімдері сабақта жобалау технологиясын қалай қолдануға болады? Жобалауды қалай іске асырады?, т.б. сұрақтар төңірегінде сабақтар алды.

Ұсыныс: Алдағы жаз мезгілінде 20 мұғалімді pbl жобалау технологиясы, 3 математика пәні мұғалімі, 7 бастауыш сынып мұғалімін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстармен қамтамасыз етуді жоспарлау.

ЖЕТІСТІКТЕРІ

       Алматы қаласында өткен «Білім-болашақ ел жетістігінің іргелі факторы» тақырыбындағы мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде мектеп директоры Қ.А.Байтажиковаға Алғыс хат табысталды.

      Астана қаласында өткен қалалық тамыз кеңесінің әдістемелік отырысында математика пәні мұғалімдері Бәзікей Нұрғали мен Қапатұлы Қилымбекке, физика пәні мұғалімі Г.Е. Айтимова Білім басқармасының басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды. 

      Тамыз айының 28-де өткен қалалық ғылыми-әдістемелік кеңесте тарих пәні мұғалімі Ж.Е.Байтажикованың «Пікірталас негіздері», биология пәні мұғалімі А.Закбектің «Олимпиадалық биология», «Elementary biology», орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.М.Култаеваның «Трудные случай русской орфографии», физика пәні мұғалімі Б.Мархамед пен Г.Е.Айтимованың  «Мектептегі физикалық практикум: бақылау, тәжірибе, модельдеу», Г.Е.Айтимова-ның «Зерттеу негіздері», Б.Тағановтың «Геометриялық шеберхана», Табыс Н және Амзеева Зияштың «Ой дамыту» авторлық бағдарламалары қорғалды.

       Қаңтар айының 6-шы жұлдызы күні өткен қалалық ғылыми-әдістемелік кеңесте Шекербекова А «Бағалаудың оңтайлы әдістері» қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы, Бекбарова Қ «Кітап оқу-миға жасалған жаттығу» кітап оқуға оқушыларды дағдыландыру әдістерінің жинағы, Орумбаева С және Абраева Б.А. «Личностно-ориентированные уроки русского языка», Аманжолова Б.С. «Әдебиеттік оқу пәнінен 2-сыныптарға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалар жинағы», Дильмағамбетова Ж.Қ «Әдебиеттік оқу пәнінен сөздік анықтама» 1-4 сыныптарға арналған авторлық бағдарламалары қаралып, мектеп, қала көлеміне тарату ұсынысы қабылданды.

      Наурыз айының 29-ы жұлдызында өткен қалалық ғылыми-әдістемелік кеңесте Ұзақбайқызы Г «Туған елге тағзым» жобасы, Бұсұрман Ш және Исмайлова А.Б. «Сауат ашу» 1-сыныпқа арналған қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы, Жаниязова З «Дүниетану» 1- сыныпқа арналған қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы, Базарбаева А «Математика» 1-сыныпқа арналған қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы қаралып қала көлеміне тарату ұсынылды.

      Мамыр айында өткен қалалық «Үздік авторлық бағдарлама» сайысына Бұсұрман Ш, Исмайлова А.Б., Жаниязова З ұсынған әдістемелік құралдар «Астана Дарыны» және психологиялық қолдау орталығынан Бұсұрман Ш жұмысы І дәрежелі, Исмаилова А.Б. жұмысы ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

      Жалпы авторлық бағдарлама бойынша 18 мұғалім, яғни мұғалімдердің 21%-ы ғана шығармашылықпен айналысып келеді.

Ұсыныс: Элективті курстар бойынша, Халықаралық бакалавриат талабына сай, авторлық бағдарламалар әзірлеу. 

       Қазан айында «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация» ІХ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға мектеп-лицейден 4 мұғалім қатысып, сертификатталды. Қараша айында өткен «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауында математика пәні мұғалімдері Табыс Н және Н.Бәзікейдің «Олимпиадалық математика және Логика» 3-8 сыныптарға арналған бағдарламасы  І дәрежелі дипломға ие болды.

        Желтоқсан айында өткен қалалық «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені ұйымдастырған «Киелі Атамекенім» атты «Үздік сабақ» байқауында 8 мұғалім ашық сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарын көрсетсе, «Үздік педагог» байқауына 3 мұғалім қатыстырылды. Сайыс нәтижесі бойынша математика пәні мұғалімі Дәуенқан Ардақ ІІ дәрежелі, бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гүлназ ІІІ дәрежелі Дипломмен, 9 мұғалім Грамотамен марапатталды.

       Желтоқсан айында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті ұйымдастырған «Рухани жаңғыру: қасиетті туған жер» атты білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында республикалық қашықтықтан өткізілген ғылыми жобалар байқауына мектеп-лицейден қатысқан 6 мұғалім Алғыс хаттармен марапатталды.

        «Астана дарыны» ұйымдастырған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырған «Адами әлеует елдің инновациялық дамуының басты факторы» қалалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан жас маман А.Ж.Жолдасқалиева ІІ дәрежелі Дипломына ие болды.

       «Астана Дарыны» ұйымдастырған қалалық «Педагогикалық идеялар фестивалінде» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Н.Шекербекова ІІ дәрежелі Дипломын жеңіп алды.

Фестиваль кәсіби қоғамдастықпен табысты педагогикалық тәжірибесімен бөлісуге дайын, сондай-ақ өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін қалың қоғамға паш еткісі келетін белсенді және шығармашыл мұғалімдерге бағытталған.

        «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізген «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық сайысында директордың оқу жөніндегі орынбасары Л.М.Култаева «Мектеп-оқушыға комфорттық зона» жобасы бойынша І орынды иеленсе, тарих пәні мұғалімі Г.Ұзақбайқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Қ.Бекбарова және А.Н.Шекербекова Грамоталар-мен марапатталды.

       «Дарын» орталығы ұйымдастыратын орыс тілі пәні мұғалімдерінің қашықтық олимпиадасына Жумабаева Т.М қатысып ІІ орын, Орумбаева С қала бойынша І-ші, республика бойынша ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталған.

       Жас педагогтердің өзін-өзі жетілдіруге және әлеуметтік шығармашылығының дамуына жағдай жасау мақсатында мамыр айының 6-сы күні мектепішілік «Жас маман-2018» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа мектеп-лицейдегі 13 жас маманнан 6 мұғалім ғана қатысты. Сайыс ІІІ кезеңнен тұрады. І кезеңде Өзін-өзі таныстыру «Педагогикалық дебют», 2 тапсырма Панорамалық сабақ немесе «Педагогикалық шеберлік қоймасы», 3 тапсырма Портфолио әзірленді. Сайыс қорытындысы бойынша

- денешынықтыру пәні мұғалімі Тәңірбергенов М – Бас жүлде;

- ағылшын тілі пәні мұғалімі Жүніс Д-І орын;

- Бастауыш сынып мұғалімі Кадрбекова А және химия пәні мұғалімі Нұрхамит Б-ІІ орындарды;

- информатика пәні мұғалімі Есіркеп А және ағылшын тілі пәні мұғалімі Әлімбекова А –ІІІ орындарды иеленді.

Кемшілік: панорамалық сабақ көрсетуде бейне жазба көрсетілді, бірақ мұғалімнің өзінің түсіндіруі (айтылым) болмай түсініксіз болып қалды.

Ұсыныс: Жас мамандардың сайысқа қатысу белсенділігін арттыру.

        Шығармашылықпен жұмыс істейтін,  кәсіби тұрғыда өз біліктілігін және шығармашылық потенциалын аша алатын, рухани-адамгершілік қасиеті бар, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгерген  ұстаздарды анықтау мақсатында 3 наурызда мектепішілік «Үздік педагог-2018» сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 5 жылдан еңбек өтілі жоғары 9 мұғалім, бұл мұғалімдеріміздің 12%-ы өз өтініштері бойынша қатыстырылды. Сайысқа «Пифагор», «Интеллектум», «Болашақ инженеринг», «Зерделі», «Рототикс», «Арлан» қосымша білім беру орталықтары, мектептің ата-аналар комитеті демеушілік етті. Сайыс қорытындысы бойынша:

-         «Бас жүлде» география пәні мұғалімі Альбаттинова Қ;

-         1 орынды бастауыш сынып мұғалімі Бұсұрман Ш;

-         2 орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шекербекова А, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Орумбаева С;

-         3 орынды тарих пәні мұғалімі Бұхарбай М, ағылшын тілі пәні мұғалімі Баймишева С, математика пәні мұғалімі Амзеева Зияш ие болды.

Кемшілік: Өзін-өзі таныстыру кезеңінде мұғалімдерді оқушылардың тарапынан таныстыруға көбірек назар аударылған.

Ұсыныс: Пән мұғалімдерінің педагогикалық ұстанымын ғылыми негіздемеге сүйене отырып ашу.

        Желтоқсан айының 8 күні «Критериалды бағалау жүйесінің мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өткізілді. Мақсаты:   Сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беру. Семинарғақала мектептерінен 124 мұғалім, білім басқармасынанәдістемелік кабинет меңгерушісіжәне 3 әдіскер келіп қатысты.  Семинар барысында 20 мұғалім өз іс-тәжірибесін қала мұғалімдерімен бөлісті. Қала мектептерінен 122 мұғалім келіп қатысты. Семинарға қатысқан қала мұғалімдерінің мониторингі.

 

Семинар қорытындысы бойынша қала мұғалімдерінің сауалнамаға берген жауаптарының нәтижесі:

 

 

        Желтоқсан айының 13-ші жұлдызында мектеп-лицейімізге жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Ресей Федерациясынан якуттар келіп, 2 сыныптарда өтіп жатқан математика, орыс тілі сабақтарына қатысып, мектеп-лицейде жүргізіліп жатқан жобалармен, ашық алаңдар жұмысымен таныстырылды.

       Қаңтар айында Теміртау қаласының мектеп директорлары, «Мұрагер» мектебінің мұғалімдер ұжымы, Қарағанды қаласының мектептерінің басшылары келіп, мектеп-лицейіміздің тыныс-тіршілігімен танысып, жаңартылған білім беру бағдарламасын сабақтарға қатысу арқылы бақылап, іс-тәжірибе алмасты.

       2018 жылдың 16 ақпанында «ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНДЕ ТҰЛҒАНЫҢ МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ» тақырыбында қалалық тәжірибелік-практикалық семинар өткізілді.

Семинар мақсаты: Жаһандану үдерісінде тұлғаға мектеп жағдайында тәрбие берудің тиімділігін көрсету

Семинар міндеттері:

    1. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тиімді бағалау жолдарын көрсету,

    2. CLIL әдісі, PBL жобалау технологиясы, Plickers бағдарламасы, Quest ойыны арқылы оқыту, 

    3.   Әлеуметтік жобаларды  ұйымдастыруда оқушылардың креативті қабілеттерін дамыту.

      Семинар барысында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, тарих пәндерінен 6 мұғалім сабақ беріп, сабақ барысында бағалаудың тиімді жолдарын көрсетті. CLIL әдісі бойынша информатика және биология пәндерінен, PBL жобалау технологиясы бойынша қазақ тілі, орыс тілі пәндерінен, Plickers бағдарламасымен жұмысты математика пәні мұғалімі, Quest ойынын сабақта қолдану сабағын тарих және ағылшын тілі мұғалімдері көрсетіп өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Ал жобалар, интеллектуалдық ойындар керуені барысында робототехника сабағы, тимбилдинг, интеллектум, физикалық тәжірибелер, STEM, «Balloon Car», «Туған елге тағзым», «Оқуға 100 кітап», «Ұлағат» шаңырағында «Қанатсыз қалай ұшуға болады жұмыстары көрсетілді. Қала мектептерінен 191 пән мұғалімдері, директор, директордың орынбасарлары және  Педагогикалық шеберлік орталығынан аға тренер, Білім басқармасынан  1 әдіскер келіп қатысты.

       Семинар соңында алынған сауалнама қорытындысы бойынша қойылған сұрақтар анализі:

 

 

 

Сауалнама нәтижесін саралай келе, «ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНДЕ ТҰЛҒАНЫҢ МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ» тақырыбындағы тәжірибелік-практикалық семинар жоғары деңгейде өткені байқалады, қала мұғалімдерінің қызығушылығы жоғары болды. Барлығы сабақтар соңына дейін белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті.

 «Өмір бойы білім алу» әрбір қа­зақ­стандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.                                                                                                                      Н.Ә.Назарбаев

        Білім беру курстары – үздіксіз білім алудың маңызды қосалқы жүйесінің бірі болып табылады. Мектеп-лицейде оқушылардың пәндік білімдерін тереңдетуге, шығармашылықпен айналысуына бағытталған факультатив, таңдау, үйірме курстары ұйымдастырылған.

     Қолданбалы курстардың мазмұны пән тұрғысынан емес, оның практикалық пайдалылығы тұрғысынан құрылады. Қолданбалы және таңдау курстарына бөлінген уақыт оқу бағдарламасы бойынша меңгеріп үлгермеген материалды оқуға жұмсалады. Сондықтан қолданбалы және таңдау курстарына қажетті материалдарды таңдауда мұғалімдер өздерінің бағдарламаларын құрып, жұмыстарын «Оқушыға қолданбалы және таңдау курстары несімен пайдалы және оны оқып үйренуге қалай қызықтыруға болады» деген сұраққа жауап бере алатындай етіп жүргізіп келеді.

        Қолданбалы және таңдау курстары мектептің базистік оқу жоспарының мектеп компоненті мен оқушы компонентін жүзеге асыруды көздейтін бағдарлы оқыту процесінде маңызды орын алатыны белгілі. Аталған курстар бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың басты құралы ретінде қарастырылады. Қолданбалы курстар бағдарлы пән бойынша берілетін теориялық білімнің қолданбалы сипатын ашып көрсетуге бағытталғандықтан оған оқушылардың барлығы қатысады.

Мектеп – лицей оқушыларының 52,3%-нан алынған сауалнама қорытындысы бойынша:

Сыныптар бойынша:

       Оқушылардан алынған сауалнама қорытындысын шығарсақ, оқушылардың көпшілігі би мен робототехника, вокал үйірмелеріне қызығушылығы жоғары екендігін байқауға болады. Ал қосымша курстар бойынша ағылшын тілі 72% курсына сұраныстың жоғары болуы да бүгінгі күннің талабы. Ал мектеп-лицейіміз жаратылыстану бағытында болуына байланысты математика 44,9% мен физика 7,5%, информатика 2,7% пәніне деген   cұраныс та  артып келеді.

         Кемшіліктер: Робототехника, STEM,   Бағдарламалау курстары мектеп-лицейде ұйымдастырылып, жүргізіліп жатқанымен оқушылардың қамтылу деңгейі өте төмен. Бастауыш буында Вокал, мәнерлеп оқу, Регби сағаттары бойынша еш нәтиже шығарылмады. Орта, жоғары буын мұғалімдері Абайтану, Мектептегі физикалық практикум, Олимпиадалық физика, Олимпиадалық биология, қызықты географияОлимпиада химия, құқықтық білім, Мәтін және сөйлем, Тарих тағылымы, Пікірсайыс мектепте, Вокал, Тарих ақтаңдақтары, Тіл мәдениеті, Зерттеу негіздері курстары бойынша қалалық сайыстарға қатыстырылған оқушылар болған жоқ. Курстардың өтілуі жүйелі емес. 

Ұсыныс: Оқушылар сұранысын қанағаттандыратындай етіп, қосымша курстардың өтілу деңгейін көтеру, бала санын арттыру. Нәтиже бермеген курстарды  нақты жұмыс жасайтын курстармен алмастыру. Жауапкершілік пен әкімшілік тарапынан қадағалауға алу.

      3.1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЛИМПИАДАЛАРҒА, ҒЫЛЫМИ БАЙҚАУЛАРҒА, КОНФЕРЕНЦИЯЛАРҒА ҚАТЫСУ НӘТИЖЕЛЕРІ

     Осы оқу жылында мектеп-лицей оқушыларының 9,5%-ы қала, республика, халықаралық деңгейде өткен пәндік олимпиадалар мен сайыстарға қатысты.

Сапасы-41,3%.

Оқушының аты-жөні

сыныбы

Сайыс атауы

Марапаттауы

 

Пән мұғалімі

1

Оршыбек Айымжан

6

«Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы!» қалалық өлкетанушылар конкурсы

ІІ орын

 

Жолдасқалиева А

2

Қалбиат Аман

7

ІІ орын

 

Айтимова Г.Е.

3

Айбекова Аружан

9

Грамота

 

Айтимова Г.Е.

4

Сейдахметова Ақерке

7

Грамота

 

Ұзақбайқызы Г

5

Нұрлан Нәркес

8

Грамота

 

Ұзақбайқызы Г

6

Серікұлы Жақсен

9

Астрофизиканың заманауи мәселелері бойынша оқушылардың республикалық турнирі

ІІ дәрежелі Диплом

 

Айтимова Г.Е.

7

Нурхат Алихан

10

 

Мархамед Б

8

Марат Олжас

10

 

Мархамед Б

9

Маратов Ерсайын

7

 

 

10

Союзбек Бекасыл

3

Математикалық сайыс

«Зерек» тобы

Бас жүлде

 

Табыс Нұрланбек

11

Абдумалик Нүрия

4

 

12

Чендыбай Рәбия

4

 

13

Бегахметов Нұрәлі

 

«Бастау»

ІІІ дәрежелі Диплом

 

Табыс Нұрланбек

14

Ырысбекұл Бақжол

 

 

 

15

Жолдасбаев Нұркелді

 

 

 

16

Байболова Жулдыз Талғатқызы

9

«Тілтану» секциясы

 

ІІ орын Ғылыми жоба

 

Орумбаева Саида

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢ

17

Абибулла Аяжан

9

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен

ІІІ

Қала

Грамота

Сапиева Мереке Омарбековна

18

Әбдіқадыр Әсемай

10

Грамота

 

Бекбарова Қалданай Нүриденқызы

19

Абилов Ільяс

10

Орыс тілі мен әдебиеті

ІІ

Қала

ІІ

Орумбаева Саида

20

Асқар Ұлпан

8

Ағылшын тілі

Грамота

 

Талтеева Қуаныш Ниязовна

21

Бисембайұлы Алмаз

9

Математика

ІІІ

 

Қанағатұлы Жоян

22

Адалбек Арна

10

математика

ІІІ

 

Таганов Бекболат Сарсенбаевич

23

Мағжан Дауыл

10

химия

ІІІ

 

Нұрхамит Бағила

24

Нурманов Жәңгір

8

Қазақстан тарихы

ІІІ

 

Ұзақбайқызы Гүлназия

25

Совет Санжар

9

Қазақстан тарихы

ІІ

 

Абдрахманова Асель Даулетовна

26

Калиаскаров Ержан

10

Қазақстан тарихы

ІІІ

Қала

Грамота

Абдрахманова Асель Даулетовна

27

Дулат Дариға

11

Қазақстан тарихы

ІІІ

Қала

ІІІ

Бұхарбай Маниға

28

Мубарак Ілияс

10

химия

ІІІ

 

Нұрхамит Бағила

29

Кошмагамбет Алма

9

Орыс тілі мен әдебиеті

ІІ

Қала

ІІІ

Баймаганова Балмекен Кабжановна

30

Жүнісбекова Алуа

9

Ағылшын тілі

ІІ

 

Баймишева Салтанат

31

Болатбек Інжу

9

Құқық

Грамота

 

Абдрахманова Асель Даулетовна

«ЗЕРДЕ» ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

 

32

Айдын Дина

5

Орыс тілі мен әдебиеті

қала

ІІ

 

Баймаганова Балмекен Кабжановна

33

Қирабаев Амир

6

Орыс тілі мен әдебиеті

І

ІІІ

Қала

Республика

Орумбаева Саида Айтпаевна

34

Карл Жалғас

2

Өлкетану

ІІ

Қала

Өскенбаева Ұрхия

35

Оршыбек  Адия

3

Математика

І

І

Қала

Республика

Садыкова Жадыра Ануаровна

36

Оршыбек  Айымжан

6

Экология

ІІ

Қала

Жолдасқалиева Аягөз

37

Оршыбек Алтынай

1

Экология

ІІ

І

Қала

Республика

Алимжанова Кулизат Жунусовна

38

Альжанова Ақбота

3

Қазақ тілі мен әдебиеті

ІІ

І

Қала

Республика

Мынжасарова Толеубике Атығаевна

39

Сүлеймен Ханзере  Тұрсынбай Асылхан

4

3

Психология

ІІ

І

Қала

Республика

Нурмаханова Нургуль Алимбаевна

40

Қалбиат Аман

7

Физика

Грамота

 

Айтимова Г.Е.

РОБОТОТЕХНИКА ЖОБА

41

42

43

44

Аманкелді Нұрбол

Сұлтанов Алдияр

Жаныбек Амирлан

Өмірбек Ержан

«Оқушылар сарайы» ұйымдастырған қалалық техникалық шығармашылық чемпионаты «3 D модельдеу»

Диплом ІІІ дәрежелі

Қала

Сейілбек

ЖАС МАТЕМАТИК

45

Махажанов Олжас

Жас математика

Диплом І дәрежелі

Қала

Қапатұлы Қилымбек

46

Байдильдинов Рауан

Жас математика

Диплом ІІІ дәрежелі

Қала

Қапатұлы Қилымбек

47

Қайратов  Мансур

Жас математика

Диплом ІІ дәрежелі

Қала

Табыс Нұрланбек

48

Ырысбек Үкілай

Жас математика

Диплом І дәрежелі

Қала

Ауған Есілжан

49

Сейдін Еларыс

Жас математика

Диплом ІІ дәрежелі

Қала

Ауған Есілжан

ЖАС ЭРУДИТ

50

Маханов Олжас

 

Диплом І дәрежелі

 

 

51

Кайратов Мансур

 

Диплом І дәрежелі

 

 

52

Төлебай Нұршат

 

Диплом ІІ дәрежелі

 

 

53

Бесімбаев Әділби

 

Диплом ІІ дәрежелі

 

 

54

Рахымбекова Аружан

 

Диплом ІІІ дәрежелі

 

 

55

Жарқын Нұргүл

 

Диплом ІІІ дәрежелі

 

 

ЮНИОР

56

Қалбиат Аман

Юниор

Грамота

Қала

 

57

Қуанышбек Нұрдаулет

Юниор

Грамота

Қала

 

Ү РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АҚБЕРЕН» АҚЫНДЫҚ ПЕН ШЕШЕНДІК ӨНЕР БАЙҚАУЫ

58

Сейдін Мағжан

Ұлттық аспапта ойнау

Диплом ІІІ дәрежелі

Қала

Айгул Какимовна

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ФУТБОЛ

59

60

61

62

63

Қалбиат Аман

Маратов Ерсайын

Бәкен Дария

Әрмия Елая

Мұратбек Аяулым

Математикалық футбол

«Зерде» мектебі

Бас жүлде

Қала

 

«АСТАНА - БОЛАШАҚ ҚАЛАСЫ: ЕЛОРДА АРХИТЕКТУРАСЫ. 20 ЖЫЛ»

64

Рахатов Алихан

 

Диплом

республика

 

65

Байболова Жұлдыз

 

Диплом

республика

 

ИНТЕЛЛЕКТУМ ОЛИМПИАДАСЫ

66

Садыков Олжас

І Астана қалалық Интеллектум олимпиадасы

ІІ орын

қала

 

67

Төлеутай Ахмедияр

Жартылай финалист

Мадақтама

 

 

68

Союзбек Бекасыл

Жартылай финалист

Мадақтама

 

 

69

Серик Аделя

Жартылай финалист

Мадақтама

 

 

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ЛОГИКА

70

Ырысбекұлы Бақжол

Математика және логика

ІІ дәрежелі

қала

Дәуенқан Ардақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКА ОЛИМПИАДАСЫ

71

Шамидин Алдияр

 

ІІІ дәрежелі Диплом

 

 

72

Союзбек Бекасыл

 

ІІ дәрежелі Диплом

 

 

73

Әбдібек Бактияр

 

Сертификат

 

 

74

Бекмагамбетов Алиакбар

 

 

 

75

Рахимбеков Асанәлі

 

 

 

76

Жанұзақ Ақжібек

 

 

 

77

Дүйсенбай Сәт

 

 

 

78

Қайдарова Аянат

 

 

 

79

Сайдакрамова Малика

 

 

 

80

Ауелбек Дінмұхаммед

 

 

 

81

Кусайнова Анисса

 

 

 

82

Ермагамбетов Диас

 

 

 

83

Ормантаев Дінмұхаммед

 

 

 

84

Рахимбекова Аружан

 

 

 

85

Курманәлі Илана

 

 

 

Қ.БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН ҚАЛА,

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

23-30 сәуір Өскемен

86

Әбдіқадыр Әсемай

 

І орын

«Сөз мерген» номинациясы

Қала

Респуб-лика

Бекбарова Қалданай

ЗЕРДЕЛІ ТҰЛҒА

87

Ырысбекұлы Бақжол

Логикалық математикадан

І дәрежелі

қала

Мыңжасарова Т.А.

88

Союзбек Бекасыл

 

І дәрежелі

 

 

89

Доғдырбай Адия

 

Мадақтама

 

 

90

Джумасилова Амина

 

ІІІ дәрежелі

 

 

91

Акубай Нұрсая

 

ІІ дәрежелі

 

 

92

Әшімбаев Әлияр

 

ІІ дәрежілі

 

 

93

Дүйсенбай Сәт

 

ІІ дәрежелі

 

 

«ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ-ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА»

94

Тілеугалиев Арыстанбек

 

ІІ дәрежелі ДИПЛОМ

 

 

 

Республика Семей

Грамота

қала

Баймаганова

Балмекен

Кабжановна

95

Жұмабек Нұрахмет

 

 

96

Абибулла Аяжан

 

 

97

Айбекова Аружан

 

 

98

Жумабаев Алихан

 

 

99

Кошмагамбет Алма

 

 

100

Тұрғын Нұржігіт

 

 

101

Аширхан Алима

 

 

РОБОТОТЕХНИКА ОЛИМПИАДА

102

Толешов Иманғали

 

ІІІ дәрежелі ДИПЛОМ

Республика

Алшинбаева Гульдана Мукатовна

103

Дуйсебаев Азамат

 

 

104

Өмірбек Ержан

 

 

4-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ

105

Абдумалик Нурия

қалалық

І дәрежелі Диплом

 

Исмаилова Айжан Бектасовна

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ФУТБОЛ (Пифагор)

106

107

108

109

110

Абдумалик Нурия

Чендыбай Рәбия

Коныс Айбат

Макажанов Олжас

Бесімбаев Әділби

қалалық

2 орын

 

 

111

 

112

113

114

115

Рахымбекова Аружан

Иманали Амина

Тангыт Ералы

Толебай Нұршат

Байдельдинов Рауан

қалалық

 

 

 

116

117

118

119

120

Ырысбек Үкілай

Сейдін Еларыс

Айдарбек Назерке

Нурланов Диас

Қалбиат Аман

қалалық

 

 

 

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ШАЙҚАС (ЗЕРДЕЛІ)

121

122

123

124

125

126

127

Қалбиат Аман

Қалмұрат Хализа

Нұрзат Шарапат

Әрмия Елая

Сәлімжан Жиһангер

Муратов Олжас

Сейдалы Рауан

Мектептер аралық

ІІІ орын

 

 

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

128

129

130

131

Нұрманов Жәңгір

Қыдырбекұлы Әділ

Сәлімжан Жиһангер

Оразов Темірлан

қалалық

 

 

 

«ҒЫЛЫМДАҒЫ ДЕБЮТ» 

132

Рахметов Алихан

қалалық

Грамота

 

 

«ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ» «ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ

БОЙЫНША ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНА

133

134

Айбекова Аружан

Әбдіқадыр Әсемай

 

Қалалық

Грамота

 

 

«ЖАС ҒАЛЫМ»

135

136

Әрмия Елая

Сәлімжан Жиһангер

Қалалық

 

 

 

«ЖАСТАР. БІЛІМ. ҒЫЛЫМ» АТТЫ ІҮ-ШІ ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

137

138

139

Рахметов Алихан

Серікұлы Жақсен

Тілеуғалиев Арыстанбек

қалалық

Грамота

І дәрежелі Диплом

 

 

«МЫ – ИНТЕЛЛЕКТУАЛЫ ХХІ ВЕКА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ (ОШ)

140

141

 

142

Рахметов Алихан

Серікұлы Жақсен

Тілеуғалиев Арыстанбек

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

Сертификат

ІІ дәрежелі ДИПЛОМ

 

 

«ПОЛИГЛОТ»

143

144

145

Өмірбек Ержан

Орынбай Амина

Баданова Салма

қалалық

 

 

 

«ФОРМУЛА ИНТЕЛЛЕКТА» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНДАР ЧЕМПИОНАТЫНА

146

147

148

149

150

151

Рахметов Алихан

Серікұлы Жақсен

Нұрхат Алихан

Маратов Ерсайын

Қалбиат Аман

Жұмабек Нұрахмет

қалалық

 

 

 

АКАДЕМИК ӨМІРЗАҚ МАХМҰТҰЛЫ СҰЛТАНҒАЗИН АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

152

153

154

155

156

Бисембайұлы Алмаз

Сейдін Мағжан

Әкімбек Мерей

Қазбек Мәди

Мағжан Дауыл

халықаралық

 

 

 

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

157

 

158

Байболова Жулдыз Талгатовна

Сейдін Мағжан

қалалық

 

 

 

 

 

Кемшіліктер: Оқушыларды олимпиадалар мен сайыстарға дайындау жұмыстары-ның тиімді жүргізілмеуі.

Ұсыныс: таңдау курстарының дұрыс жүргізілуін қадағалауға алу, пән мұғалімдерінің жауапкершілігін арттыру.

 

 

«МАТЕМАТИКАЛЫҚ ШАЙҚАС»

       30 қыркүйек күні 3-4 сынып оқушылары арасында математикалық командалық сайыс өткізілді. Сайыс мақсаты оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын, бәсекелестігін арттыру. Әр сыныптан 1 командадан шығарды. Барлығы 3 оқушыдан 14 команда 42 оқушы қатыстырылды. Командалық сайыста оқушылар есептерді шығарып қана қоймай, оны қорғау ұсынылды. Ең жоғары ұпай 100 ұпай. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды 4 «Ә» сынып, ІІ орынды 3 «Д» сынып, ІІІ орынды 4 «А» және 4 «Б» командалары иеленді. 

«АЛТЫН АСЫҚ» МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

     3-4 сыныптар арасында қазан айында  олимпиада өткізілді. Олимпиаданы өткізудегі мақсатымыз оқушылардың «О» дамыту" пәнінен үйренген білімдерін, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беру. Бұл олимпиада күз және көктем айларында өткізіледі. Олимпиада 2 кезеңнен тұрады. 1 кезеңге 3-4 сынып оқушыларының барлығы 100% қатыстырылды. 1 кезеңде әртүрлі деңгейдегі тапсырмалардан тұратын «Олимпиадалық жүздік бақылау» формасында, арнайы тапсырма парағына жазбаша түрде жазылады.  2 кезеңде берілген тапсырмалардың шешу барысын ауызша түрде түсіндіру керек. Екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлім 5 тапсырмадан (10 ұпай) тұрады, осы тапсырмаларды берілген уақытта орындап, келесі бөлмедегі комиссия мүшелеріне шешу барысын ауызша түсіндіреді. Дұрыс болса, 2-ші бөлімнің тапсырмаларын орындауға кіріседі. Бұл жерде 25 ұпайдан орындайды.

«J-LIGA»МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЛИГАСЫ

Қараша айынан бастап желтоқсан айының 16-на дейінгі аралықта қала мектептері арасында «J-Liga»математикалық лига олимпиадасы өткізілді. Бұған мектебіміздін 7-9 сыныптар арасынан 2 команда 12 оқушы қатыстырылды. Олимпиада әр сенбі күндері ұйымдастырылды. Жарыстың ұйымдастырушысы- «Jas Volunteers» қоғамдық бірлестігі. Басты мақсаты оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, оларды мақсат қоюға, мақсатқа жетуге, тұрақтылыққа, тапқырлыққа және топ болып жұмыс істей алуға баулу. Сонымен қатар, математика мамандығында оқып жатқан студенттерді еріктілер қатарында атсалысуы арқылы оқушылармен жұмыс істей алуға үйрету. Математикалық лига плей-офф ережесі бойынша өтеді. Қарсыластар жеребе арқылы анықталып отырылды. Математикалық лига да өмірдегі футбол ойынына ұқсас. Ойын барысында қатысушыларға 2 есептен беріледі. Дұрыс шығарылған есеп футболдағы соғылған гол болып есептеледі. Осылайша, көп есеп шығарған мектеп жеңіске жеткен болады.  Міне, осы ойында мектеп командасы 1 және 2 орындарды қанжығаларына байлап, жеңіске жетті.

 «MATH CAMP»

Желтоқсан айында Сеньорлар лигасы (5-6 сыныптар), Юниорлар лигасы (3-4 сыныптар) арасында командалық «Math camp» сайысы өткізілді. Сайыс 3-күнге созылды. Сайысқа 5 оқушыдан тұратын 4 командадан қатысты.  Сайыс ережесі бойынша:

 1-күн:

45 минут лекция

75 минут командалық мат. эстафета

2-күн:

45 минут лекция

75 минут мат футбол

3-күн:

120 минут: жеке олимпиада

4-күн:

Жабылу салтанаты, марапаттау рәсімі

       Әр лигада 3 күндік математикалық жарыстың нәтижесінде "ең үздік команда" номинациясымен 1 команда, жеке олимпиада нәтижесінде "ең үздік оқушысы" номинациясымен 1 окушы марапатталады. Барлық лекциялар олимпиадалық математика тақырыбына өткізіледі және берілетін есептердін деңгейі қиындатылған.

       «АЛТЫН САҚА»

      8 қараша күні жыл сайын дәстүрге айналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының марапаттау рәсімі №73 мектеп-лицейде өтті. «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен, қабілеті жоғары жас дарындарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға Астана қаласы білім беру мекемелерінің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Сайыстың І кезеңі мектеп базасында өткізіліп, қатысушы 1500-ден астам оқушының ішінен жоғары ұпай жинаған 300-ге жуық оқушы ІІ кезеңге жіберілген болатын. Сол 300 оқушының ішінен №73 мектеп-лицей оқушыларының нәтижесі:

  5 сыныптар бойынша 16 оқушы қатысты

Бесімбаев Әділби І орын;

Махажанов Олжас І орын;

Қайратов Мансур ІІ орын;

Байдильдинов Рауан ІІ орын;

Қуанышқызы Іңкәр ІІІ орын;

Төлебай Нұршат ІІІ орын;

Қуанов Мәди Грамота;

Баймұхамбет Қожахмет Грамота

6 сыныптар бойынша 7 оқушы қатысты

Сейдін Еларыс ІІ орын;

Ырысбек Үкілай ІІ орын;

Айдарбек Назерке ІІІ орын;

Нұржанов Санжар ІІІ орын;

Орынбай Амина Грамота;

«ЖАС МАТЕМАТИК»

       2 желтоқсан мектепішілік 5-6 сыныптар арасында «Жас математик» олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиадаға 5-6 сыныптардан 126 оқушы қатыстырылды. Бұл жалпы 5-6 сынып оқушыларының 41,5%-ы, ал мүлдем қатыспай қалған сыныптар да болды. Олар 5 «Ә», 5 «Д», 6 «А», 6 «Ә» сыныптары. Сайыс барысында оқушылар логикалық есептер шығарумен қатар, олимпиадалық есептерді шығарды. Сайыс қорытындысы бойынша 5 сыныптардан ең жоғары ұпай жинаған Махажанов Олжас. Одан кейінгі жоғары ұпайлар алған Толебай Нұршат, Байдильдинов Рауан, Кайратов Мансур, Бесімбаев Әділби. Ал 6-сыныптар арасында Ырысбек Үкілай, Сейдін Еларыс, Айдарбек Назерке. Осы оқушылар қалалық өтетін «Жас математик» сайысына ұсынылады.

«МАТЕМАТИКАЛЫҚ ШАЙҚАС»

        Сәуір айына жоспарланған «Математикалық шайқас» олимпиадасы мамыр айының 12-13-і күндері өткізілді. Бұл олимпиаданы өткізудегі мақсат мектеп-лицей «Олимпиадалық математика» таңдау курсына қатысатын оқушылардың бәсекелестігін арттыру. Олимпиада 7-8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Олимпиадаға «Нұрорда», дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі, дарынды балаларға арналған №82 «Дарын» мектебі, №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі, №66 мектеп-лицей, «Зерделі» орталығының 1 командасы қатыстырылды. Олимпиада 3 кезеңнен тұрады. Олимпиада барысында оқушылар есептерді шығарып қана қоймай, олардың шығарылу жолдарын түсіндіріп, дәлелдеу ұсынылады.

Кемшіліктер: Олимпиадаларды ұйымдастыру, өткізу барысында пән мұғалімдерінің жауапкершілігінің төмендігі, ат салыспауы.

Ұсыныс: 9-10 сынып оқушылары арасында математика пәнінен олимпиадалар өткізуді жоспарлау. 5-9 сыныптар арасында олимпиадаға қатысатын оқушылардың үлесін арттыру.

АСТРОТУРНИР

       3 ақпан күні 7-10 сынып оқушылары арасында «Астротурнир» сайысы өткізілді. Турнирге  4 команда, 16 оқушы қатысты. Сайысты ұйымдастырудағы мақсатымыз оқушылардың астрономия ғылымына деген қызығушылығын арттыру, осы салада әр түрлі тақырыптарды зерттеуге баулу. Сайысты Алматы қаласына турнирге барып жүрген өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары ұйымдастырды. Топтарға алдын-ала тақырыптар берілді, сол тақырыптар бойынша оқушылар өздерінің жобаларын қорғады.   Оқушыларға астрономия саласы бойынша сұрақтар қойылды. Сайыста 7 «В», 9 «А», 9 «Б» сыныптарынан құралған командалар белсенділік танытты.

Кемшіліктер: Осы сайыс барысында мектеп оқушыларының физика пәніне деген қызығушылығының төмендігі байқалды. 7 «А», 7 «Ә», 8 сыныптар мүлдем қалыс қалды.  Сайыс бірінші рет ұйымдастырылып өткізілгендіктен, оқушылардың дайындығы төмен деңгейде  болды.

Ұсыныс:  Оқушылардың астрономия саласына деген қызығушылығын арттыру мақсатында  турнирдің өткізілуін жалғастыру.  Тиімділігін арттыру.

«ФИЗИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР»

      қаңтар айының 13 күні 7-сыныптар арасында «Физикалық шайқас» өткізілді. Бұл сайысқа 7 сыныптарда 4 оқушыдан, 4 команда қатыстырылды. Сайыс барысында әр команда өзін таныстырудан бастады. Командаларға топтық жұмыс барысында 3 есеп берілді. Есептер В, С деңгейлерінде құрастырылған. Берілген уақыт – 40 минут. Командалар шығарған есептерін қорғауға -3 минуттан уақыт берілді. 2 кезең тапсырмаларына топта орындауға зертханалық жұмыстар ұсынылды. Зертханалық жұмысты жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертілді. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, құрал-жабдықтары, жұмыс барысы, жұмыс нәтижесін кесте түрінде ұсыну критерийлері ескертілді. Зертханалық жұмысты орындау барысында оқушылардың әлі де болса, жұмыстың мақсатын айқындай алмайтындығы, жұмыс нәтижесін кестеге түсіріп қорытынды жасай алмайтындығы анықталды. 3 кезеңде әр оқушыға жеке тапсырмалар берілді. Бұл жеке тапсырмада оқушылар тәжірибе жасай отырып, тәжірибені физикалық тұрғыда түсіндіру. Теорияны практикамен ұштастыру ұсынылды. Осы кезеңде оқушылардың тәжірибені жасау барысында көп ойланғандары, теорияны практикамен ұштастыруда қиналатындығы байқалды. Оқушылар сайысқа өте белсенділіпен, қызығушылықпен қатысты. Сайыс соңында 7 «Б» сынып оқушысы Сейдахмет Ақерке өз ойларын айтып, осы сайыс барысында көптеген қызықты тапсырмалар жасағанын, өте қызықты өткенін, тіпті кейбір тапсырмалар қиындық келтіргенін айтса, 7 «А» сынып оқушысы осындай сайыс тағы өтсе деген пікірін айтып кетті.

Ұсыныс: Ай сайын өткізуді жүзеге асыруды қажет етеді.

       Ақпан айының 16-да 8-сыныптар арасында физикалық тәжірибелер жасаудан сайыс ұйымдастырылды. Сайысты өткізу мақсаты: оқушылардың физика пәнінен алған теориялық білімдерін, практика жүзінде қолдана білуге үйрету. Сайысқа 8 сыныптардан 4 команда, 16 оқушы қатыстырылды. Сайыс барысында «Жылу құбылыстары»  тарауына арналған эксперименттік тапсырмалар орындалды. Оқушылар тапсырмаларды орындай отырып, физикалық құбылыстарды бақылады, теориялық білімдеріне сүйене отырып түсіндірме жасайды. Тәжірибе жасау сайысына қала мектептерінен 16 мұғалім келіп қатысты.  Қатысушы 4 команда да белсенділікпен жақсы қатысқандықтан, орындар бәріне теңдей болсын деп шешім қабылданды.

Ұсыныс: Сайысқа қатысушы оқушылардың сұранысы бойынша физикалық тәжірибелер жасау үнемі ұйымдастырылып отырылса.

      Наурыз айының 17-де 8-сыныптар арасында «Физикалық тәжірибелер» сайысы ұйымдастырылды. Бұл сайыстың мақсаты физика пәнінен үлгерімі төмен оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Атап айтылғандай әр сыныптан физика пәнін түсінбей жүрген оқушылардан команда жасақтау сұралды. Аталған сұраныс бойынша 8 «А» сыныбынан 4 оқушы, 8 «Ә» сыныбынан 3 оқушы, 8 «Б» сыныбынан 4 оқушы, 8 «В» сыныбынан қатысушы оқушы болмады. Осы жинақталған команда оқушыларымен «Қайнау. Меншікті булану жылуына», «Электр өрісі», «магнит өрісіне» байланысты құралған тәжірибелер жасалды. Оқушылар берілген шарттарды орындай отырып, физикалық құбылыстарды бақылады.

Өткізуші тренерлер құбылыстардың физикалық мағынасын түсіндіріп берді.

Кемшіліктер: Сайыс ұйымдастырылып отырғанымен, сынып жетекшілер тарапынан қадағалаудың аздығы. Пән мұғалімдерінің белсенділігінің төмендігі.

Ұсыныс: Пән мұғалімі мен сынып жетекшілер тарапынан оқушыларына деген жауапкершілік арттырылса.

 «РОБОТОТЕХНИКА»

Желтоқсан айында мектепішілік 1-10 сынып оқушылары арасында робототехникадан командалық сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан бастауыш сыныптың 3 командасы әр түрлі тақырыптарда роботтарын құрастырып, сол бойынша жобаларын қорғады. Жоба қорғауға тек 1 «А», «Ә», «Д» және 4 «Г» сынып оқушыларының командасы белсене қатысты.

Орта буын оқушыларынан 15 команда қатыстырылды. Әр команда алғашқы 2 сағатта өз роботтарын құрастырды, құрастырған роботтарына бағдарламалар құрды. Әр команда «Сумо» және «Түзу сызықтың бойымен жүру» категориялары бойынша жарысқа түсті. Ең белсенді қатысқан 5 «Е», 7 «Б», 8 «А» командалары жүлделі орындармен марапатталды.

Жоғары буыннан 3 командадан сұраныс қабылданып, «Сумо» категориясы бойынша жарысқа түсті. Жарыс барысында 9 «А» сынып командасы жеңіске жетті.

Ұсыныс: Оқушылардың қызығушылығы жоғары болуына байланысты, сайысты тоқсан сайын өткізуді жоспарлау.

«КУБИК-РУБИК»

Мектеп-лицейде Кубик Рубик сайысы ұйымдастырылды. Сайысты ұйымдастырудағы мақсатымыз балалардың жеке қабілетін ашу, шығармашылық дербестігін дамыту, қызығушылығын арттыру, белсенділікті ұлғайту, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету, балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, ізденімпаз  тұлға  қалыптастыру.

Кубик Рубикті шешуге мектеп кезінде математика сабағынан өткен қарапайым ғана формулалар көмектесетін көрінеді. Тек сол формулаларды оқушыларға өмірде қолдана білуге үйретуіміз керек. Егер текшенің беттерін келесі белгілерімен анықтасақ, оның формулалары арқылы түстерін оңай келістіріп жинауға болады: В - үстіңгі беті, Н - астыңғы беті, Л - сол жағындағы беті, П - оң жағындағы беті, Ф - алдыңғы беті, З - артқы беті.

Төбесінде сызықшасы жоқ болса, онда оны сағат тілімен тек 90 градусқа айналдырады. Ал бір сызықша болса, онда оны сағат тіліне қарсы 90 градусқа айналдырады. Егер екі сызықша орналасса, демек көрсетілген бетін кез-келген бағытпен 180 градусқа айналдыруға болады.

1 - формуласы: ВП' В''П ВП' ВП

2 - формуласы:  П'ВЛВ' ПВЛ'В'

3 - формуласы: Ф'П ФП' керекті сан

Рубик текшесімен (8!×38−1)×(12!×212−1)/2 = 43 252 003 274 489 856 000 түзбе жасалуы мүмкін.

Текшені жылдам жинастыруын — спидкубинг деп атайды, ал оны тез жинастыратын адамдарды — спидкубер дейді. Ең жылдам жинау әдісі Джессика Фридрих әдісі болып табылады екен. Міне, осындай мәліметтермен таныса келе, біз де сайысымызды бастап кеттік. Сайысқа 5-10 сынып оқушылары арасынан 20 оқушы қатысты. Тіпті, ата-аналардан осы сайыстың өтетінін естіген Көкшетау қаласының 11 сынып оқушысы да қатысуға арнайы келді. Сайыс өте қызықты өтті. Сайыс болып жатқан кездің өзінде бірнеше оқушы қатарынан тұра қалып бір-бірімен сайысқа түскен сәттері де болды. Осы сайыстың өтіп жатқанын естіген бастауыш сынып оқушыларының да қызығушылығы пайда болып, сырттай бақылап кетіп жүрді.

Біздің мектептің спидкуберлері:

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Уақыт

Орын

1

Нұртай Алау

5 Б

34,37

І

2

Бесінбаев Әділби

5 Г

40,03

ІІ

3

Тұрсын Сырым

5 Е

57,68

Ең тапқыр

4

Бахтияров Әділхан

6 Ә

43,58

ІІ

5

Нұртай Ғұмар

6 Б

47,84

ІІІ

6

Құпан Олжас

7 В

52,67

ІІІ

Нұртай Алау наурыз айында Атырау қаласында өткізілген республикалық «кубик-рубик» сайысына қатысып келді.

24 ақпанда Кубик-рубик сайысы 1-4 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. Сайысты өткізудегі мақсат төменгі сынып оқушыларының арасындағы қызығушылықты арттыру. Сайысқа 26 оқушы қатысты, қатысушылар арасында кубик-рубик құрастыруды енді ғана үйреніп жүрген оқушылардың көп болуына байланысты бір жағын құрастыру бойынша деген дипломдар беру қарастырылды. Сайысты алдыңғы сайыс жеңімпаздары Алау мен Әдіби ұйымдастырды. Сайысқа жанкүйерлік етуге оқушылардың ата-аналары да белсене келді. Оқушылардың күннен-күнге осы ойынға деген сұранысы артып келе жатқандығы байқалды. Сайыс жеңімпаздары толық және бір

жағын құрастыру бойынша дипломдармен марапатталды.

Саятұлы Абай-І орын;

Қайырбек Нұржан –ІІ;

Шаяхмет Арсен – ІІІ;

Қасым Алдияр -ІІІ

Ұсыныс: мектепішінде сайысқа деген қызығушылығы жоғары оқушылардың артуына байланысты  тоқсанына бір рет өткізуді жүзеге асыру.

COOKING СLUB

Наурыз айының 17-ші жұлдызында 6 «Б» және «В» сыныптарының қыз балаларына сол сыныптың шебер, аспаз ата-анасы келіп пирог пен котлет жасаудан шебер сабақ өткізді. Бұл жұмысты ұйымдастырудағы мақсатымыз қыз балаларды үй шаруасына бейімдеп, тамақ жасау шеберлігіне үйрету. Шебер сабаққа осы сыныптың қыз балалары түгелдей қатыстырылды. Қыз балалар ас бөлмеде киетін алжапқыш, бас орамалы, бір реттік пайдаланатын қолғаппен қамтамасыз етілді. Екі сыныптың да ата-аналары барлық балаларға жоғарыда аталған тағамдардың рецептерін таратып, жасау реттін түсіндірді. Оқушылардың қызығушылығы жоғары болуына байланысты шебер сынып өткізу ары қарай жалғасын тапты.

Сәуір айының 7-де 6 «А», «Ә» сыныптарға, 21-і күні 7 «А», «Ә» сыныптар арасында, 28-і күні 7 «Б», «В» сыныптар арасында өткізілді. Бұл сыныптардан да ата-аналары келіп, манты, пирог, торт жасаудан шебер сабақтар өткізді.

Кемшіліктер: 6 «А» сынып жетекшісі оқушыларға гигиеналық талаптар сақтауды ескертпеген. Ата-аналары да дайындықсыз келгені байқалады. Сынып жетекшісі алдыңғы өтілген сыныптардың жұмысына селқос қарағандығы ескертілді.

Ұсыныс: оқушылар мен ата-аналардың сұранысы бойынша шебер сабақ өткізу жалғасын тапса, сынып жетекшілер гигиеналық талаптарды сақтауды қатаң сақтап, жауапкершілікпен қараса.

BALLOON CAR

16-шы ақпанда 7 «Б» сыныбының оқушыларының арасында «BALLOON CAR» сайысы ұйымдастырылды. Ойынды ұйымдастырудағы мақсат оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Жол, Жылдамдық. Бір қалыпты, бірқалыпсыз жылдамдық тақырыптарын зерделеу. Оқушылардың топта жұмыс жасау дағдыларын арттыру. Оқушылар ойын шартына сәйкес барлық құрал-жабдықтармен жабдықталды. Сынып оқушылары 5 топқа бөлінді, әр топқа ойын шарты таныстырылып құралдар берілді. Ойынды физика пәні мұғалімі М.Бекболат ұйымдастырды. Топ оқушылары өз ойларымен бөлісе отырып, жасаған құралдарын ұсынды. Топтар арасынан ең ұзын арақашықтыққа жол жүрген құрал анықталды. Оның себебі түсіндіру сұралды.

Кемшілік: Бұл ойынды оқу жылы ішінде бір ғана сыныппен өткізілді. Басқа сынып оқушылары қамтылмады.

Ұсыныс: Басқа да, сынып оқушыларының арасында өткізуді жоспарлау.

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ» ОЙЫНЫ

2-ші сәуірде 5-сыныптар арасында жоспарланған «Қазақ хандығы» үстел ойыны 11-ші сәуірде өткізілді. Әр сыныптан 4 оқушыдан 7 команда 28 оқушы қатыстырылды. Ойынның мақсаты қазақ руларын өз туының астында қарсыластарынан жылдамырақ біріктіру. Ойын бірінші рет өткізіліп түсіндіру жұмысы аз болғандықтан, оқушыларға ойнау қиынға соқты. Төркөздер бойынша жасалатын іс-әрекеттер барысында шатасып кетіп жатқан оқушылар да кездесті. Ойынды өткізуші 2 оқушыға 7 команда қиынға соқты. Алдағы уақытта жүргізуші оқушылардың өздері тағы да оқу семинарына бару қарастырылуда.

Мамыр айының 18-інде «Қазақ хандығы» ойынына мектеп үйлестірушілері 8 сыныптың 4 оқушысы қалалық сайысқа қатысуға сұраныс берілді. Оқушылар сайыс барысында ойынның шарттарын толық меңгеру ұсынылды.

Кемшіліктер: Сынып жетекшілер тарапынан қадағалаудың болмауы.

Ұсыныс: Әлі де болса, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойынның жүргізілуін жалғастыру.

Жыл бойынша жоспарланған жұмыстардан орындалмағаны: «Қазақстан ғарыш сапары», «Нейтрон» орталықтарына саяхат, Тетраком ойыны

Сабақтағы зерттеу жұмысы бойынша білім сапасы төмен сыныптарда математика, физика пәндерінен зерттеудің жүргізілмеуі. Пән мұғалімдерінің оқу жүктемесінің көптігі әсер етуі.

Мектеп-лицейдің  оқу-тәрбие үрдісіндегі иноовациялық жұмыстары

Мектеп-лицейдің  оқу-тәрбие үрдісіндегі иноовациялық жұмыстардың  іс-шаралары  жылдық өндірістік жоспар бойынша    жүзеге асырылды.

2017-2018 оқу  жылының қыркүйек айынан енгізіліп отырған жобаларға  мектебіміздегі бастауыш сыныптан бастап барлық оқушыларға,  мектептің ата-аналарына, жаңадан келген ұжым мүшелеріне таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Педагогикалық кеңесте «Мектептегі әлеуметтік жобалардың ұйымдастыру  жұмыстарының маршруттық қартасы» жасалып қолға алынған шараларды нақты қадамдармен көрсетіп, жылдық жұмыс жоспарымен таныстырылды. Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында әр жобаның мақсат, міндеттері айтылып, ашық есік күні ретінде ұйымдастырылып өткізілді. Осы шарадан соң оқушылар да, ата-аналардың да жобаға қатысуға қызығушылықтарының артқаны байқалды, себебі әр жобаның ұйымдастырушылары,  қатысушылары жарнамалық бағытта ұсынғандықтан өз идеяларының жақсы, бала үшін тиімді жағын көрсете білгендіктерінің әсері болғанын байқадық.

           Осы шарадан соң оқушылар да, ата-аналардың да жобаға қатысуға  қызығушылықтарының артқаны байқалды, себебі әр жобаның ұйымдастырушылары,  қатысушылары жарнамалық бағытта ұсынғандықтан өз идеяларының жақсы, бала үшін тиімді жағын көрсете білгендіктерінің әсері болғанын байқадық. Сынып жетекішлер тарапынан да ІІ тоқсандағы ата-аналар жиналысын толық мектептегі жүргізілетін әлеуметтік жобаларға арнап өткізді. Ата-аналар тарапынан қызығушылықтар пайда болып, мектептегі жобалар баланың дамуына, кез-келген ортада өзін еркін ұстауына, ойлау деңгейінің артуына, қоғамдық жұмысқа қатысуға белсенділіктерінің артуына ықпал етеді  деп тұжырымдады.

         Оқушылардың  ойлау қабілеттерін арттыру үшін «GUEST»  ойыны өткізілді. Бұл ойын арқылы оқушылар топта бірлесе  жұмыс жасауға , тығырықтан шығатын жолды таба білуге, ойнай отырып ойлауға үйрететінін және оқушылардың мінезін анықтауға болатынын да байқадық. Жетекшісі 10 сынып оқушысы Сапарғали  Балым 4 сынып оқушылармен  және 5Е сынып оқушыларымен екі рет өткізілді. Өткізілген ойынның оқушылар үшін қызықты болғаны және логикалық тапсырмалардың да пайдасы болғандықтан келесі жылы да бұл ойынды жалғастыру жоспарланды. Әсіресе тақырыптық Экологиялық GUEST ойыны өткізу жоспарланса, себебі экологиялық жобаның аясында жүргізілетін шаралардың бірі ретінде қарастыру ұсынылды.

Оқу жылының ІІ жарты жылдығында ТОО «Астана Юрист»  «Бизнес инкубатор»  курсы бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған бағдарлама ұсынды. Бағдарламадағы бір курсты оқуға   жалпы 10 негізгі тақырып жоспарланса, оның 8 теориялық және  практикалық семинар сабақтарына бөлінген. Жобаның мақсатымен 8-10 сыныптар арасында түсіндірме сабақтары жүргізілді. Болашақта кәсіпкерлікпен айналысудың негізін үйрететіні жайлы ақпарат берілді.  Алғашқы сабақтан оқушы бизнес идеясын ойластырып, ойлаған идеяға анализ жасауды үйренсе, бизнес планды қалай құру керектігі, бизнеске қаржы көзін қалай табу керектігі, жеке кәсіпкерлікті қалай тіркеуге болады, өз бизнесіңді дамыту жолдары сияқты қызықты тақырыптар курс барысында өтілді.  Жалпы «Бизнес инкубаторға»  қатысуға оқушылар тарапынан қызығушылық жоғары болды, бірақ өздерінің қосымша баратын сабақ кестелеріне сәйкес келмегендіктен көпшілік жазылған оқушылар сабаққа қатыса алмады.   Оқушының аз қамтылуының тағы бір  себебі, ата-аналарға ақпараттың толық, дұрыс жетпеуі болды.  Жобаға қатысқан А.Қалбиат  идеясы С++ тілімен  бағдарламалауды өз достарының арасында програмист болудың алғашқы қадамдарын және кодтаудың негізін оқытуды мақсат етті. Сағынбай.Б, Нуридин.М   мектеп оқушыларына өз идеяларымен дайындалған туған күнге арналған құттықтаулар мен открыткалар дайындады. Туған күн мерекесі жиі аталып өтетіндіктен  дизайнерлік авторлық жұмыстарының сұранысқа ие болатынын айтты. Қатысушы оқушылар мамыр айының 24 жұлдызында өз жобаларын көпшіліктің алдына өз жұмыстарын ұсынды. Түрлі дизайнерлік  открытка, әдістемелік кітапша құрастырып, лоторея ойынын ұйымдастыру арқылы жеңімпаздарға сыйлық ретінде өз жасаған өнімдерін тарту етті. Жобаға қатысқан Сағынбай.Б, Нуридин.М, Қалбиат.А ұйымдастырушылар атынан курсты аяқтағаны жайлы сертификат иеленіп, топ мүшелері кубок алды. Келесі оқу жылында жобаны қыркүйек айынан бастап  жүргізуді жоспарладық.

             Оқушыларды зерттеу-жобалау жұмыстарына тартып, жан-жақты дамуына жол ашып, шығармашылыққа  шыңдаудайтын  мұғалім.  Сондықтан  жоба негізінде білім алу (PBL) сабақтарын өткізуді  ІІ жарты жылдықта, мұғалімдер курстан өткен соң бастадық. 

           Қазіргі кездегі оқытуда мұғалімдер  жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарында ұтымды пайдаланып,  топтық  жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушыларды өздігінен білім алуға бағыттай отырып, оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру болып табылады. Жоба негізінде білім алу әдісі (PBL)  бойынша жоба негізінде білім алуды мектепте өткізудегі мақсатымыз оқушы сабақта алған білімін теория түрінде жаттанды емес, кез-келген ортада, өмірде  қолдана алуға үйрету.  Балалардың өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үнемі өмірге дайындау осы әдістің негізі. Балаға еркіндік беріледі, яғни өзі таңдап алған әрекетті қызығып орындайтыны белгілі. Сондықтан, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруда  өздігінен , мұғалімнің ата-ананың көмегі арқылы өз білімдерін тереңдетіп,  сыни ойлауды дамыту.

           Мектебімізде 2018жылдың сәуір айының 20-нан бастап PBL үрдісі бойынша  курстан өткен   пән мұғалімдері  бекітілген  кестеге сай ашық сабақтар  өткізді. Жоба негізінде білім алу әдісінің  негізі  ынтымақтастық ортада  шығармашылық жұмыспен айналысуарқылы  сын тұрғысынан ойлай отырып,  қарым-қатынас ортасын құру болып табылатыны белгілі.   Сабақ өткізген пән мұғалімдері сабақ жоспарын 4-5 аптаға жоспарлаған, тақырып таңдалып алынғаннан кейін,  сабақтың ұзақтығы белгіленіп,  нақты мақсаттар алынады, табыс дағдылары анықталған соң, жоба мазмұнында PBL-дің негізгі идеясы  беріліп,  әр аптадағы атқарылатын жұмыстар бөлінеді.  Таңдалып алынған тақырыпқа сай бағыттаушы сұрақ беріледі.  Оқушылармен жұмыс жүргізу барысында өнімді дайындауға қажетті ресурстар беріліп, соңғы сабақта дайын өнім алынады.

         Сабаққа қатысу барысында біздің байқағанымыз   пән мұғалімдері сабақтарын әр апта бойынша нақты жоспарланған жұмыстарды жүргізіп отырған, алғашқы күннен бастап  сыныптағы барлық оқушы  зерттеу күнделігін тақырыпқа сай жүргізген.  Мұғалім тарапынан бағыттаушы сұрақ оқушы үшін түсінікті  болғандықтан,  оқушылардың соңғы  қорытындылау сабақтары жақсы өтті.  Бұл сабақта  дайындаған презентациялық жұмыстары, алынған сұхбаттары, жасаған бейне роликтері, сауалнаманың қорытындысы ретінде ұсынған мониторинг жұмыстары нақты  дәлел болды.  Тақырыпқа сай дайындалған түрлі макеттер де  оқушылардың шығармашылығын арттыруға септігін тигізді.  Оқушыларға осындай сабақтың ұнайтындығы  топта бірлесе жұмыс жасайтыны, туындаған проблеманы бірлесе шешіп, зерттеумен айналысатындары  ұнағанын айтты.  Курстан өткен 26 мұғалімнің сабақ өткізу кестесі  наурыз айында өздерінің таңдап алған сыныптары мен, сабақ өткізетін күні, тақырып нақтыланып бекітілгеннен соң дайындық жұмыстары басталды.

Өткізілген сабақтарда нақты бағыттаушы сұрақ берген, оқушыларды толық сабаққа жұмылдыра алған  пән мұғалімдерінің Д.Сералина, Қ.Альбаттинова, Ж.Дильмағанбетова, Ш.Шағатаева мен С.Амиржанованың зерттеу сабақтарын іс-тәжірибе ретінде таратуға, оқушыларын ғылыми жобалар конкурсына қатыстыруға ұсыныс білдірілді. Кестеге сай түрлі себептермен сабақ өткізе алмаған мұғалімдерге жаз кезінде оқушыларға тапсырма беріп,бағыттау қажет екені ескертілді. Сабқтың тақырыбын таңдағанда оқушының жас ерекшелігін ескеру керектігі де мұғалімдерге айтылды.  Жаңа  оқу жылыда жобалау сабағын жылына екі рет өткізу жоспарланып отыр. Әр мұғалімнің сабағына кері байланыс жасалды.

Мектеп ұжымының  осы  оқу жылында қала, республика, халықаралық деңгейдегі  іс-шараларда қол жеткізген жетістіктері баршылық. Биылғы оқу жылында атқарылған іс-шараларда ерекше белсенділік танытып, өз шығармашылығымен, жетістіктерімен ерекшеленген оқушылар мен  ұстаздартүрлі деңгейдегі сайыстарда топ жарды.

      - Мектеп ұжымы - Эко болашақ Республикалық әлеуметтік-экологиялық жобасында көрсеткен белсенділігі үшін Бас жүлдемен марапатталды

     -  Мектеп ұжымы Республикалық «Үркер» зияткерлік орталығының Алғыс хаты мен  кубок тапсырылды. 

.  - Республикалық  «Педогогикалық идеялар фестиваліне»  қатысқан Л.Култаева «Мектеп – оқушыларға комфорттық зона» тақырыбында жоба қорғап І Дәрежелі дипломмен марапатталды;

     -   Республикалық «Педогогикалық идеялар фестивалінде» «Туған елге тағзым» жобасын  қорғап  Ұзақбайқызы Г.  «Өз ісінің шебері» номинациясымен марапатталса, «Оқуға 100 кітап» жобасымен  қатысқан қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қ.Бекбарова сертификат алды;

-  Жоба аясында жүргізілген жұмыстар бойынша Г.Ұзақбайқызы «Туған елге- тағзым» әдістемелік көмекші құрал  шығарды.

-   Қолданбалы экология жобасының жетекшісі А.Жолдасқалиева  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Адами әлеует елдің инновациялық дамуының басты факторы» және  «Экология және балалар» қалалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды;

     - «Оқуға 100 кітап» жобасының жетекшісі Нұрлан Зоя  Ұлттық кітапхана өткізген «Кім көп кітап оқыды» сайысына қатысып  сертификат алды;

    -  Оқу жылының басында жоспарлағанымыздай  «STEM лабороториясы» заманауи талапқа сай толық жабдықталып, зертхана ретінде ашылды.

Оқушылардың жетістіктері:

-   Қырғызстан Республикасы  Ош қаласында,  ҚРБҒ минстрлігі мен «Алтын туйун»  инженерлік-техникалық академиясының ұйымдастыруымен «Мы –интетеллектуалы ХХІ века»  тақырыбында жас өнертапқыштар мен ізденушілер арасында халықаралық сайысқа «Мектептегі энергияны үнемдеу» тақырыбында Ж.Серікқалиұлы мен А.Тлеуғалиев қатысып  ІІ Дәрежелі дипломмен марапатталды.

-    Эко болашақ Республикалық әлеуметтік-экологиялық жобасында көрсеткен белсенділігі үшін  мектептің 20 оқушысына Мадақтама берілсе,  2 оқушыға бағалы сыйлықтар табысталды;

-   Қалалық «Кім көп кітап оқыды» сайысына 7-8сыныптар арасынан 4 оқушы қатысып, 8 сынып оқушылары  Б. Қадірбек  және  Т. Рахметов І орын алды

-  Қалалық  «Балалар бастауы-2018» әлеуметтік жобалар байқауына қатысқан 5В сынып оқушысы Қасым А ерекше жетістігі үшін Грамотамен марапатталды.

-  «Желтоқсан тәуелсіздіктің бастауы» өлкетану жобасына қалалық сайысында «Табиғат және экология» номинациясы бойынша Оршыбек А ІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталды;

-  «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің ұйымдастыруымен өткізілген «Ғылым. Білім. Жастар» атты ІV –ші қалалық ғылыми тәжірибелік конференцияға студенттермен бірге қатысқан А.Тлеуғалиев, Ж. Серікқалиұлы  «Мектептегі энергияны үнемдеу»  тақырыбында қатысып  I Дәрежелі Дипломмен марапатталды. 

- Робототехника және инновациялық технологиялар бойынша Алматы қаласында өткен ашық чемпионатының Роботтар сайысы конкурсында Е.Өмірбек,  И.Төленов, А.Дүйсебаев  «Линия » номинациясы бойынша жүлдегер атанып, ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталды;

-   Қарағанды қаласында өткен «Роболанд»  конкурсына қатысып сертификат иеленді.

- «Экология және балалар» ғылыми  практикалық конференциясына  қатысқан Ж.Байболова, А.Зейнолла ІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталды.

- «Үздік оқырман» номинациясы бойынша ерекшеленген үш оқушыға  4В сынып Сағындықова Самира, 5 «Ә» Қазбек Айғаным, 10Ә сынып оқушысы Әбдіқадір Әсемайға мектептегі  жұлдыздар шеруінде жеңімпаз кубогы табыс етілді.

           Жобаларды жүргізуде, оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету үшін түрлі шаралар, конкурстар өткізіліп, ережесі жасалынды.Мысалы:  Менің көшем, Ең үздік оқырман, Мен қағаз қалдығын жинадым..., Smart problem resolution , Ландшафты дизайн, Тәуелсіздікке тарту, Скрапбукинг сайыстарына  өткізу ережесі жасалынды.

Мектепте жүргізілген  әлеуметтік жобалар:

            9. «STEM» жобасы

Осы жобаларға  оқушылардың қатысу деңгейі өте жоғары болды мысалы «Оқуға 100 кітап», жобасы  бойынша бүкіл сынып оқушылары кітап оқуға жұмылдырылса, «Туған елге тағзым» жобасының аясында барлық сынып оқушылары  музейге барып танымдық саяхат жасады. Төменде берілген диаграммада оқушылардың әлеуметтік жобалар бойынша түрлі сайыстарға қатысу үлесі көрсетілді.

Жалпы мектептегі барлық сыныптар бойынша оқушылардың жобаға қатысу үлесі

 

Биылғы жүргізіліп отырған жобаларға барлық оқушылар бірдей тартылғанымен өз қызығушылықтары, сайыстарға қатысулары бойынша бірдей болмады. Диаграммада көрсетілгендей оқушылардың ең көп қатысқандары «Дизайн» жобасы болды, себебі кез-келген идеяны жүзеге асыру үшін жобалау қажет болғандықтан бастауыш сыныптан бастап түрлі сайыстар Гүлдер композициясы, Ландшафт дизайны, Тәуелсіздікке тарту, Скрапбукинг, Экопакет сияқты конкурстарда топтық жұмыстар арқылы өкізуді жоспарлағандықтан оқушыларда көп қатысты.  «Қолданбалы экология» жобасында барлық оқушы қағаз қалдығын жинауға қатынасты, мына диаграммада  «Мен қағаз қалдығын жинадым….» тақырыбында жоба мен эссе жазған оқушылар үлесі көрсетілді. Робототехникаға тұрақты қатысып жүрген оқушылар аз болғанымен жоба бойынша өткізілген олимпиада мен турнирлерге қатысуға барлық сынып оқушылары қызығушылық білдірді. . 

Бастауыш сыныптар бойынша оқушылардың жобаға қатысу үлесі

 

 

 

Басатауыш сыныптар бойынша оқушылардың әлеуметтік жобаларға қатысу деңгейі жоғары болды. Ең көп оқушы «Дизайн» жобасы бойынша қатысты, қыркүйек айынан бастап топта жасаған  дизайнерлік жұмыстарын сайыстарға ұсынғандықтан, үлесі жоғары болып тұр. «Оқуға 100 кітап» жобасы 1 сыныптан басқалары,  түгел кітап оқуға жұмылдырды, сыныптарында кітап оқу бұрышын жабдықтады. Диаграммадағы көрсеткіш тек Үздік оқырманға қатысқан оқушылар үлесін ғана көрсетіп тұр. STEM ақылы негізде ұйымдастырылғандықтан, әлі де ата-аналар тарапынан толық түсінбегендіктен қатысу деңгейі төмен болды.

5-7 сыныптар бойынша оқушылардың жобаға қатысу үлесі

 

 

Орта буында оқитын оқушылардың жалпы әлеуметтік жобаларға тартылу деңгейі жоғары. Ең көбі «Қолданбалы экология»  мен «Дизайн» жобасына тартылды. Себебі  мектепте түрлі деңгейде ұйымдастырылған жобалау- зерттеу жұмыстарына қатысу белсенділіктері өте жоғары болды. Жоспарланған саяхат маршруттары мен танымдық саяхаттарға да осы жастағы оқушылар көптеп қатысты.

8-10 сыныптар бойынша оқушылардың жобаға қатысу үлесі

 

 

Жоғары буында оқитын оқушылардың қатысуында ең төменгі көрсеткіш робототехника мен медиа журналистика  көрініс тапты. Бұның себебі ұйымдастырушы педагогтың оқушыларды қызықтыра алмағанынан, оқушылар көбірек қатысу үшін конкурстар мен шебер сыныптар жиі өткізіліп тұрса. Осы жастағы оқушылар Тед-ед жобасына қатысуға қызығушылық білдірді, бірақ та қатысқан барлық оқушы әлі де ортада өз ойын жүйелеп көпшілікке шыққысы келмеді.   Өз идеяларымен көпшілік ортаға шыққан   оқушылар қалалық  семинарда. ата-аналар жиналысында .

«ОҚУҒА 100 КІТАП» жобасы.

        Оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту арқылы,  сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу мақсатында жоба жүргізілді.  Жоба бойынша мектеп  кітапханашысымен бірлесе отырып, оқуға  арналған 100кітаптың тізімін анықтап,әр сыныпқа берілді.  Қазақ тілінде 60кітап, орыс тілінде 20, ағылшын тілінде 20кітаптың тізімі нақтыланды, бастауыш сыныптар бойынша жас ерекшеліктері ескеріліп, мұғалімдерімен келісе отырып 25 кітаптың тізімі берілді.

Кітап оқуға қызықтыруда  100 кітапты таныстыру сабақтары түрлі іс-шаралар жоспарланып, кітапханада оқу күндері, викториналық ойындар, конференция мен кездесулер өткізілді.   Ата-аналарға жобаны  таныстыру сабағы «Book Bingo» ойыны арқылы өткізіліп, қатысқан ата-аналарға қызық болғаны, 100 кітаптың тізімімен танысқандары өздері үшін пайдалы болғандарын айтты. Әр сыныптың кабинетінде сынып кітапханасы жасалды.  Жоба барысында атқарылған шаралардың ең негізгілерін атап өтсек. 8-9 сыныптар бойынша оқыған Ш.Айтматовтың «Жан пида» романы мен Т.Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесін талдау бойынша топтық жұмыс ретінде  талдау сабағы. Оқушылар түсірген бейнефильммен бөлісіп, тың деректерге қанық болды.  Роман кейіпкерінің іс-әрекеті негізінде ой алмасып, пікірталас тудырды. «Кім көп кітап оқыды»

 

                          

 

          

 14 қазанда  5-7 сынып арасында «Әкеммен әдебиет әлемінде» тақырыбында отбасымен бірлесе оқыған кітап туралы әдеби кеш өткізілді.    Сайыстың мақсаты:  әдебиетті сөз өнері ретінде түсініп қабылдауға,  қазақ және әлем әдебиетінің классикалық туындыларын түсініп оқуға, көркем ойлау және бейнелі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.  

  Кітап оқуға оқушылармен     қатар   ата-аналарды жұмылдыру, мектеп өмірімен байланысын күшейту  мектеп оқушыларының әдебиетке, театралдық өнерге қызығушылығын арттыру,  оқушы мен отбасы арасындағы байланысты нығайту.

Осы шараның өту барысында әкесі мен баласының бірге оқыған көркем әдебиеті бойынша сахналық қойылым көрсетті, алдын ала дайындалғандықтан кітап мазмұнын толық, қызыға оқығандары  және әкесі мен баласының арасындағы үзілместей болған байланыс байқалды.

           28 қазан күні мектеп-лицейімізде 100 кітап жобасы аясында мектеп-лицей шәкірттеріне кітап оқуға, білімге құштарлығын арттыру мақсатында "Өмірімді өзгерткен кітап" атты кездесу өткізілді. Аталған кездесу барысында  өмірлік тәжірибесі мен жетістіктері мол  дара тұлға келешек жас ұрпаққа үлгі болып,  кітап оқуға  деген құштарлық сезімін оятады деген ойда ұйымдастырылып еді.  Осы оқу күні деп жоспарланған күнге  2-11 сынып оқушылары толығымен қатысты.  Шараға еліміздің бетке ұстар тұлғалары  және барлық сыныптар бойынша ата-аналар комитеті келіп, оқушылармен әңгіме-дүкен құрған болатын.  2-6 сыныптар  бойынша ата-анасымен бірлесе оқыған кітаптары жайлы немесе жетістікке жеткен ата-ананың өзі осы кездесуді өткізуді қолға алды.   7-11 сыныптар арасында арнайы қонақтар  шақырылды.  Қонақтар қатарынан: ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаттары қауымдастығының мүшесі, Тәуелсіз сараптама комиссиясы төрағасының орынбасары Саясат Нұрбек, Назарбаев Университетінің Ассистент профессор Қанат Дүкенбаев, Ақын,  филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия университетінің доценті Оңайгүл Тұржан,   «Zerek»  дербес даму орталығының  бас директоры, сертификатталған жаттықтырушы  Аманжолов Бекарыстан, Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының педагогикалық инновациялар зертханасының жетекшісі Каркулова Айгүл Әкімгерейқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали, Бірнеше мәрте физика пәні бойынша облыстық олимпиада жеңімпазы Мутанов Бекжан Төлегенұлы және де тағы басқалар. Келген құрметті қонақтар өздерінің өмірлеріне әсер еткен кітап, жазушы туралы кеңінен әңгімелеп, сол кітапты кездесуде белсенділік танытқан оқушыға сыйлады. Басты мақсат сол кітаппен білімалушылар ары қарай жұмыс жасап, кері байланысқа шығу еді.

           «Досыңа кітап сыйла» шарасын өткізуді  әр сынып түрлі мерекелерде сыйлық ретінде ұсынуды дәстүрге айналдырды.  Оқушылар алған кітаптарын өзара алмасып оқуды да жалғастырып келеді.

«Отбасымен бірге кітапты талдау» оқыған кітаптарды дастарқан басында талдаса, өмірмен байланыстырса , баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін  ата-ана тарапынан  ойын үлгісінде,   әртүрлі қызықты  іс-шарамен жалғастырса. Мысалы: кітаптағы кейіпкердің бойындағы қасиетін айту, оқиға желісімен сурет салу,белгілі бір бетіндегі бір сөзді құпия ретінде ұсынып, соны табуды тапсырма ретінде құрастырады. Жыл бойында осы жоба аясында ұйымдастырылып өткізіліп отырған шаралар оқу жылының соңындағы жасалған ережеге сай  «Ең үздік оқырман »сайысы өткізіліп,  бастауыш. орта, жоғары  сынып оқушылары арасынан 3 оқушы  үздік оқырман аталады.

Қол жеткізілген нәтиже :

      -  5-10 сыныптар бойынша 100кітап жобасын  таныстыру сабақтары өткізілді;

-  100 кітап бойынша берілген шығармаларды талдауғы  9Ә, 9Б, 8Ә сыныбының оқушылары қатысты.

- «Кітапханаға кітап сыйлау акциясы»  өткізіліп 1-11 сыныптар бойынша барлық оқушы тартылды,   барлығы 860 кітаптың 59 кітабы осы жоба тізіміндегі кітаптар болды. Ерекше белсенділік танытқан сынптар 8Ә, 5Ә, 4В сынып жетекшілері Г.Ахметова, Г.Аболда,Ж. 

-  Ұлттық кітапханада ақын сатирик М.Ершумен кездесуге 5-6 сыныптар бойынша 28 оқушы қатысты.

-  Мектепішілік  «Әкеммен әдебиет әлемінде» 5-7 сынып арасында өткен сайысқа барлығы 7 үміткен әкесімен бірге барлығы сайысқа 14 адам қатысты. 5 «Е»сынып оқушысы  Тұрсын Сырым  үздік нәтиже көрсетіп І орын иеленді.

-  Мектепішілік «Ең үздік оқырман»  сайсына  2-4 сыныптар бойынша 18 оқушы қатысып 2 «Д» Қайырбек Д, 3 «Г» Құрбанбай Қ,  4 «В» Сағындық.С, І орын иеленсе, 5-8 сынып арасынан 17  қатысып 5 «Ә» сыныптан Қазбек А, 7 «А» сынып тан  А.Мейір І орын иеленсе , 9-10 сынып бойынша 5оқушы қатысады.

         Нәтижеге толық қанды қол жеткізбеуіміздің басты себебі:

Кітапханада көркем шығармалардың аздығы, 100 кітап жобасындағы тізімнің жас ерекшеліктеріне сай келмеуі,  қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерімен бірлесе қайта тізім жасауды ойластырса, белсенді оқушылардан «кітап оқу клубы» жүргізілсе, сынып жетекшінің тарапынан қолдау болып, оқушылардың кітап оқуына қызығушылығын  арттыруда кітапханашымен бірлесе отырып өткізілетін іс-шараның  жоспары құрылса.   

«ҚОЛДАНБАЛЫ ЭКОЛОГИЯ» жобасы.

Экологиялық тұрақтылық қазіргі уақытта өзекті және маңызды мәселе болып табылады. Бұған оқушылар жобалаған қалдықтарды қордаландырудан бастап энергия үнемдейтін қосымшаларға дейін көптеген жұмыстар атқаруға болады. Жобаның айрықша бір түрі  мектептегі әрбір оқушыны өсімдіктерді отырғызу, өсіру, жинау, дайындауға  отбасылармен бірге нәтижесін пайдалануға ынталандыратын мектеп бағбандары болады. Бұл жоба мектептің барлық сыныптарында бастауыштан бастап қамтылады.

    Жобаның мақсаты: баланы қоршаған ортаны қорғаудың және ластану мәселелерін шешуде белсенділігін арттыру. Күнделікті тұрмыста қаншама зат пайдаланылып , жарамсыз болып жатқанын көріп өскен балада да өз ортасына деген немқұрайлылық пайда болады, егерде осындай жобаларды жүргізу арқылы насихаттау жұмыстары қолға алынса, үнемшілдік дегенге, қайтадан ескіден жаңа зат жасауға болатынына көзін жеткізуге болады. Жоба биологиялық және физикалық  болып екі бағытта жүргізіліп, мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының экология министрінің және жас мамандардың басқаруымен жүргізілуде.

  «Мен ағашты құтқарамын»  экологиялықакцияның  басты мақсаты өскелең ұрпақты үнемшілдікке тәрбиелеу, қалдықтарды бөлек жинау ұғымы мен оның маңыздылығына назар аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Қоршаған ортаны, энергияны және ресурстарды үнемдеуді әдетке айналдыруға бағытталған «ЭКО БОЛАШАҚ» республикалық әлеуметтік-экологиялық жобасына жылда  тұрақты қатысуды дәстүрге айналдырдық. Биылғы жылы  жобаны  өткізуде мектебімізде арнайы ереже жасалып, сыныпаралық рейтинг көрсеткішінің нәтижесі  ретінде өткізуді қолға алып едік, өзіміз күтпеген жетістіктерге қол жеткіздік. Жарыса макулатураны өткізген ата-ана да, бала да бір үлкен науқан іс жасағандай  жағдайда болды.  Себебі қалдық қағазды жинау арқылы қаншама ағашты құтқарып қалғандары үнемі жарияланып, насихатталып  отырды.   Былтырғы оқу жылында  республика бойынша 6 -орында болып,  болашақ ұрпақтың экологиялық біліміне қосқан үлесіміз үшін «Алғыс хатпен» марапатталсақ,  биылғы жұмыстың нәтижесінде Астана қаласы бойынша ғана емес,  бүкіл республика көлемінде І орынға шығып,  9т 900кг  макулатура  тек І тоқсан бойынша ғана өткізілді.

           Оқушылардың арасында  «Біз мектепте қағаз қалдығын жинадық.....» тақырыбында  3-10 -сынып оқушыларының арасында әр сыныптан ең көп жинаған немесе мүлдем қатыспаған, ең аз жинаған т.б ерекшеленген бір оқушыны сыныптан ұсынады. Бұл оқушылар ережеге сай не үшін,  қалай қағаз қалдықтарын жинағандарын, болашақта осы бағытта тағы не істер еді деген сұрақтар көлемінде 3 слайд арқылы, 3минуттық жұмыс жасап қорғайды, үздік жұмыс анықталады.                                                                                                      

Арнасай селосына «Жасыл технологиялар» орталығына саяхат.  29 қараша 2017 жылы Астананың іргесіндегі Арнасай ауы­лындағы «Жасыл технологиялар орталығына» 8-10 сыныптан 40  оқушымен бірге 4 мұғалім  барып,  жұмыстарымен танысып қайттық.  Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысып жүрген,  зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан оқушыларды және өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері барды. Арнасай ауылында жиырмадан астам «жасыл» технология түрі жолға қойылған екен.  Осы орталықтың директоры Елдос мырза бізді қарсы алғаннан соң оқу залына кіргізді.  Оқушыларға  орталықтың  қызметкері Ләззат Кажетаевна «Жасыл экономика» туралы презентация көрсетіп, жобаны жүргізу мақсатын түсіндірді.  Жаңғырмалы энергия көздерін тұтыну бойынша әлемге үлгі көрсетіп отырған елдердің тәжірибесін баяндады. Оқушылар өздеріне қызықты сұрақтарды қойып, интерактивті диалог орнады.   Әсіресе балаларға қызықты болғаны жылда өткізіліп отырған «Мой зеленый Казахстан» конкурсы. Биылғы жылғы 16 жеңімпаздың бейнематериалын мысал ретінде көрсетті.  Жазғы демалыс лагерінің жұмысының қызықты сәттерін, оқушылардың палаткаларда демалып, табиғат аясында қызықты демалыс сәттерін өткізгендіктері жайлы  әңгімеледі. Қазіргі табиғатқа адамзаттың аяусыздық көрсетіп жатқандығы, болашақта табиғат ресурстарының шексіз емес таусылатындығы жайлы жақсы әңгіме өрбіді. Бұлыңғыр күңгірт экономика мен жасыл экономиканы салыстырып көрсету арқылы оқушыларға табиғатты . қоршаған ортаны қорғау арқылы әркім өзінен бастағаны жөн. 

         Аудиториядағы оқу кезеңінен соң орталықтың жұмысымен таныстыру экскурссиясы болды. Жыл бойы таза табиғми өнім беретін фитодиодтық жылыжайлар, гидропоника қызметтері мен энергия үнемдеудегі жаңа  тәсілдер  жас жеткіншектер үшін үлкен жаңалық пен жаңа әсерлерге толы өтті. Ғимараттың іші  пиролиз пештермен жылытылады, күн батареяларының,  жел генераторларының қуатын пайдаланып,  жарық диодты шамдарды пайдаланып, жұмыс істейтіндігін көрсетті. Жүз рет естігенше бір рет көр дегендей орталықтан қайтар жолдағы оқушылардың көздері жанып, жақсы дүниеден бір қуаныш, ләззат алғандарын жасыра алмай, бір –бірімен жарыса айтып жатқандарынан байқадық. Арнаулы экскурссия оқушыларға өзінің қоршаған орта үшін пайдасын тигізудегі алғашқы игі бастамасы болмақ.

Біз, мектебімізде қағаз қалдықтарының санын азайтуға бағытталған «Мен қағаз қалдығын жинадым...» жоба жұмысын жәнне эссе жазудан оқушылар арасында сайыс өткізілді.  Мектеп оқушылары, жоба қорғау барысында макулатура ұғымына тоқталып кетіп, қағаз қалдықтарының санын азайтудың бірнеше бағыттарын ұсынды. Айта кететін болсақ, 3 «а» сынып оқушылары: кардондардан әртүрлі заттар салуға болатын қорапшалар, 5 «в» сынып оқушысы: қағаз қалдықтарын 3 деңгейге бөліп жинайтын жәшік, 5 «б» сынып оқушылары: статистикалық мәліметтер, 5 «г» сынып оқушысы: макулатура қабылдайтын бөлімшелердің санын көбейту, 3 «е» сынып оқушысы: шикізат дайындау, яғни әртүрлі бұйымдар жасау, кәде сыйлық корабтары мен тұрмыстық заттар салуға арналған жәшіктер және т.с.с., әрбір оқушының идеясы мен жаңашылдығы таңғаларлықтай! Үздік деп танылған жұмыстар қалалық деңгейде болатын сайыстарға жолдама алды.

Оқушылардың жазған эсселері.

Мен қағаз қалдықтарын жинадым...  Қайта өңделген қағаз – ескі қағаз және кардон өнімдері, баспа кәсіпорындарының қағаз қалдықтары және т.б. қағаз фабрикаларында қайталама шикізат ретінде пайдаланылады. Қазіргі уақытта қалдықтарды қайта өңдеу экология тұрғысынан қажет. cтатистикалық мәліметтерге сүйенсек миллион халқы бар қаланың, мысалы, Астана қаласының тұрғындары, бір жылда екі миллион тоннаға жуық қоқыс шығарады, оның 40%  қоқыс қағазы. Бірақ 1 тонналық қоқыс қағазынан 5-6 текше метр ағаштан бірдей өнім шығаруға болады, бұл бірнеше ондаған жылдар бойы өскен бірнеше қатты ағаштарға тең.

      Бұл ойлануға тұрарлық:

        100 кг қоқыс қағазы – бұл бір сақталған ағаш, жер бетіндегі барлық қоқыстардың төрттен бір бөлігі – қағаз қалдықтары мен қағаз өнімдері;

Орташа Қазақстандыққа жылына 25 кг қағаз қажет, сондықтан бір отбасы, қажет болса, жылына 1 ағашты үнемдей алады;

         Біздің планетамыздағы ормандардың ауданы үнемі төмендейді, сондықтан ағаштар тапшылығы жақын арада жаһандық проблемаға айналады;

Соңғы бірнеше жылда әлемдік қағаз тұтыну бірнеше есе өсті. Компьютерлердің, электрондық құжат айналымының түрлі жүйелерінің және басқа да қазіргі заманғы технологиялардың пайда болуы осы үрдісті өзгертпейді.   Қағаз қалдықтарын жинау тек қана экологияны тазартып қоймай, біздің бойымызда табиғатты қорғау сезімін ұялатады.  Біз отбасымызбен жыл сайын қағаз қалдықтарын жинап, оны макулатураға тапсырамыз.  Есдаулетова Айсезім 5 «б» сынып

Мен қағаз қалдықтарын жинадым...

 Менің атым Ерсайын.  Жасым 11-де.   Мен ағаштарды қорғау үшін қағаз қалдықтарын жинадым. Себебі, адамдардың көсібі қағаздарды текке тастайды. Сол үшін ормандарда ағаштар кесіліп жатыр. Қағаз – ағаш діңдерінен жасалады.  Біздің үйімізде көп мөлшерде қағаз қалдықтары кездесе бермейді, сондықтан, мен қағаз қалдықтарын туыстарымнан, ағамнан, туған тәтемнен, достарымнан сұрадым. Ағамда бірнеше көне кітаптар бар еді, сол кітаптарды ағам маған берді. Туыстарым 15 кг, тәтем 70 кг макулатура жинап берді.   Жинақталған макулатураны мен мектепке әкеліп таптысдым. Ағаштарды құтқару үшін әрі қарай мен қағаз қалдықтарын жинай беремін.  Болат Ерсайын. 5 «б» сынып оқушысы

 Мектептегі «Энергияны үнемдеу» жобасы  жүргізудің ерекшелігі, оқушыларды үнемшілдікке, табиғатты аялай, қорғай білуге үйрету болып табылды.   Алдымен қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуға атсалысатын оқушылардан еріктілер тобы құрылды. Олар жас ерекшеліктеріне қарай 4 шығармашылық топ құрап, топ басшыларын сайлады. Оқушылар арасынан  құрылған еріктілер тобы  мектептің энергиясын үнемдеу үшін нақты атқарылатын жұмыстардың  маршруттық картасы жасалынды. Топ мүшелері арасынан өз қабілеттеріне, атқару қызметіне байланысты, болашақ  таңдаған мамандықтарына сай  оқушылар  жекелеме топтарға біріктірілді. Мысалы: оқушылардың ішінен дизайнерлік қабілетті жақсы меңгергендері жарнама жасаушылар болды. Олар барлық мектеп оқушыларына жобаны таныстыру мақсатында, насихаттау үшін түрлі парақшалар, жарнамалық буклеттер, ілінетін хабарландыруларға дейін ойластырып отырды.  Топ мүшелерінің мақсаты Бастауыш сынып оқушыларынан бастап күндіз, жарық жеткілікті уақытта жанып тұрған шам көздерін сөндіріп жүруге үйрету үшін, әр сыныпқа кіріп жарнамаларын жасап  қоршаған ортаны қорғауға, энергияны үнемдеуге өз үлестерін қосып, табиға жарықты пайдалана білуге дағдылану керектігіне үндеу тастады.

Математикалық есептеуге жақын, экономикалық  мамандықты болашақта таңдағысы келетін оқушылар мектеп энергиясын есептейтін аудиторлар тобы құрылды. Бұл топтың оқушылары мектептің электр энергиясын үнемдеу үшін әр айдың 01 жұлдызында энергия жағу есептеуішінен алынған көрсеткішті пайдаланып мониторинг жасап отырды. Өткен жылмен, аймен салыстырмалы есептеулер жүргізе отырып, талдау жұмыстарын топтың шағын отырысында есеп беріп таныстырылым ретінде жұмыстарын қорғап көрсетті. Бұл оқушыларды қоршаған ортаны   энергия ресурстарын үнемдеу мәдениетіне үйретті. 

Жобаның мақсат міндетімен таныстыру алғашқы қыркүйек  айында ата-аналар үшін өткізілген  ашық есік күнінде көпшілікке таныстырылды.  Таныстырылым жұмыстарын топтың жетекшілері өздері өткізіп, жалпы атқарылып жатқан жұмыстарды жинақтап отыру, көпшілікке тарату , насихаттау жұмыстары да осы оқушылар жетекші ретінде өздеріне қалдырып отырды.

         Осы жобаға қатысып жүрген оқушылар әр ай  сайын шағын топтарындағы атқарылған жұмыстарының есебін тыңдап, іс-шараларын жоспарлап отырды. Желтоқсан айында «Энергияны үнемдеу» тақырыбындағы кездесу  ТЕД форматындағы конференциясы ретінде оқушылар арасында  өткізілді. Мектеп ішінде электр энергиясын үнемдеу арқылы оқушыларды балама энергия көздерін пайдалануға шақыру, негізгі алға қойып отырған мақсаттары еді. Жоба барысында оқушылар энергияны үнемдеудің тиімді жолдары жөнінде өз ойларын ортаға салды. Мәселен, электр қуатын пайдалануда біз қандай шамды қолданамыз және оның тиімділігі неде екенін  мектептің оқушылары жақсы түсіне білетінін танытты.  Оқушылар болашақта экологияның ластануына қарсы инновациялар енгізуге байланысты жасанды бәйтеректің жапырақтары іспетті өз қиялдары мен армандарын стикерге жазып гүлдендіре түсті. Мектептегі  оқушылар арасында жарнамалық  жұмыстың өз деңгейінде болмай жатқандығыны назар аударылып,  әлі де жетілдіру керектігі айтылды. Сондықтан топ белсенділері өз тараптарынан осы жұмысты қолдарына алып, үш тілде жарнамалар жасалып, мектептің әр қабатына, дәліздерге, көрнекі жерлерге ілінді. 

         Жоба белсенділері өздерінің  зерттеу жұмыстарын  қараша айында Болашақ Инжинеринг STEM дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен «SMART PROBLEM RESOLUTION»  ғылыми олимпиадасына қатысып,   «Мектептегі энергияны үнемдеу» тақырыбындағы жұмыстарын алғаш  қорғады. Зертеудің мақсат міндетімен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстарын айта отырып, алдағы жоспарларымен таныстырып, ұсыныстарын ортаға салды. Әділқазы тарапынан  Сайысқа қатысқан 17 жобаның ішінен үздік ретінде танылып,  жүлделі І орынды иеленді.   

              2018 жылдың 5 науырызында «Қолданбалы экология» жобасының жарты жылдық қортынды есебін беру негізінде  Жасыл экономиканы қолдау және g- global  амыту коалициясы жобалар басшысы Абаканов  Елдос Нурболовичпен кездесу  түрінде өткізілді.  Жоба белсенділері өз жұмыстарын презентация түрінде қорғап көпшілікке ұсынды.

Қол жеткізілген нәтиже :

 

      

   -  Мектеп бойынша жоба жұмысына  макулатура жинауға жыл көлемінде мектептегі барлық оқушы қатысты.  І кезең бойынша 9т 900кг жиналса, ІІ кезеңде 2т 516кг қағаз қалдығы жиналып тапсырылды.         

    - «Мен қағаз қалдығын жинадым жоба» 3-7 сынып арасында өткізіліп, 25 оқушы қатысты. 3     «Ж» сыныбынан А.Иванова, 5«В» сыныптан .А.Қасым. 7Б сыныбы бойынша А.Қалбиат І орынмен марапатталды .  Сынып жетекші Ж. Дильмағанбетова,  Сапиева М,Г.Ұзақбайқызы.

  - «Мен қағаз қалдығын жинадым»  эссе жазуға 3-11 сыныптар бойынша 63 оқушы қатысып, барлығы диплом берілді.

          Нәтижеге толық қанды қол жеткізбеуіміздің басты себебі:

«Қолданбалы экология» атты әлеуметтік жобасының кемшіліктері:

Мектеп оқушыларымен қағаз және пластик қалдықтарын жинақтау бойынша түсіндірмелі-ақпараттық жұмыстар жүргізілгенімен, қағаз қалдықтарын (таза емес , жазылған қағаздарды) жәшіктерге тастап кетуі жиі кездесті;  Пластик қалдықтарын жинақтау бойынша белсенділік көрсеткен оқушылардың үлесі әлі де аз болды.

      Ұсыныстар:  Әлеуметтік жоба мүшелерінің санын көбейту;

-         қағаз және пластик қалдықтарын жинақтау бойынша тек түсіндірмелі-ақпараттық жұмыстар аздық етілгендіктен, оқушыларды қызықтыруға бағытталған тренинг, ойын сабақтар өткізу,  

-         әр сыныпта өткізілетін тәрбие сағатының біреуін экологиялық жобаға арнаса ,

      Кемшілік тұстары:  Жоба осы жылы қолға алынса да  топ белсенділері ата-аналармен, қалалық семинарда, түрлі қалалық деңгейде өткізілген шараларда жобаны насихаттап, қатысқан сайыстарда топ жарды.  Жоба  жетекшісі жас маман болғандықтан  оқушылармен  бірлесе  жоспарлаған шаралар ойдағыдай болмады, конференция өткізілмеді, тоқсан сайын болатын кездесу отырыстар да уақытында өткізілмеді.

    «ТУҒАН ЕЛГЕ – ТАҒЗЫМ» 

     Аталған оқу жылы мектебімізде «Туған елге-тағзым»  жобасы қолға алынды. Жобаның мақсаты: «Бір ел – бір тағдыр» дегенді жастардың санасында қалыптастыру, патриоттық сезімдерін ояту.

     Жобаның міндеті: 

        1. Түрлі мәдени орындарға саяхат жасату,

        2. Тарихи тұлғалармен кездесу арқылы болашаққа қадамдарын    анықтауға үйрету, машықтандыру;   

      3. «Мен тұратын көше» т.б жобалар сайысын ұйымдастыру арқылы, «Үштік Одақ» жұмысын жандандыру болатын. Жобаның жоспары құрылып, жұмыстар жүргізілді.

                2017-2018 оқу жылында 5-10 сыныптар оқушылары арасында мектепішілік «Мен тұратын көше», «Ата-анамның жұмысында өткізген бір күнім», «Наурыздағы Астана бейнесі», «Үздік эссе» атты сайыстар және Алжир, Карлаг лагерьлеріне, Астана қаласындағы мұражайларға танымдық саяхаттар жасалу жоспарланды.  Тарихи- танымдық саяхаттарды Астанаға жақын жердегі  Алжир мен Карлагтан басталды.

 Балалардың алған әсерлерін көрсететін ой толғаулары:

Зейнолла Әдемі:  Мен мұражайға кірген бетте мұражайдың кіре берісіндегі қара раушан гүлге назар аудардым. Қара раушан гүлдің жоғарғы жағында темір тордағы ақ көгершіндердің бірі жаралы, бірі жоғарыға шығуға үмітті. Бұл композицияны Алжирдан толық түсінік алып шыққанда ғана түсіндім. Қайран аналар үміті...,  ақталмағаны қатты толғандырды.

 Байдильдина Аиданың естелігінде: Таңғы сағат 7.30 да Ұлттық мұражай алдына жиналған бізді, Карлагқа қарай автобус тап- тамаша алып келе жатты да, екі сағаттан соң жолда сынып қалды. Біз онша мән бере қоймадық. Автобус сол тұрғаннан төрт сағат тұрды. Келесі автобус Астанадан келіп, біз жолымызды әрі қарай жалғастырдық. Осы жолда біздер тамағымызды бөліп жеуді, сабырлық сақтауды, аз да болса үйрендік. Қарын ашқанның, тіпті судың қадірін түсіндік десем артық айтпаймын. Қарашаның суық күні  алаш азаматтарының азапты жолдарының, азапты сәттерін  аздап татқандай болдық. Осындай ой толғаулардан танымдық саяхаттың нәтижелі болғанына толық сенім бар.

    Жұмабек Перизат:  «Мен «Алжир» лагерін танымдық зерттеу барысында апаларымыздың қандай күй кешкенін сезінгенде, олардың батылдықтарына таң қалдым. Мұражайдағы темір тордың арғы жағындағы қолдардың аса ауыр жұмыс жасағандарынын естудің куәсі болдым. Тіпті дені сау, мықты, тамағы тоқ адамның өзі орындай алмайтын нормалар. Міне, осыдан қандай жан, ажал құшпайды? Бұл бір қолдан жасалған тозақ секілді...!»                             

    Алжир туралы тарихи мәліметтерді жинақтау мұражайдың екі қабатын аралап болғаннан соң тағы да жалғасын тапты. Біздерді мұражайдың кинозалына апарды. Алжир деген атақты осы жерде азапты күндерін өтеген әйелдердің қойғанын білді . Деректі фильмді көру арқылы аналарынан айрылған балалар тағдырын, ананың сағынышы мен кездесер сәтті ұзақ күтіп, бірінің үміті ақталса, бірі балаларын көре алмағандықтарының куәсі болдық. Адам тағдырының соншалықты бір адамның шешімімен шешілгені көзіме жас оралтты-  дейді Жұмабек Аружан.

         «Мен тұратын көше» сайысы 5-8 сыныптар арасында қараша- сәуір айлары арасында өткізілді. 2 кезеңнен тұрды. 5-8 сыныптар арасында ұйымдастырылған бұл сайысқа 5А,Б,В,Г,Е,

6 А,Ә,В, 7А, Б,В ,8А,Ә,Б,В сыныптарынан-  30оқушы қатынасты. Екінші кезеңге 9 жоба таңдалып, оның жетеуі қорғауға қатынасты

2 кезеңге жолдама алған жас зерттеушілер

 

Аты-жөні

сыныбы

Сынып жетекшісі

1

Мансур Ерәлім

5 «б»

Жолдасқалиева Аягөз

2

ЖумагелдиевМ,    Омар Ғазиза

5 «в»

Сапиева Мереке

3

Салқынбек Алан

5 «г»

Шағатаева Шолпанай

4

АқпановаӘдемай,  Тасыбаева Дана,

 Бектурганова  Сабина

6 «ә»

Орынбаева Саида

5

Сағындықова Арайлым

6 «в»

Такеева Айгүл

6

Сейтахметова Акерке

7 «б»

Ұзақбайқызы Гүлназия

7

Айтқабыл Нұрзада,   Әліби Ақжарқын

7 «в»

 БаймышеваСалтанат

8

Балтабаева Жанерке

8 «а»

Амзеева Зияш

9

Ибраев Шыңғысхан

8 «ә»

Ахметова Ғ.С

         8 «А», 7 «Б» сыныбының оқушылары ауырып қалуына байланысты қатыса алмады. 5 «Б» сыныбынан Мансур Ерәлім «Тұран көшесін», сынып жетекшісі- Аягөз Жолдасқалиева, 5 «В» сыныбынан Жумагелдиев Мұхамеджан, Омар Ғазиза «Қасым Аманжолов көшесін» сынып жетекшісі- Сапиева Мереке, 5 «Г» сыныбынан Салқынбек Алан «Рақымжан Қошқарбаев көшесін» сынып жетекшісі- Шағатаева Шолпанай,6 «Ә» сыныбынан Әдемай,Дана, Сабина «Дінмұхамед Қонаев көшесін»,  сынып жетекшісі- Саида, 6 «В» сыныбынан Сағындықова Арайлым «Ш.Қалдаяқов көшесін» сынып жетекшісі- Какимова Айгүл, 7 «В» сыныбынан Айтқабыл Нұрзада,Әліби Ақжарқын «Ш.Қалдаяқов көшесін» сынып жетекшісі- Салтанат, 8 «Ә» сыныбынан Ибраев Шыңғысхан «Сарайшық»көшелерін зерттеп, жобаларымен бөлісті.       Желтоқсан айынан жоспарланған Астана қаласындағы мұражайларға төмендегі  сынып жетекшілер сыныбымен барып, танымдық саяхатын жасады.

 

         №

сыныбы

Сынып жетекшісі

Бала саны

Мұражайдың аты

1

5 «а»

Жумабаева Т.М

25

Ұлттық мұражай

2

5 «ә»

Абдолла Г

21

Ұлттық мұражай

3

5 «б»

Жолдаскалиева А

24

Ұлттық мұражай

4

5 «в»

Сапиева М

21

Ұлттық мұражай

5

5 «г»

 Шағатаева Ш

30

Ұлттық мұражай

6

5 «е»

Искакова. Ж

22

Ұлттық мұражай

7

6  «ә»

 Орынбаева С

20

Ұлттық мұражай

8

6 «а»

Шүйгінбаева Д

22

Ұлттық мұражай

9

7 «ә»

Манатқызы Қ

25

Ұлттық мұражай

10

7 «б»

Ұзақбайқызы Г

26

Ұлттық мұражай

11

8 «а»

Амзеева З

20

Ұлттық мұражай

12

9 «а»

Мамадиярова Г.   

15

Ұлттық мұражай

13

9 «ә»

Сералина Д.

20

Ұлттық мұражай

14

10 «ә»

Бекбарова Қ          

25

Ұлттық мұражай

Мектеп бойынша

316

Ұлттық мұражай

 

            Қаңтар  айында  9-10 сыныптар арасында «Үздік репортажшы» сайысы ұйымдастырылған болатын. Сайыстың мақсатында мұражайға барған оқушылар мұражай қызметкерлерімен кері байланысқа түсу және өздерін таң қалдырған заттай дерекпен ой бөлісу қажет болатын. Бұл жоба сайысы бойынша 9 «а», 9 «ә», 10 «ә» сыныптары барғандарын айтты. Жоба бойынша тек 9 «а» сыныбы, сынып жетекшісі МамадияроваГүлзира Батырханқызы ғана бейнетаспасын тапсырды.

         Қортындылай келе жоба өзінің алдына қойған мақсаттарына жетті. Мектеп бойынша : Алжирге- 54, Карлагқа-17, Мұражайға- 316, «Мен тұратын көше» жоба қорғау -35 оқушы өз жобасын  ұсынды. Мектеп бойынша 1626 оқушы болатын болса, 5-10 сыныптарда 748 оқушы білім алуда. Жоба аясында барлығы-  422 оқушы, 56 пайызы қамтылып отыр.

   

Қол жеткізілген нәтиже :

             Мектеп бойынша жоба жұмысына 422оқушы, 5-10 сыныптардың 56%  қатыстырылды.

  «Атамекен» мұражайына жаздық демалыс кезінде 3 оқушы  еңбек етуге жолдама алды.

«Ең үздік жоба»  5«б» сынып оқушысы.Мансур Ерәлім . Сынып жетекші  А. Жолдасқалиева.

«Ең үздік зерттеушілер» 5 «в» сыныбынан Жумагелдиев Мұхамеджан,Омар Ғазиза, 5 «г» сыныбынан Салқынбек Алан анықталды. Сынып жетекшілері: Сапиева М, Шағатаева Ш

«Ең үздік эссе» 7 «б», 8 «б» сынып оқушылары Зейнолла Әдемі, Жұмабек Аружан анықталды.

«Ең үздік репортажшы» 9«а»сыныбы, сынып жетекшісі Мамадиярова Г.Б

Нәтижеге толық қанды қол жеткізбеудің басты себебі:

        Жүргізілген жобаны жетекші мұғалім жақсы ұйымдастырыды,  бірақ сынып жетекшілерімен тығыз байланыс орната алмағандықтан танымдық мақсатта жоспарлаған  саяхат маршруттары   толық ұйымдастырылмады.  Сынып жетекшілерінің бұл жобаға салғырттықпен қарауы дер едім. Жоба мемлекет басшысының тапсырмасы және тәрбие жұмысының бір тармағы ретінде қаралмады.  Наурыз мерекесінің мектепте тойланбай қалуы себепті 8 сыныптар арасындағы «Наурыздағы Астана бейнесі» фотосайысы өткізілмеді. «Ата-анамның жұмысында өткізген бір күнім», «Менің ауылда өткен 10 күнім» тапсырмалары жазғы демалысқа шегерілді.

 «ДИЗАЙН» жобасы

         Мектепте дизайн ортасын құру арқылы оқушыларды барлық іс- әрекетке тартуға болады. Мектепің алаңын абаттандырудан бастап,  кез- келген  тақырыптағы өтетін шараға  өздерінің идеяларын қосып дизайнерлік  жобалау жасауға болады.

         Жоба барысында барлық сыныптардағы оқушылар  жас ерекшелігіне байланысты ұйымдастырылып,   жоспарланған шараларға қатысып өз қабілеттерін жан-жақты көрсетеді.   Мектепте осы жоба аясында өткізілген жұмыстардың өтуі жайлы қысқаша ақпарат беріледі.

            «Күз тартуы»  бастауыш сыныптар арасында өткізілді. Шығармашылыққа баулу арқылы өздерінің қиялдарындағы ертегі кейіпкерлерін күз өнімдері ретінде жоба жасап топтық жұмыс ретінде қорғады.

      Ландшафты дизайн «Гүлдер композициясы»  

         Бұл жоба конкурс ретінде ұйымдастырылады.  Конкурсқа 4-9 сынып оқушылары әр сыныптан  командалық құрамда қатысады,  әр оқушының өзінің функционалдық қызметіне қарай жоба қорғалады. (топ басшысы, дизайнер, эколог, коллекционер, оператор) . Композицияда  кемінде 3-4 түрлі өсімдік, табиғи компоненттің  болуы, табиғи материалдармен безендірілуі ең басты шарт болады. Оқушылардың қиялдауына мүмкіндік берілсе, жаңаша бағыттағы, кретивті ойлап жасалған композицияларды жасап қорғады. Алдын ала бейне сюжетін түсіріп, қалай жасағандарын көрсетіп ұсынды, әрине ,ерекше болған жұмыстар «Шөл жазирасы», «Мен суретшімін», «Эко лайф», «Гүлзерлер» жас еркешелігіне қарай екі күнге созылған конкурста осы топ оқушылары идеяларымен ерекшеленіп көрінді. Жұмыстары мектептің 1-қабатындағы оқушылардың ашық алаңына қойылды

«Тәуелсіздікке тарту» дизайнерлік  жобасы

Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» атты айлық іс – шара аясында «Тәуелсіздікке тартуым» атты композиция сайысы мектебіміздің 1- қабатында орналасқан «Study rooм» алаңында  6-7 -сыныптар арасында өткізілді. Ережеге сай оқушылар алдын таңдап алынған тақырыпқа сай макет жасаудың бейне сюжеті ұсынылады.» алаңында өткізілді. Жоба жасау сәтінен көріністер видео арқылы көрсетіліп, әр сыныптан 5 оқушы шығып жобасын қорғады. Композиция Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы - Астана қаласының тарихынан сыр шертетін көрікті ғимараттар макетімен қамтылды. Жобаға қатысқан 6-7 сынып оқушылары диплом және алғыс хаттарымен марапатталды

 Жоба топтық жұмыс болғандықтан 5 оқушыдан тұратын команда мүшелері бірлесе қорғайды.  Композицияда Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы- Астана қаласының тарихынан сыр шертетін көрікті ғимараттар макетімен қамтылды. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарында, қиялға бой алдырып болашақты да көрсететіндей жұмыстар ұсынылды.

          «Скрапбукинг» өз қолымен қолдан блокнот, жұмыс дәптер, кітапша  жасау.  Қолданылған, жарамсыз болған  дәптерлерінің таза беттерін бөлек жинастырып, әр сынып мектептегі жоба ұйымдастырушыларға өткізіп отырады. Әр сыныптың қаншалықты таза  қағаз  өткізгені арнайы басталған журналға тіркеліп жазылады, егер де осы жұмысты мектептегі өзін-өзі басқару ұйымындағы экология министрі жүргізіп отырса, жаңа бұйым жасау үшін жиналған материалдарды «Дизайн» жобасына жауапты мұғалімге табыстайды. Жобаға мүше болған оқушылар өз қолдарымен күнделік, блокнот жасауды бастап кетті. Екінші бір топ оқушылар таза «эко пакет» жасауды жоспарлап отыр, мақсатымыз мекептегі әр оқушы, мұғалім, ата-ана өзіміздің оқушыларымыз жасаған пакетті пайдалану, осы арқылы қоршаған ортаға зиян тигізуді азайту мәселесі жиі айтылып, насихатталды

Алдын - ала кітапханаға әр сыныптың жасаған скрапбукингтері орнастырылды. Қорғау кезеңінде орындалған жұмыстың нәтижесін әр оқушы әділ-қазылар мен көрермендерге түсіндірді.  Айта кететін болсақ, конкурсқа қатысушылардың блокноттары керемет болды. Қатысушылар блокнот дайындауға 1 аптадан 2 аптаға дейін уақыт жұмсаған. Сонымен қатар, блокнот дайындауда: әртүрлі маталар, түрлі түсті кардон, фетр, пакет, обои қолданып, дизайн жасауда: бисер, моншақ, пайетка, бантик, әртүрлі мотивациялық сөздер орнықты қолданылған. Блокноттардың пішіні де әркелкі болды бірі төртбұрышты, екіншісі дөңгелек, үшіншісінің бір жағы қиық болса, тіпті киіз үй пішінді де блокноттарда кездесті. Ерекше көзге 8 «ә» сыныбының блокноттары түсті, себебі жасалған әр блокнотты топ нақты жұмыс барысымен таныстырып, олардың қолға ұстағанда өте жағымды және түсі көзге тартымды, әр қыз балаға арналған өте нәзік, дей келе сөйлеу мәдениетін ұстанды.    Оқушылар жасаған өнімдерінің экономиқалық құнын есептеу арқылы нақты   сататын бағасын шығарды. Орташа блокноттың құнын есептегенде 500-600 тенгені құрады, ең қымбаты 2000т болды беті 100 бет, әр бетін  табиғи түске келтіріп бояған, сыртын фетр матасымен қазақи нақышта келтірген, теіңз түстес блокнот ерекше көзге түсті жалпы дизайны әдемі көгілдір тусте ортасында тасбақа келтіру арқылы, әр бетін соған сәйкестендіру бойынша жақсы үйлесімділікті көрсете білген. 8А сыныбының жасаған жұмыстары танымдық, шығармашылыққа көбірек көңіл бөлінген, бастапқы беттерінде дана адамдардың  айтқан нақыл сөздері, эпиграфтар өте жақсы қолданылған.

Нәтижесінде: 8 «Ә» сыныбы 1 дәрежелі диплом, 8 «А» және 8 «В» сыныптары 2 дәрежелі диплом, 8 «Б» сыныбы 3 дәрежелі диплом иеленді. 8 сыныптар арасында  жүргізілген конкурстың қорытындысы бойынша, сынып жетекшілерге кері байланыс жүргізіліп, талданды.

Мектебімізге арнайы құрметті қонақ ретінде шақырылғандарға бүгінге дейін 50 блокнот жасалып сыйға тартылды.

Экопакет сайысы.  Полиэтилен пакетін қағаз дорбаға алмастыратын күн туады ма?  Бұл сұрақ қазіргі кезде көпшіліктің көкейінде жүрген  сұрақтардың бірі десекте болады.  Осы сұрақтың жауабын шешуге біздің мектебіміздің оқушылары да  өз үлестерін қосуда. 

Мектебімізде 9-10 сынып оқушыларының  арасында қоршаған  ортаға деген  жауапкершілік сезімдерін  ояту мақсатында  «ЭКО пакет» жасау конкурсы дизайн жобасы аясында ұйымдастырылып, өткізілді. Сайыста пластикалық  пакеттерді пайдалануды  экологиялық қауіпсіз қағаз пакеттермен  немесе бірнеше рет  қолдануға болатын  мата қалталармен  алмастыру арқылы  азайтуды көздейді.  Жобаға оқушыларымыз  өз қолдарымен  матадан жасалған «ЭКО пакеттерін» ұсынып, өз ойларын өз ойларын жоғары деңгейде қорғап шықты.  Жоба нәтижесі бойынша  9А сыныбы  Іорын алды.  Сынып оқушыларының жұмысы ерекше стильде дайындалған және  әр түрлі жастарға арнап жасаған пакеттері көпшіліктің көңілін аудартты.  10Ә сыныбы ІІ орынды иеленді, пакет жасаудағы идеясымен ерекшеленді, өздерінің брендттерін әшекей ретінде қолдануды ұсынды.  ІІІ орынды 10А сыныбы иеленді.  Көрермен ретінде қатысушылар да қызығушылықтарын білдіріп, ер балаларға арналған пакеттерді де жасаса деген ұсыныс айтты.Бұл жобаны жүзеге асыру әрбір азаматтың экологиялық ой – санасын жаңа  арнаға бұрады деген үміттеміз.

Жүргізуші жеребе тарату арқылы сыныптардың қорғау кезектерін белгіледі. Ең бірінші 9 «А» сыныбы қорғады. 9 «А» сыныбы экопакет жасауда екі бағытты қамтыды. Айта кететін болсақ, 4 экопакет жастарға арналса, 4 экопакет ересек адамдарға арналған. Барлығы 8 экопакет дайындаған. Жастарға арналған экопакеттерде түрлі суреттер, бояулар көбірек кездессе, ересек адамдарға арналған экопакеттерде ою-өрнектер басым болды. Экопакет жасауда екі түрлі фетр және презент маталарын қолданған. Оқушылар 3 тілде қорғап,  экопакетке экономикалық баға бере алды. 1 экопакеттің бағасы 450тг. Келесі 10 «А» сыныбы қорғады. Экопакет жасауда екі түсті қолданған, қыз балаларға және ұл балаларға арналған.        Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білді. Бірақ экопакеттер күнделікті қолдануға жарамсыз. Келесі 10 «Ә» сыныбы, барлығы 4 экопакет. Құны 500тг, деп оқушылар баға берді. Ерекше идеясы, экопакеттерде әртүрлі жазулардың жазылуы, мысалы, «best person», «эко gucci», сарғайған ағаштың суреті. Оқушылар қою жасыл фетр матасын қолданған. Келесі, 9 «Ә» сыныбы, бір экопакет дайындаған, қорғауда слайдты пайдаланып, қалай дайындағанын суреттер арқылы түсіндірді, бұл сыныпта фетр матасын қолданған. Келесі 9 «Б» сыныбы, барлығы 3 экопакет, ерекшелігі шелк және фетр матасын қолданып, бастауыш оқушыларға арналған экопакет дайындауында. Қызыл, ақ, ашық қызғыл түстерді пайдаланып, әсемдеген. Экомикалық бағасы 300-500тенгені құрайтынын айтты. Сайысты қорытындылай келе  1 орын – 9 «А» сыныбы; 2 орын – 10 «Ә» сыныбы;  3 орын – 10 «А» сыныбы;  «Қазақ қызына тән» шеберлік алғыс хаты – 9 «Б» сыныбына; «Тапқыр ойдың иегері» алғыс хаты 9 «Ә» сыныбына берілді.

 Оқушылардың жоба бойынша сайыстарға қатысудағы көрсеткіші .

          Жобаны жүргізуде өткізілетін сайыстарға нақты ереже жасалынғандықтан өз мақсатына жетті. Бірақ жетекші мұғалім тек сайыспен ғана шектелмей, тұрақты жүргізсе, дизайнерлік жоба болғандықтан жылына екі рет көрме ретінде ұйымдастырылып,  оқушының жұмысы көпшілікке таныстырылса .

 

«МЕДИА ЖУРНАЛИСТИКА»  жобасы.

 Жобаны жүргізудегі жоспарлау болашақ журналист болуды армандайтын шығармашылыққа жақын оқушылардың қалаулары бойынша ұйымдастырылды. Келешекте журналистика саласында     қызмет етуге құштар,  қаламы қарымды оқушылардан шығармашылық топ іріктеледі. 

Мақсаты:  Оқушыларды шығармашылық жұмыстар арқылы  өз ойын жүйелі жеткізуге, құнды оймен құнарлы сөз туғыза білуге баулу, шығармашылық дарынын шыңдау арқылы болашақ мамандығын таңдауға бағыт беру.

 Қатысушы оқушылар мектепте өткен шаралардың бел ортасынан табылды. Белсенді оқушылар әр шаралардың өтуі жайлы, болған кездесуге келген қонақтардан сұхбат алу арқылы өздерінің репортаждарын дайындады. Материалдардың электронды нұсқасы тасымалдаушы дискіге жазылып жинақталды. Жас журналистердің бастамасымен бір бейне ролик дайындалды. Жоба мүшелерінің жұмысын жандандыру мақсатында «Хабар» агенттігінің қызметкері Гульфариза мен кездесу сабағы «Должностные обязанности продюсера службы новостей»тақырыбында өткізілді. Қызығушылық танытқан 18 оқушы қатысты, оқушылармен пікірлесіп, байланыста болатындарын айта отырып өз араларында ортақ байланыс орнатты. Қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде қысқа жаңалық, сұхбат, репортаж, сондай-ақ эссе сынды газет жанрларында мақала жазу жоспарланған еді.  Ол тек қазақ тілінде ғана жазылып отырды.

        Жоба жүргізуде жетілдіретін тұстары:                                                                             

Жетекшінің тұрақты болмауы ,  орыс, ағылшын тілдерінде жобаға жетекшілік ететін мұғалімнің тұрақты болмауынан  ойлаған ойымыз толық жүзеге аспады. І жарты жылдықта оқушылармен байланыс жақсы орнығып еді жетекшінің демалысқа кетуі осы жарты жылдықтағы жұмыстың әлсіреуіне септігін тигізді. Ойымыз телестудия түрінде жүргізу еді  заманауи техникалық құралдың  және операторлыққа үйрететін маманның  болмауынан толық іске аспады. Бұл тек сұхбат алумен шектелуі,  монтаждаудың әлі де өз деңгейінде болмауы, сапалы дүниенің шығара алмауларына  әсер  етті.  Биылғы оқу жылында «Қолданбалы экологияға» жобасына ғана бейне ролик  түсірді, қалғаны тек сұхбат түрінде  дискілерге жазылып жинақталды. Операторлыққа  үйрететін маман болса. Келесі жылы әр жобаға жарнамалық бағыттағы  бейне ролик түсіруді қолға алу қажет.

TED- ЕD  жобасы

          Жобаның мақсаты - оқушылардың бойында ғылыми-зерттеу, әріптестік қатынастар, шешендік өнерді дамыту, алуан түрлі көзқарастар мен пікірлерге құрметті қалыптастыру. Жұмыс барысында оқушылар әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдары мен өнертапқыштарының қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі қысқа қоғамдық лекцияларын тыңдап, оларды талқылайды. Өздері таңдаған тақырыптарға TED форматында баяндамалар дайындайды. Оқушылар сұрақ қоюға, қарсыластарының сұрақтарына жауап беруге, жауаптарды талдауға, қойылған мәселе бойынша өз пікірлерін жеткізуге үйренеді.   Оқушылар өз ойын ашық айту, дәлелді сөйлеп, пікірін дәйекті қорғай білу, басқа адамның ой-пікірін, көзқарасын сыйлау, тыңдай білу, басқа көзқарасқа құрмет қалыптастыру, жеке және топтық шешімдер  қабылдауды үйренеді         

            Идеялар – ХХІ ғасырдың валютасы. Кейбір адамдар өз идеяларын тұжырымдау дарындылығына әлде қабілеттілігіне ие?! TEDx – бұл ағылшын тілінен аударғанда Technology, Entertainment, Design, яғни технология, ойын-сауық, дизайн деген мағына береді.

Жобаның мақсаты – оқушылардың бойында өз идеяларын тұжырымдауды, ортаға салу, тыңдарман қауымына ойды жеткізу әдістерін меңгеру.

           2017 жылы қыркүйекте 8, 9, 10, 11 сынып оқушылары арасында TED-ед жобасы туралы презентациялық жұмыс көрсетілді. Теориялық тұрғыда ортаға салынған ақпаратты тәжірибе жүзінде бекіту үшін оқушыларға кездейсоқ идеяны тұжырымдай алатын оқушы шақыртылды. Ортаға 9 «Б» сынып оқушысы Тлеуғалиев Арыстанбек шығып,  оған «Электромобильді                                                 

автокөліктердің қажеттілігі».   Жиналыстың нәтижесінде 8-9 сынып оқушыларынан бір топ жиналды.      Мақсатқа қол жеткізу үшін оқушылар келесі жоспар бойынша жұмыс атқарды:

Идея деген не? Оны қалай түсінуге болады?

Эмоционалдықтың орнын түсіну және сезіну.

Идеяны тұжырымдауда бейнелеудің өнерінің рөлі

Жаңалықты қалай анықтауға болады?

Тыңдарман қауымының алдындағы қорқыныш сезімі

Тыңдарман қауымның көңіл күйі

Тыңдарман алдындағы мәдениеттілік

           Оқушылардың бойында әр түрлі қиындықтар анықталды: қауым алдында қорқыныш сезімі, өз ойын толық түйіндей алмауы, идеяны анықтай алмауы, эмоционалдық сезімнің соңғы орынға қоюы, тыңдарман қауымның көңіл-күйін анықтай алмауы және т.с.с.

Оқушылар алғашқы уақытта өз идеяларын тұжырымдауды үйренді. Мысалы, 8«В» сынып оқушысы Жәмиля «Қиял деген не?» мен Байболова Меруерт «Сурет салу менің хоббиім» өз идеясын ортаға салды. Бұл идеяларына қатысты TED-ед конференцияларының жобаларын қарап келіп, өз ойларын толықтырды. Сонымен қатар, 9 «А» сынып оқушысы Арыстанбек Санжар да өзінің музыка саласына қатысты идеяларымен бөлісті. Мектептегі жоба екі топтп  қазақ тобы мен ағылшын тілі тобы бойынша оқушылардың өз таңдауларымен жасақталды. Ағылшын тобын жүргізген жетекші ТЕД-ед  ережесіне сай  астана қаласындағы алғашқы мектептің бірі болып Америкада тіркеліп, жүргізілді.   Қатысушы балалардың ата-аналарынан алдын ала сауалнама алынып, баласын фотосуретке түсіруге рұхсат берді.  

         16 ақпанда   «Жаһандану үдерісінде тұлғаның моделін қалыптастырудағы жұмыс түрлері» тақырыбындағы қалалық тәжірибелік-практикалық семинарды оқушылар ТЕД форматында бастады, төменде сол оқушылардың айтқан ойларынан үзінді берілген.

               Қайырлы күн!  Менің атым Алихан.  Мен сіздерге ТЕД туралы айтқым келеді.

1984 жылдың жазында ең алғашқы ТЕД конференция Нью Йорк қаласында өтті. Ол үш саланың басын біріктірді. Технология, Инженерия, Дизайн.  Содан бері, ол әлем интелектуалдарының арасында өте танымал болып, қанатын кең жайып келеді. Бүгінгі таңда Нью Йорк қаласы ТЕД конференцияны жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырған. Конференцияның негізгі девизі, орысша айтқанда: Идеи достойные распростронения. Осы ұранға сәйкес, кім болсаңызда, оқушы, ұстаз, дәрігер, немесе Гарвард университетінің ректоры, идеяңыз лайық, мықты болса, сіз оны барша әлеммен ТЕД арқылы бөлісе аласыз.

Астана мектептернінің арасында, ТЕД -ед Клубқа біздің мектеп ресми түрде тіркелген. Бұл Клуб мені несімен қызықтырады: Өзімді толғандыратын идеяларды осында келіп ашық айта аламын. Және достарым мен ұстазымыздың критикасының арқасында, ойым толық пісіп жетіледі. Өз пікірімді жүйелі жеткізу үшін, негізгі үш сұраққа сүйенемін: Кімге айтамын? Не үшін айтамын? Қалай айтамын? Осы сұрақтар төңірегінде менің достарым сіздерге кішігірім ТЕД конференция өткізіп, ойларымен бөліспе

              Критика. Мы никогда не хотим слушать критику.Но что представляет собой критика?Я вам отвечу: критика простой набор слов, которые не должны нас тревожить. Тут есть один парадокс: возвышаясь по толпой критика неизбежна. Чарли Чаплин считал, что жалеющие осы никогда не нападают на плохие плоды.  В младших классах я слишком близко принимал критику. Я старался угодить всем, чтобы никогда её не слушать. Но дело в том, что стоило мне наладить отношения с одним одноклассником, это не нравилось второму. Тогда я делал то, что нравится только ему. Но с этим, приходил ещё больше людей готовы меня покритиковать. В конечном счёте я перестал менять себя ради других и делал себе сам. Сейчас, слушаю критику я говорю себе: Хорошо,  что он  сказал только одну слабость, насчитав бы 1000 он бы точно меня сразил.Я всем советую написать все свои слабости на листочек, лучше уж самому себе признаться своих недостатках и слабостях чем услышать неприятного человека. Получать от этого удовольствие и радоваться жизни.     Ахмедьяров Данияр 8 класс  

   Жоба  жұмысын жүргізудегі ұсыныстар:

             Жобаға  оқушыларды көбірек қатыстыру  үшін жарнамалық насихаттау жұмыстарын жүргізу қажет. Топ белсендісімен жетекші тығыз байланыста боып, конференцияны жылына екі рет өткізіп отырса.  Уақытты тиімді  жоспарламау себебінен, жылдық қорытынды Тед-ед конференциясы өткізілмеді. Жүйелі жұмыстың жүргізіліу жолдарын ойластыру қажет.

                «ӨРКЕН» бастауыш сыныптар  жобасы.

         Мектепте жүргізілетін әлеуметтік жобалардың барлығына бастауыш сынып оқушылары қатыстырылып отырылды, жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылатын сайыстарға да жоспарла түрде қатыстырылды. Оқу жылының басында әлі де мұғалім тарапынан оқушыны зерттеу жұмыстарына тартуда белсенділіктері жоғары болмаса, оқу жылының  ІІ жартысынан бастап үлкен қызығушылықпен қатыстырды. Жоба негізінде оқыту сабақтарын Ж.Садықова, Б.Аманжолова, З.Жаниязова, Ж.Дильмағанбетова жақсы өткізді, оқушылардың өздігінен зерттеу жасай алатындары, топтық жұмысқа төселгендері, ортада ойларын еркін жеткізе алатындары анық байқалды.

Гүл әлемінің сұлулығы.   Әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дарындылықтың табиғаты шексіз екенін көрсетеді. Бірақ дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әлдеқайда тиімді болып табылады. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге дайын тұру, жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән мінез болып саналады. Ендеше, зерттеушілік, ізденушілік–бала табиғатына тән құбылыс. Оқушының өзіндік зерттеу әрекеті оның өзіндік талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортаны зерттей отырып, жаңа білімді дайын күйде емес, өзі ашады.

Осыған орай қыркүйек айында 1-ші сынып оқушылары арасында «Гүл әлемінің сұлулығы» атты зерттеу жұмысы ұйымдастырылған болатын. Аталған іс–шараның негізгі мақсаты – балалар арасында шығармашылық және практикалық сипаттағы оқу–танымдық іс–әрекетті ұйымдастыру. Жобаға жалпы 1 сыныптар арасынан 25 оқушы қатысты.

  Жобаға қатысушы балалар жұмыстарын қорғау барысында өздері таңдап алған экзотикалық гүлдерімен таныстырды. Оның шыққан жері мен күтімі туралы айтып, жүргізген зерттеу жұмыстарын көрсетті. Бұл жобаға қатысуда балалар белсенділік танытты. Бұл белсенділік олардың жеке дамуына, оның ішінде, өзіндік көзқарастарының қалыптасуына,сөздік қорларын байытуға, өз ойларын еркін айтуға ықпал етті. Жоба арқылы оқушылардың шығармашылық, креативті қабілеттерін практикада жүзеге асыруға жағдай жасалды. Іс-шараның соңында жобаға қатысқан әр оқушы сертификатпен марапатталды.

Қорыта келгенде, зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана тән емес, сондай-ақ баланы дамытуда ерекше ықпал ететін факторлардың бірі екендігін көреміз.

«Менің отбасымның тарихы» жобасы 1-сыныптар арасында өткізілді. 

             «Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт.Сонымен қатар өз отбасының тарихын да зерделей білгені дұрыс. Мұны әрине, бала 6 жасқа толып ес біле бастағаннан санасына ұялата беру керек.

      Осы мақсатта мектебіміздің 1-сынып оқушылары арасында «Менің отбасымның тарихы» атты ғылыми жоба оздырылды. Бұл жобаға әр сыныптан 1 оқушыдан қатысты.       

       Отбасы тарихы туралы бұл жобада оқушылар өздерінің тыңғылықты дайындықпен келгендерін көрсетті.  Әр оқушы арнайы презентация және бейне роликтер арқылы өз жұмыстарын қорғай білді. Сөздік қорлары мол, ойларын анық жеткізе біледі. Сонымен қатар әркім өз отбасы тарихын асқан бір мақтанышпен, шынайылықпен айтып бере алды. Отбасыларының тарихын айтқан кезде балалар  көздері жанып тұрып әңгімеледі.

        Мысалы, жобаны бірінші болып бастаған 1 «А» сынып оқушысы Серікбай Санат өз жобасының мақсат-міндеттерін төмендегідей үлгіде таныстырудан бастады:

          Зерттеудің жаңалығы: Ата-бабалар шежіресін анықтағанда мынадай ойға келдім: ата-бабаларымның жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген ғалым болам.   Бұл оқушы дайындаған арнайы отбасы кітапшасы да көпшіліктің көңілінен шықты.

        Осылай жалғасқан ғылыми жоба байқауы да өз мәресіне жетіп,  «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, жобада озық шыққан оқушыларды әділқазылар анықтап, баға берді. Зерттеу жұмысы жобаның талабына сай жоғары деңгейде болған 1 «Ғ» сынып оқушысы Қасымжан Темірәлі ( жетекшісі Күлазия)  1-орынды, ал,  1 «А» және 1 «Б» сынып оқушылары Серікбай Санат және   2-орынды иеленді. Өте тартымды отбасы альбомдары мектеп мұрағатына қалдырылды.     Отбасы тарихы жобасы осымен шектеліп қалмайды.  Бұл оқушылар өз зерттеу жұмыстарын одан әрі жалғастыра бермек, кішкентай отбасының тарихы үлкен бір әулеттің шежіресіне  айналғанша  ұрпақтан-ұрпаққа таралып отыруына үлес қосу мектеп ұстаздарының назарында болмақ.       

       «Отан отбасынан басталады» тақырыбындағы «Менің шежірем» жобалар байқауы  2 сыныптар арасында  өтті.  Байқау Отан және туған өлке тарихын жаңа теориялық – методологиялық көзқарас тәсілдерімен зерттеуге қызығушылығын арттыру, елдің қоғамдық – саяси өміріне белсенді қатысуды қалыптастыру үшін өткізілді.

         Бұл өлкетануды зертету бағыты  жобалары байқауының мақсаты:  Қазақстанның рухани және мәдени мұрасын аймақтық тарихты зерттеу арқылы сақтап қалу мен жергілікті ауқымдағы мәдени – тарихи ескерткіштер және мәдени обьектілерді қорғау, білім беру, экология, көркейтушілік салаларында өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру.

        Байқауға қойылатын талаптар мен міндеттер

-   Жобаның мағынасы, құрылымының тақырыпқа сай келуі;

-   Берілген тақырыптың аясында өз ойын еркін баяндап, нақты жеткізе білуі;

-  Жұмысты рәсімдеу мәдениеті; 

-  Өзінің идеясы мен ұсынысы

             «Менің шежірем» атты жоба қорғалды.  Жобада әр бала өздерінің шежірелерін түсіндіріп өтті. Жобада тек 2 сыныптар, яғни тоғыз сыныптан 9 оқушы қатысты. Оқушылар жоғары дәрежеде дайындалып,  өз шежірелерін қызықты етіп қорғады. Атап айтатын болсақ,

2 «Б» сыныбының оқушысы  Асқар Айзере өінің қылықты іс – әрекетімен балаларды, мұғалімдерді, әділ – қазыларды өзіне қарата білді. 2 «Д» сынып оқушысы  Бәзіл Абылай мен

2 «В» сынып оқушысы Жангелді Әбілмансұрда өз пікірлерімен бөлісіп, белсенділік танытты. Сондай – ақ    2 «Ғ» сынып оқушысы мен  2 «Ә» сынып оқушысы  Омаров Ақтанбердіде өз ата – бабасының шежіресімен толық таныстырып өтті. Омаров Ақтанберді өзінің әжесінен сұхбат жүргізу арқылы жеті атасымен танысқан. Балалар өздері қызығушылықпен жобаны өте жақсы қорғап шықты. 2 «А», «Ж», «Г», «Е» сыныптары да әртүрлі макетпен дайындаған.

Жоба бойынша  толық қанды қол жеткізбеуіміздің басты себебі:

      Зерттеу – жобалау жұмыстарына оқушылардың барлығын қатыстыруды, оқушының өзіне тапсырманы бере отырып мұғалім бағыттаушы болса әлі де ата-ананың көмегіне жүгіну көрініс тауып отыр. Бірде-бір жобаға оқушысын қатыстырмаған сынып жетекшілері де кездесті. Оқушының шығармашылығын дамыту да баланы дұрыс бағыттап, жүйелі түрде , бірлесе жұмыс жүргізсе жақсы нәтиже болар еді.

 РОБОТОТЕХНИКА  жобасы

       Робототехника – жобасын жүргізуге мектепте толық, жағдай жасалған. Заманаути техникалық құралдармен жабдықталған кабинетте оқушылардың шығармашылығын шыңдау үшін сабақтар өткізіледі.   Робототехника дамыту сабақтарында оқушылар роботтардан басқа автоматтандырылған техникалық жүйелер мен өндірістік үдерістердің ең жаңа техникалық жиынтықталуын әзірлейді және  қолдану жолдарын зерттейді. Оқушыларды ақпараттық технологияның  мүмкіндіктерін толық меңгеруге баулу және ақпараттық жүйелер  саласындағы мамандықтарға кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізіледі.

        Робототехникаға оқушыларды көптеп тарту мақсатында түрлі сайыстар, конкурстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.     Қалалық,  республикалық деңгейде өткізілген бірнеше сайыстарға оқушыларымыз қатысып, жүлделі оралды.  .   

                 Жоба бойынша  толық қанды қол жеткізбеуіміздің басты себебі:               Оқушыларды  жобаға тартуда әлі де жетпей жатқан тұстары бар. Тек қана бір сыныптың немесе 5-6 оқушымен жұмыс жасау жеткіліксіз, сондықтан сабақ беретін мұғалім оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін  түрлі сайыстарды, турнирлерді жоспарлы түрде өткізсе, мектептегі барлық сынып оқушыларын қамтылуы қажет.

 «ШАҢЫРАҚ» оқушылар қоғамдастығы

          Мақсаты- Оқушыларды салауатты  бәсекелестікке  баулу арқылы  көшбасшылық, ұйымшылдық  қабілеттерін арттыру. «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының  жас аралығындағы  әртүрлі екі сынып біріктіріледі. Әр «Шаңырақтың» өз аты, белгілері, ұраны болады.  «Шаңырақ» жобасының  ережесі:

            2017-2018 оқу жылы мектепте оқушылар қауымдастығынан  12 шаңырақ құрылды.  Өз жоспарларына сай шаңырақтар алғашқы кездесу, танысу сабақтарын жақсы ұйымдастырғанымен,  жыл көлемінде шаңырақ болып толық бірлесе жұмыс жасай алмады.

«Ұлағат» 5Г, 9А сыныбының шаңырағы оқу жылы барысында жақсы жұмыс жасады. Қалалық семинарда да  «100 кітап оқу» жобасының аясында, ұйымдастырылып отырған «Қанатсыз қалай ұшуға болады?» атты шаңырақ сағатын бірлесе өте жақсы өткізді.  5Д, 9Ә сыныптарының  «Жас толқын» шаңырағының кездесу сабағын спорт залда өткізді. Спорт залындағы кездесу екі команданың сайысы түрінде өтті. Бұл сайысты 9 Ә сыныптың спорт секторлары А.Доспаев және А.Абдикарим  жүргізді.  Ойын барысында екі команда өздеріне атын, ұранын дайындады. Спорттың волейбол, эстафеталық жарыс түрлері ұйымдастырылды. Оқушылар белсене қатысты.  Ойын соңында достық жеңіп , екі команданын ұпайлары тең түсті. Осы жерде 9Ә сынып  оқушылары өздерінің 5сынып оқушыларынан үлкен екендерін ескеріп, оларға сыйлықтар ұсынды. Сыйлықтары- өздері жақсы көретін «Сникерс» шоколады берілді.     9-сынып оқушылары 5 сынып оқушыларына қамқор болып, көмектесу керек екенін ұқты. Осындай іс-шараларда сәл болса да  көшбасшылық қасиеттері дами түсті, өзара сыйластық, жауапкершілік, кішіге қамқор болу сынды жоғары адами құндылықтар жүзеге асыруға тырысты.   

            Келесі кездесу мұз айдынында өтті, екі сыныптың оқушылары бірлесе барып  конькимен  сырғанады. Уақыттарын тиімді өткізіп, пайдалы демалыс ұйымдастырды.

         «Тұлпар» 5Е мен10Ә сыныбында да алғашқы кездесуден бастап, досыңа кітап сыйла, КВЕСТ ойыны, музейге саяхат жасау шараларын бірлесе өткізді.  «Сұңқар» шаңырағында 5,7Б сыныптарының жұмысы да жүйелі жүргізілді. Екі сыныптың бірлесе өткізген сабақтары мотивациялық қабырғада да, сыныпта да өткізілді.

  1. Ежелгі және орта ғасырлар тарихы, тарих, этнография, тәуелсіз Қазақстан, Астана,  Алтын залдарын аралап қарады. Қазақстандық ғалымдардың елдің барлық аймағында жүргізген көп жылдық зерттеулері бүгінгі күні ҚР Ұлттық музейінің екінші қабатындағы экспозиция залында көрініс тапқан.   Астана залында 9 зал мен 16 дүңгіршекке хроникалық-құжаттық тәртіппен орналастырылған материалдар көне дәуірлерден бастап қазіргі заманға дейінгі жан –жақты танысуға мүмкіндік берді. «Сұңқар» шаңырағы алған әсерлерімен бір-бірімен бөлісіп, экскурсоводқа бірнеше сұрақтар қойып, алғыс айтты.

Жоба бойынша  толық қанды қол жеткізбеуіміздің басты себебі:

        Шаңырақ жобасын жүргізудегі кедергілер екі сынып жетекшісінің бірлесе жоспар құрып, бірге іс-шараларды өткізуінде болып тұр. Сынып жетекшілерінің әлі де өз сыныбымен ғана шараларды өткізуі, үйреншікті әдеттен аса алмай жатуында болып тұр. Үлкен сыныптың жетекшілері мен топ басшылары әлі де жоба мақсатын толық түсіне алмағанын байқатты.

STEM  интеллектуалды жобасы

Мақсаты:мектеп оқушыларының арасында  оқытудың біріктірілген тәсілін бір мезгілде дамыту арқылы  арқылы STEM сауаттылықты уйретіп, танымдық қабілеттерін арттыру.

Міндеті:

 - робототехника, құрастыру,  үлгілеу, жобалау жұмыстарын жүзеге асыру;

- қызығушылықтарын жүзеге асыруда күрделі дағдылар мен құзіреттерді түсіну;

- білу, істеу мен қатар зерттеу және ойлап шығаруды уйрету

 Биылғы оқу жылында осы орталықпен бірлесе жұмыс басталды. Жоспар құрылғаннан соң, ашық есік күнінде ата-аналарға таныстыру жұмыстары жүргізілді.  Қатысатын оқушылар анықталып,  мақсат барлық оқушыны қамту болғандықтан, командалық олимпиадалар, викториналық сұрақ түрінде беріліп 5-10 сыныптыр арасында өткізілді.

 «SMART PROBLEM RESOLUTION»  ғылыми олимпиадасының өткізілуі оқушылардың өз идеяларын жүзеге асыру үшін жоба ретінде қорғау басты мақсат болды. Ғылыми олимпиадаға 47 оқушы 17 жобаны ұсынды. Жүлдегер атанған оқушылар дипломмен марапатталды.  «STEM GUEST» 5-10 сынып оқушылары арасында 7топ бойынша 7 тосқауылдан өтетін тапсырмаларды орындау арқылы нысанаға жете алады. Тапсырмалардың көбі математикалық сауаттылықтарын дамытуға құрастырылған.  Оқушының шығармашылығымен бірге, командада жұмыс істей алу қабілеті де көрінеді.

       Жоба бойынша  толық қанды қол жеткізбеудің басты себебі:

  Жүргізуші мұғалімнің ауысуына байланысты оқушылардың жобаға қатысуы көңілдегідей болмады.  І жарты жылдықта оқушыларды қызықтыруға бағытталған шаралар  ғылыми олимпиада,  ғылыми зерттеу жобалар конкурсына оқушылар қатысып, қызығушылықтары болып еді, ІІ жарты жылдықта көпшілік оқушыны қамти алатын ауқымды  ешқандай шаралар  өткізілмеді.

Тәрбие жұмысы бойынша атқарылған іс-шаралар

№73 мектеп-лицейінің 2017-2018 оқу жылында «Жаңа заманға бейімделген төзімді, рух – жігері шыңдалған  тұлға  қалыптастыру» бағытында біршама жұмыстар атқарылды.

     Оқу жылының басында 2016-2017 оқу жылындағы атқарған жұмыстарға талдау жасау арқылы  2017-2018 оқу жылының міндеттері айқындалды, ұйымдастыру шаралары іске асырылып, сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары нақтыланып, сынып бөлмелері бекітілді.

    Сонымен қатар тәрбие іс - шараларды бақылау, басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың мектеп формасының сақталуы мен күн режиміне бірыңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайын жүргізілетін тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды.

2017-2018 оқу жылында барлығы -1609 оқушы білім алуда.

Бастауыш сыныпта - 867 оқушы, 5 - 11 сыныптарда 742 оқушы.

Сыныптар саны

Бастауыш /1-4 сынып/

32

5-11 сынып бойынша

26

 

   Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтыды:

1)    Қазақстандық патриотизм  мен азаматтық  тәрбие, құқықтық  тәрбие;

2)    Рухани – адамгершілік тәрбие;

3)    Ұлттық  тәрбие;

4)    Отбасылық  тәрбие;

5)    Еңбек, экономикалық және экологиялық  тәрбие;

6)    Көпмәдениетті  және  көркем – эстетикалық  тәрбие;

7)    Зияткерлік  тәрбие, ақпараттық мәдениет  тәрбиесі;

8)    Дене тәрбиесі, салауатты  өмір салты.

     Сонымен қатар жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, балалар жарақатын болдырмаудың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік көзқарасқа қарсы жүргізілетін іс-шаралар кеңінен жоспарланды. Мектеп әкімшілігімен «Бала тәрбиесі – баршаның ісі» тақырыбында бірлесіп атқаратын жұмыстардың көлемі бекітілді. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары бірлесіп жасалды.

       Жыл басында жұмысты жүйелеу, жауапкершілікті нығайту, әдістемелік материалдарды жинақтау мақсатында айтулы мерекеге қатысты апталықтар бекітілді.

Қазақстандық  патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

      Мақсаты: жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптастыру; тұлғаның саяси құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен  жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық – зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайындығы.

     Оқу жылының басы «Сыңғырла күміс қоңырау» атты салтанатты жиынмен басталды.Салтанатты жиынның алғашқы сөз кезегін алған мектеп директоры Байтажикова Құралай Амангелдіқызы мектеп ашылғалы бері жеткен жетістіктер мен алда жасалатын жұмыстарға тоқталды. Мектеп – лицейінде үздік ұстаздар шоғыры бала тәрбиесі мен білімін дамыту жолында жұмыс жасап жатқандығын айрықша атап өтті. 

    Сондай – ақ, салтанатты жиынға құрметті қонақтар қатысып, шәкірттерге құттықтау тілектерін арнады. ҚР Президенті жанындағы Басқару институтының директоры Ерлан Әбіл мырза оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.  Салтанатты жиында мектеп жанындағы «Нұрсәулем – ай» би ансамблі жиын қонақтарына би шашуларын арнады. Елордамызға танымал, жас топ «Тұмар» тобы өнер көрсетіп, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Алғашқы қоңыраудың сыңғырлаған сырлы үнімен биылғы тарихи жылда, атап айтар болсақ, «ЭКСПО – 2017» көрмесі арқылы халқымызды әлем таныған кезеңде, еліміз рухани жаңғыру жолына түскенде мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім жолына шығарып салдық.   

   Салтанатты жиын «Мен – өз Отанымның патриотымын» атты бірыңғай сынып сағаттарымен жалғасты.

   Білім басқармасы басшылығымен бекітілген «Мен – өз Отанымның патриотымын» тақырыбындағы алғашқы сабақ ерекше форматта өткізілді. Сынып сағаттарының жылдағыдан өзгеше, балаларға күш – жігер берерліктей болғанын қалаған №73 мектеп – лицей директоры Құралай Амангелдіқызы елімізге белгілі бір топ азаматтарды қонақ қылып шақырды. Яғни, балаларға еліне еңбек етіп жүрген, нағыз патриот азаматтарды үлгі етіп көрсетті.

    Бірі білім саласы, бірі өнер саласы, енді бірі кәсіпкерлікпен айналыса жүріп, халыққа қызмет етіп жүрген азаматтар шәкірттерге өзінің еңбек жолын қалай бастағанын, жетістікке қалай жеткендерін, ал ол жетістікке жетуге әрбір адам талпынса, қолынан келетінін айта отырып, балаларға күш – жігер бере білді. Қонақтарды атап өтер болсақ; 

– «BilimLand» платформасының негізін салушылардың бірі Нартай Әшім мырза шәкірттерге жетістікке жетудің құпияларын ашты;

           - Робототехника маманы Олжас мырза өзінің жетістіктерін айта отырып, бұл саланың болашағы зор екеніне көз жеткізді, шәкірттерді ғылыммен айналысуға шақырды;

 – Жас кәсіпкер, «Дарын» Білім академиясының негізін салушы, «Zhastar» футбол клубының директоры Адиль Игембердиев мырза жас та болса, бас бола білуге әрбір адам лайықты екенін, ол үшін қажырлы еңбек пен ізденімпаздық қажет екенін айтып, шәкірттерге үлгі бола білді;

– «Анаға апарар жол» фильмінің басты кейіпкері, талантты актер Әділ Ахметов өзінің өнер жолындағы жетістіктері мен әлі де болса бағындырар белестерінің алда екенін айтып, шәкірттердің ықыласына бөленді;

– Қажымұқан, Балуан Шолақ аталарымыздың ізін жалғастырушы күрескер, қазақстандық палуан  Сергей Цырульников балаларға өз өнерін көрсетіп, таңдай қақтырды;

– «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Баян Бақкелді шәкірттермен журналистиканың қыр – сырымен бөлісіп, бұл салада жүріп, елге пайдалы ақпарат бере білу басты мақсаты екенін атап өтті.

- "Болашақ" инжинирингінің басқарушы директоры Залқарбек Муралиұлы шəкірттерге ғылым мен техника дамыған заманда болашақтың кілті ғылымның тереңінде жатқанын түсіндірді.

– Білім және ғылым министрлігінің өкілі Оршыбек Нұрбек мырза балаларға физика мен математиканың құпияларын ашып, осы пәнге қызығатын балаларға арналған шеберлік сағатын өткізді.  

- Назарбаев университетінің қызметкері Ербол мырза да балаларға шет елде оқудың маңыздылығын түсіндіріп, оқыған білімді елге пайдасы тиетіндей етіп жұмсау – азаматтық парыз екенін баса айтты;

– Еркін күрестен аға бапкер Асқар Абдрашев мырза балалармен бірге бұл спортты жан – жақты талқылап, оларға спорт саласында еліміздің даңқын көтеріп жүрген аға – апаларындай болуды тіледі. 

– ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару академиясы Басқару институтының директоры  Ерлан Абил мырза мемлекеттік салада қызмет етудің қызықтары мен қиыншылықтары туралы ой бөлісіп, осы салада адал қызмет етіп жүрген, елін сүйетін азамат екенін көрсетті. 

– Ғылыми лаборатория жетекшісі Елеусов Əділет ғылымның қыр – сырына үңіліп, шәкірттерді еліміздің ғылымын дамытуға үлес қосуға шақырды;   

 - "Пифагор" математикалық мектебінің директоры Асан  Жолдасов математикаға жүйрік оқушылармен кездесіп, бұл пəнді мықтап игерудің сырларымен бөлісті.

 – «Астана жастары» ресурстық орталығының маманы, 12 жасында Елбасымен кездесіп, Елбасы қолынан алғыс хат иеленген Аманжолов Бекарыстан мырза өзінің тәжірибелерімен бөлісе отырып, нағыз патриот қандай болу керектігін көрсетті;

– «Health project» компаниясының негізін салушы Биримжан Аян шәкірттерге дұрыс тамақтану туралы керемет дәріс оқып, бұл саладағы өзі жасаған еңбектері туралы әңгімелеп берді.

   Мектептегі «Өзін - өзі басқару» ұйымның жұмысын биылғы оқу жылында да жандандыру мықтап қолға алынуда. Бұл ұйым төмендегі мақсаттарды басты нысанаға алып құрылады:

- Мектептегі оқу үрдісін демократияландыру;

- Оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту;

- Балалар мен жасөспірімдердің өз қызығушылықтары мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға жағдай жасау;

- Әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру;

- Оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, ортақ мәселелерді шешу. 

Міне, осы бағытта шәкірттермен бірлесе отырып жұмыс жасалады.  Осы орайда мектебімізде мектеп Президентін сайлау салтанатты жиыны өтті. Жоғары сыныптар бойынша 19 оқушы өз кандидатурасын ұсынып, мектепті жандандыруға бағытталған жобаларын айтып, идеяларын қорғады. Жиын соңында барлық үміткерлерді тыңдаған жоғары сыныптың 300 - ге жуық оқушысы дауыс беру арқылы мектеп Президентіне таңдау жасалды. Мектеп директоры Құралай Амангелдіқызы жиынға қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі, алғаш болып, өзі де таңдауын жасады.  Қазіргі уақытта ұйым мүшелері іріктеліп, бұрынғы құрам жаңартылуда. Көпшіліктің басым дауысын жинаған Байболова Жұлдыз Президенттікке тағайындалды. Премьер - министр болып, дауыс беру нəтижесі бойынша 2-ші орынға  шыққан  Кенжебай Сағындық сайланды. Білім жəне ғылым министрі болып Рахметов Алихан, Спорт жəне денсаулық министрі болып Əміржан Дулат, Мəдениет жəне ақпарат министрі болып Зейнолла Аружан бекітілді. Ұйым белсенділері көпшілік алдында ант беріп, лайықты, нəтижелі жұмыс жасауға уəде берді.

    29 қыркүйек күні №73 физика-техникалық лицейі ұстаздар қауымына арналған «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі» атты мерекелік концерт өтті. Мерейлі мереке мектеп-лицей директоры Байтажикова Құралай Амангелдіқызының құттықтау сөзімен ашылды. Ұстаздар қауымын құттықтау үшін еліміздің дәстүрлі әншісі Клара Төленбаева келіп, жылы лебізі мен әнін арнады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жукенов Жұмажан Қамкенұлы арнайы шарада өзінің ұстаздарға деген тілегін айтып, ұстаздар қауымына алғыс хаттар мен марапаттар ұсынды. Мектеп-лицей шәкірттері дайындаған мерекелік шараны БАҚ өкілдерінен «Балапан» телеарнасы түсірді. Кеште оқушылар тарапынан ұстаздар қауымына зор ықылас көрсетіліп, мерекелік шара жоғары дәрежеде өткізілді.

1 желтоқсан – Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті күніне және 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігі  күндеріне арналған «Тәуелсіздік -тәу етер киелі ұғым» тақырыбындағы айлық жоспар
 

 Өткізілетін іс- шаралардың тақырыбы

Өткізілу түрі

Мерзімі

Жауаптылар

  1.  

Тәуелсіздік -тәу етер киелі ұғым

Ашылу салтанаты

 

ТІЖО Есенгелдіқызы Ж, педагог ұйымдастырушы

Шүйгінбаева Д.С.

  1.  

Құрастыр да ұтып ал!

Кубик - рубик ойыны

 

Робототехниканың жетекшісі Олжас

  1.  

Қазақстан тарих толқынында

Брэйн ринг

әр сенбі

Жастар конгресінің мүшесі  - Алишер                                                         

  1.  

Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы!

Шеберлік сағаты

 

ТІЖО,

АО «Health Project» дұрыс тамақтану ұйымының негізін қалаушысы, Назарбаев университетінің түлегі Аян Бірімжан

  1.  

«Ландшафтық дизайн» жобасы аясында «Гүлдер композициясы» тақырыбындағы шығармашылық жұмыс

Жоба қорғау

 

Исмаилова А.Б.

Сынып жетекшілер

  1. 22.11

Smart problem resolution

 

Олимпиада

 

ҒІЖО Шайхынова Т.С.

STEM орталығының мұғалімі - Алия

  1.  

«Ландшафтық дизайн» жобасы аясында «Гүлдер композициясы» тақырыбындағы шығармашылық жұмыс

Жоба қорғау

 

ҒІЖО Шайхынова Т.С.

Биология пәнінің мұғалімі Амиржанова С.Б.

  1.  

Что? Где? Когда?

Зияткерлік сайыс

 

ТІЖО Есенгелдіқызы Ж, Тамара Ивановна мәдениеттанушы

  1.  

Елбасына хат

Эссе сайысы, Назарбаев орталығына саяхат

 

Педагог ұйымдастырушы Шүйгінбаева Д.С.

  1.  

«Мен тұратын көше» зерттеу жұмысы

Жоба қорғау

 

ҒІЖО Шайхынова Т.С.

Тарих пәнінің мұғалімі Ұзақбайқызы Г

  1.  

Тәуелсіз Қазақ  елінің болашағын бірге қалаймыз!

Роботкамп

 

Робототехниканың жетекшісі Олжас

  1.  

Елім деп соқсын жүрегің!

Мәнерлеп оқу сайысы

 

Сынып жетекшілер

  1.  

Қазақстан  халқының тәуелсіздігін бейнелейтін  «Ұлы дала мұрасы» атты көркем өнер

Сурет  көрмесі

 

Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Зауышова  Г

  1.  

Тәуелсіз ел көшбасшысы

Зияткерлік сайыс

 

Орыс тілі пәні мұғалімі

Жұмабаева Т.М.

  1.  

Желтоқсан –тәуелсіздіктің ұлы рухы

Кездесу кеші

 

Қазақ  тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ахметова Ғ.С.

Мамадиярова Г.Б. Шекербекова Ә. Н.

  1.  

Қазақстан қоғамының болашағы-жастардың қолында

Пікірсайыс

 

ТІЖО Есенгелдіқызы Ж.

 

  1.  

Тәуелсіздікке жетер жолда... 

Деректі фильмдер топтамасы

Желтоқсан

Тарих пәнінің мұғалімдері

Бұхарбай М.М.

Абдрахманова А.Д.

Кітапхана ісінің меңгерушісі Нұрлан Зоя

  1.  

Тәуелсіз елім –тұғырың сенің биікте

Кітаптар көрмесі

Желтоқсан

Кітапхана ісінің меңгерушісі Нұрлан Зоя

  1.  

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!

Сынып  сағаттары

Сабақ кестесі бойынша  4- 15 желтоқсан аралығында

Сынып жетекшілер

  1.  

Елімнің тарихы - менің тарихым

Қала мұражайларына саяхат

Желтоқсан

 

 

ТІЖО Есенгелдіқызы Ж.

Сынып жетекшілер

  1.  

«Алаш қозғалысы және Алихан Бөкейхан: қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу жолындағы күресі»

Қалалық олимпиада

 

ТІЖО Есенгелдіқызы  Ж.

Тарих пәнінің мұғалімдері Абдрахманова  А.Д.

Бұхарбай М.М.

 

  1.  

«Мұражай – тарих айнасы»

«Ең үздік бейнесюжет» байқауы

 

ҒІЖО Шайхынова Т.С.

Тарих пәнінің мұғалімі Ұзақбайқызы Г

  1.  

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынған  «Қазақстанның  қасиетті рухани құндылықтары»  «Туған жер» жобаларын құру мәселелерін негізге ала отырып,  Тұңғыш Президент  күні мен Тәуелсіздік күніне арналған «Киелі Атамекенім» атты үздік сабақтар

Үздік сабақ

 

Бастауыш сынып Нұртазина А, Ибраева Г, Тілеубай И

  1.  

Тәуелсіздік -тәу етер киелі ұғым

Әдеби сазды кеш

 

ТІЖО Есенгелдіқызы Ж, Педагог ұйымдастырушы Шүйгінбаева Д.С.

 

 

   Мектеп – лицейіміздің басшысы  Құралай Амангелдіқызының «мейрамдардың ұлысы - Тәуелсіздік мерекесі бір күн, бір ай аясында емес, жыл бойы тойланса» деген тың идеясын негізге ала отырып, Тәуелсіздікті тойлау мерекесіне арналған іс-шарамызды бір айға жоспарлаған болатынбыз.

     Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.  Осы бір құдіретті сөзді өскелең ұрпақтың  санасына жеткізу мақсатында «Тәулсіздік –тәу етер киелі ұғым» тақырыбындағы айлық іс-шарамыздың ашылу салтанаты 16 қараша күні өткізілді.

     Оқушылардың білімін тереңдете түсу, логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, ұйымшылдыққа, озық болуға және туған жерін, Отанын қастерлеуге бағытталған «Брэйн – ринг» зияткерлік ойыны мектебімізде биыл да өз жұмысын бастады. Зияткерлік ойынға 7-9 сынып оқушылары қатысты. Аталған зияткерлік ойынның ерекшелігі - оқушыларға оқу бағдарламасынан тыс, жалпы білімге бағытталған сұрақтар қою. Алғашқы сайыста қатысушыларымыз Қазақстаның әлемдік аренадағы рөлі, танымал тұлғалар, елімізде өткізілген саяси және спорт шараларынан қатысты сұрақтарға жауап іздеді. «Тәуелсіздік- тәу етер киелі ұғым» айлығы аясында жоспарланған зияткерлік ойыны 16 қараша - 16 желтоқсан аралығындағы әр сенбі күні өтпек. Демек, әр сайыстан қатысушы топтар қанша сұраққа дұрыс жауап берсе, сонша ұпай еншілейді. Соңғы ойын күні барлық ұпайлар қосылып, жеңімпаздар анықталып, арнайы алғыс хаттармен марапатталды. 

    18 қараша №73 мектеп-лицейіміз үшін айтулы күн болды. Мектеп-лицей қабырғасында сол күні бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Соның бірі - «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» тақырыбындағы шеберлік сағаты. Бұл шеберлік сағатының негізгі тақырыбы өнімдердің үйлесімі жайлы болды. Онда тағам дайындаудағы пайдалы, дəмді жəне жылдам тәсілдер түсіндірілді. Қазіргі жағдайда тамақтану мәселесі бірқатар себептерге байланысты бірінші орынға шықты, атап айтсақ: экологиялық ортаның бұзылуы, организмге қажет компоненттердің жеткіліксіз түсуі, дұрыс тамақтанбау, сапасы төмен азықтар және т.б. Сонымен бірге қоршаған ортаның ластануы адам денсаулығына кері әсерін тигізетіні ақиқат. Көбінесе ағзаның ондағы пайда болатын және оған тамақпен, сумен, ауамен және дәрі-дәрмек заттарымен баратын зиянды заттарды шығаруды қамтамасыз етуге күші жеткіліксіз. Сау адам жейтін асына жиі зейінсіз қарайды. Сол себепті мектебімізде ұйымдастырылған осы тәлімдік сағаттан оқушылар адам ағзасына пайдалы өнімдерді қолдану керектігі жайлы мол мағлұмат алып, тәжірибе жинақтады деп ойлаймыз. Шеберлік сағатта тек дұрыс тамақтану жайлы сөз болмай, салауатты өмір салтын ұстану, спорт, дене пішіні құпиялары туралы əңгіме-сұхбат жүргізілді. 

    Осындай әсерлі де адамға ой салатын шеберлік сағатын жүргізгені үшін - Назарбаев Университетінің түлегі, экономист, бодибилдинг бойынша Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы «Health Project» ЖШС-ның негізін салушы, салауатты диетаны ұйымдастырушы, Назарбаев Университетінің асхана бөлмесінің директоры - Бірімжан Аянға жəне ҚазАТУ жəне ЧелГУ түлегі, энергетик, экономист, металлургия кәсіпорыны директорының орынбасары, салауатты өмір салтын қалыптастырушы - Белгібаев Медетке айтар алғысымыз шексіз.

    

        2017 жылғы 22-қараша  күні 5 «в» сыныбында тәуелсіздік мерекесіне байланысты қалалық үздік сабақтар конкурсы аясында  «Желтоқсан-тәуелсіздіктің жаршысы» атты  сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты оқушылармен бірлесе отырып  қазақ халқының тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу, оқушыларды тәуелсіздік алғалы  еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстыру, оқушылардың бойында өз Отанына деген құрмет, мақтаныш сезімдерін арттыру болды.  Ой қозғау кезеңінде оқушылар желтоқсан айының қазақ халқы үшін маңызын,  желтоқсан оқиғасының  Тәуелсіздік алуымызға себепші болуы жайлы сұрақтарға жауап берумен ашылды. Желтоқсан оқиғасының шығу себебі желтоқсан оқиғасы кезіндегі келеңсіз оқиғалар туралы бейнежазба тамашалай отырып,  1-топ оқушыларына  желтоқсан  көтерілісінің болу себебін анықтау, 2- топ оқушыларына  Алматыға қандай қалалардан әскери күштер жеткізілгенін анықтау, әскери күштерді әкелу себебін түсіндіру, 3-топқа желтоқсан оқиғасы кезінде қазақ жастары қалай жазаланды?- деген сұраққа жауап іздеу,  4-топқа желтоқсан оқиғасынан кейін қандай мемлекеттерде қақтығыстар, ұлтаралық шиеленістер болғанын анықтау тапсырылды. Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды дұрыс орындап шығуға тырысты. Сабақтың орта кезеңінде 1-топ желтоқсан оқиғасына қатысушылар туралы мәлімет іздесе, 2-топ тәуелсіздік алғалы еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстырды. 3-топ мемлекеттік рәміздеріміз туралы  ой  толғаса, 4-топ шығармашылықпен айналысып, Елбасымыздың «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» бағдарламасындағы қыран құстың бейнесін жасап қонақтарға тарту етті.  Бекіту кезеңінде желтоқсан оқиғасына қатысушы аға-апаларымызға арнап егемендігіміз үшін  алғыс айта отырып  хат жазды. Сабақ Ибрагим Ескендірдің «Көк тудың желбірегені»  әнімен қорытындыланды.

24 қараша күні «Тәуелсіздік - тәу етер киелі ұғым» атты айлық іс - шаралар аясында 6,7 - сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Елбасына хат» шығармалар байқауы өткізілді. Жас ұрпаққа  Елбасымыздың сан қырлы дарын иесі, құрметті тұлға екенін таныту, Елбасына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімін арттыру, еліктеу, үлгі тұту мақсатында өткізілген іс - шараны 6 «а» - сынып оқушылары  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлының дүниеге келген сәтінен бастап, Елбасы болып сайланғанға дейінгі өмірі туралы суреттейтін әдеби монтажбен бастады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Есенгелдіқызы жас қаламгерлерге шабыт тіледі. Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің жұмыстарды бағалау шешімі бойынша «Елбасына хат» байқауының қорытындысында 6 «ә» – сынып оқушысы Ақпанова Әдеміай І орын , 6 «б» – сынып оқушысы Ұзақбай Жібек ІІ орын, 7 «б» – сынып оқушысы Әрмия Елая ІІ орын, 6 «в» – сынып оқушысы Бекбосын Аян ІІІ орын, 6 «в» – сынып оқушысы Жұмабек Парасат ІІІ орын, 6 «б» – сынып оқушысы Рысбек Үкіліай ІІІ орын, 6 «ә» – сынып оқушысы Серік Айнель ІІІ орын иеленді.

«Елбасына хат»  байқауы шығарма жұмысымен шектеліп қалған жоқ. Байқауға қатысқан оқушылар Назарбаев орталығына саяхат жасап қайтты. Саяхат барысында орталықтағы  Елбасымызға арналған  Тілек кітабына үздік деп танылған үш оқушының шығармасы енгізілді. Елбасының өзі оқыған кітаптары, авторлық кітаптары, сондай – ақ қазақ халқының біртуар қаламгерлері қолтаңбасы мен сыйға тартқан құнды жәдігерлер туралы көп мәлімет алынды.

       25 қараша күні «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» тақырбындағы айлық іс-шара аясында ДИІЖО Шайхынова Тұрсынкүл Сағатбекқызы  және биология пәнінің мұғалімі Амиржанова Сәуле Ботиқызының  ұйымдастыруымен «Гүлдер композициясы» тақырыбында  5-сыныптар арасында сайыс өткізілді. Сайыс нәтижесі бойынша бас жүлдені 5 «г» сыныбы, І орынды 5 «е» сыныбы, ІІ орынды 5 «в» сыныбы, ІІІ орынды 5 «ә» сыныбы иеленді.

   Жас ұрпақты ұлтын сүюге, Отанын қорғауға, тәуелсіздіктің ұранын асқақтатуға баулу мақсатында 29 қараша күні  мектебіміздің  1-қабатында орналасқан  «Study room»  алаңында 4 «Б» сынып оқушыларымен «Тәуелсіз елім-тұғырың сенің биікте» атты кітап көрмесі өтті. Көрме барысында тәуелсіздік туралы жарық көрген 10- нан астам кітап қойылып, оқушыларға таныстырылды. Оқушылар кітап көрмесінде  Елбасының  «Тәуелсіздік жолы»  атты еңбегіне қызығушылық танытып, бас қаламыз–Астана жайында мол мәліметтер  алды. Сондай-ақ,  оқушылар  арасынан Ерлан Самғат, Мұрат Сымбат ,Омарова Ақтоты    сынды  оқушылар  үш тілде    тәуелсіздік турасында өлең,оқып, өнерлерін ортаға салды.

   Желтоқсан айы мектеп-лицейімізде паралимпиада ойындарының спортшысы, волейболдан жастар құрамасының капитаны, құрметті қонағымыз Серік Есматовпен кездесуден бастау алды. Кездесу мектеп-лицейіміздің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткізілді. Оқушыларға 19 жасар Серіктің өмірге деген құлшынысы, мақтанарлықтай жетістіктері зор шабыт сыйлап, қонағымыздың мотивацияға толы өмірлік тәжирибесі жігерлендірді. Кездесу барысында  оқушылар өздерін қызықтыратын сауалдарына жауап алып, естелік суретке де түсті. "Қолданбалы экология" мектеп аясында өткізілген жоба барысында оқушылар қолынан жасалған блокноты арнайы қонағымыз Серік мырзаға оқушылардың ізгі тілектерімен сыйға тартылды. Мектеп-лицейіміздің тілек-кітапшасына қонағымыз мектебімізге деген жүрекжарды тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды. Шәкірттер кездесуден зор әсер алғандары соншалық, тіпті қимастықпен қоштасты. Өмірге деген сүйіспеншіліктің дәрежесі жетістіктер мен бақыт көрсеткіші екеніне куә еткен Серік мырзаға №73 мектеп-лицей атынан шексіз алғыс білдірілді.

       Былтырғы оқу жылынан бастау алған «Алаш қозғалысы және Алихан Бөкейхан: қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу жолындағы күресі» тақырыбында қалалық олимпиада биыл да мектебімізде өз жалғасын таба білді. Олимпиадаға қала мектептерінен 7-8 сынып оқушыларынан 115 оқушы қатысты. Сайысқа қатысқан оқушылардың барлығына арнайы сертификаттар табысталып, дипломдармен марапатталды.

сынып жасындағы оқушыларды оқуға ынталандыру, баланың өлең оқуға қызығушылығын арттыру, тәуелсіздік туралы білімін кеңейту, сайыста белсенділігін таныту, отансүйгіштіккке тәрбиелеу мақсатында 8 желтоқсан күні бастауыш сынып пәні мұғалімі Маханова Бағиланың ұйымдастыруымен  «Елім деп соқсын жүрегім!» атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайыс соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар мен дипломдар табысталды.

     13 желтоқсан күні №73 мектеп-лицейінде ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздіктің мәнін тереңірек ұғындыру мақсатында «Желтоқсан-Тәуелсіздіктің ұлы руxы» тақырыбында кездесу кеші болып өтті. Кездесу кешіне арнайы шақырылған С.Сейфуллин атындағы Агротеxникалық университетінің тариx факультетінің аға оқытушысы Асилов Қайрат Рапбекұлы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тариxы, конституциялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Ибрагимов Жамаладен оқушылар тарапынан қойылған «Сіз үшін Тәуелсіздік деген не?», «Бүгінгі таңда Тәуелсіздіктің бағасына, қадіріне қаншалықты жетіп жүрміз?», «Желтоқсан оқиғасы - ел Тәуелсіздігінің баспалдағы» десек, осы пікірге сіздердің көзқарастарыңыз қандай? деген сауалдарға тұшымды жауап бере білді. Залдағы көрермендер мен кеш қонақтарын елең еткізген-ел Тәуелсіздігін алғанда сонау Монғолия мен Түркиядағы қандас бауырларымыздың «сүйіншілеп» қуануын бейнелейтін бейнефильм болды. Еріксіз көзге жас алғызатын мұндай дүниенің ел тәуелсіздігі жаңғырып жатқан кездегі маңызы ерекше деп атауға болады. Кездесу барысында мектеп оқушылары Жұмабек Нұраxмет пен Кенжебай Сағындықтың ақын Нұрмаxан Назаровтың «Тәуелсіздік» және ақын ағамыз Есенқұл Жақыпбектің «Я, құдайым, ел-жұртымды сақтағай!» атты өлеңдерін ортаға суырылып шығып орындауы өскелең ұрпақтың бойындағы елжандылықты танытты. Кеш соңында ел тәуелсіздігіне тарту ретінде «Жаса, Қазақстан!» әні шырқалып, жиналған қауым ерекше ризашылықпен тарқасты.   

     Мектеп-лицейде Кубик Рубик сайысы ұйымдастырылды. Сайысты ұйымдастырудағы мақсатымыз балалардың жеке қабілетін ашу, шығармашылық дербестігін дамыту, қызығушылығын арттыру, белсенділікті ұлғайту, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету, балаларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, ізденімпаз  тұлға  қалыптастыру.

    Кубик Рубикті шешуге мектеп кезінде математика сабағынан өткен қарапайым ғана формулалар көмектесетін көрінеді. Тек сол формулаларды оқушыларға өмірде қолдана білуге үйретуіміз керек. Егер текшенің беттерін келесі белгілерімен анықтасақ, оның формулалары арқылы түстерін оңай келістіріп жинауға болады: В - үстіңгі беті, Н - астыңғы беті, Л - сол жағындағы беті, П - оң жағындағы беті, Ф - алдыңғы беті, З - артқы беті.

    Төбесінде сызықшасы жоқ болса, онда оны сағат тілімен тек 90 градусқа айналдырады. Ал бір сызықша болса, онда оны сағат тіліне қарсы 90 градусқа айналдырады. Егер екі сызықша орналасса, демек көрсетілген бетін кез-келген бағытпен 180 градусқа айналдыруға болады.

1 - формуласы: ВП' В''П ВП' ВП

2 - формуласы:  П'ВЛВ' ПВЛ'В'

3 - формуласы: Ф'П ФП' керекті сан

   Рубик текшесімен (8!×38−1)×(12!×212−1)/2 = 43 252 003 274 489 856 000 түзбе жасалуы мүмкін.

   Текшені жылдам жинастыруын — спидкубинг деп атайды, ал оны тез жинастыратын адамдарды — спидкубер дейді. Ең жылдам жинау әдісі Джессика Фридрих әдісі болып табылады екен. Міне, осындай мәліметтермен таныса келе, біз де сайысымызды бастап кеттік. Сайысқа 5-10 сынып оқушылары арасынан 20 оқушы қатысты. Тіпті, ата-аналардан осы сайыстың өтетінін естіген Көкшетау қаласының 11 сынып оқушысы да қатысуға арнайы келді. Сайыс өте қызықты өтті. Сайыс болып жатқан кездің өзінде бірнеше оқушы қатарынан тұра қалып бір-бірімен сайысқа түскен сәттері де болды. Осы сайыстың өтіп жатқанынестіген бастауыш сынып оқушыларының да қызығушылығы пайда болып, сырттай бақылап кетіп жүрді.

Біздің мектептің спидкуберлері:

Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Уақыт

Орын

1

Нұртай Алау

5 Б

34,37

І

2

Бесінбаев Әділби

5 Г

40,03

ІІ

3

Тұрсын Сырым

5 Е

57,68

Ең тапқыр

4

Бахтияров Әділхан

6 Ә

43,58

ІІ

5

Нұртай Ғұмар

6 Б

47,84

ІІІ

6

Құпан Олжас

7 В

52,67

ІІІ

 

 

               

    «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» атты айлық іс – шара аясында «Тәуелсіздікке тартуым» атты композиция сайысы мектебіміздің 1- қабатында орналасқан  «Study room»  алаңында өткізілді. Жоба жасау сәтінен көріністер бейне слайд арқылы көрсетіліп, әр сыныптан 5 оқушы шығып жобасын қорғады. Композиция Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы - Астана қаласының тарихынан сыр шертетін көрікті ғимараттар макетімен қамтылды. Жобаға қатысқан 6-7 сынып оқушылары диплом және алғыс хаттарымен марапатталып, жоба барысында жасалған макеттердің барлығы 1-қабаттағы көрмеге орналастырылды.

    12 желтоқсан күні «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» айлық іс-шара аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жумабаева Татьяна Маратовнаның ұйымдастыруымен «Тәуелсіз ел көшбасшысы» тақырыбында  5-сыныптар арасында зияткерлік сайыс өткізілді. Сайыста оқушыларға ел тарихы және Елбасымыздың өмір жолынан сұрақтар қойылды. Сайыс соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, дипломдармен марапатталды.

      Мектеп кітапханасында «Тәуелсіздікке жетер жолда ...» атты  қазақ халқының  тәуелсіздік күніне орай деректі фильмдер топтамасын  тарих пәнінің мұғалімі  Бұхарбай Маниға мен  кітапхана ісінің меңгерушісі Нұрлан Зояның бірлесуімен 5,6,11- сынып оқушыларына көрсетілді. Тарих пәнінің мұғалімі Бұхарбай Маниға оқушыларға арнайы дайындалған  тәуелсіздік туралы мәліметтерді таныстырып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Тарих пәнінің мұғалімі  Бұхарбай  Маниғаның мәліметтеріне тоқталатын болсақ,  сонау ХҮ ғасырдан іргесін бекіткен, қазақ ұлтының  тәуелсіздік  жолындағы  тар жол тайғақ кешкен сәттерді, одан беріде  түрлі ақын-жыраулардың шығармаларына арқау болған  егемендікті сөз ете отырып, кеңес заманында  алаш зиялыларының бостандық туын көтеріп, ұлт үшін мерт болғанын,  1986 жылдың 16 желтоқсанында   қазақ жастарының Алматы алаңына   бейбіт шеруге шығуы, сол шеруде өрімдей жастардың жан пида еткені туралы мәліметтер берілді. Қайрат, Ләззат, Сәбира сынды жас буынның тәуелсіздік жолында жан қияр ерліктері бүгінгі жастардың жадында мәңгі сайрап тұратыны анық. Оның айқын көрінісі ретінде  Қалдыбай Әбеннің «Аллажар» фильмі оқушылардың назарына ұсынылды. Фильмдер топтамасының соңында оқушылар  бүгінгі бейбіт күннің оңай жетпегенін  түсінді.

        Мектебімізде Тәуелсіздіктің 26 жылдығы үлкен деңгейде атап өтілді. Бір ай бойы жалғасқан іс – шаралар легі бүгінгі мерекелік концертте қорытындыланды.

    Тәуелсіздік тойының шымылдығы музыка пәні мұғалімі Такеева Айгүл Кәкімқызы жетекшілік ететін «Домбыра – дастан» халық аспаптар оркестрінің орындауындағы   халық әні «Еркем- ай», халық күйі «Тепеңкөк», Құрманғазының «Балбырауын» күйімен ашылды. Қанды, ызғарлы Желтоқсан оқиғасынан көрініс көрсеткен мектебіміздің өнерпаз оқушылары көрермен ықыласына бөленді. Сондай – ақ, мерекелік концерт барысында «Өз елім» әнімен «Балалар» хоры (жетекшісі Сәтмағамбетов Дастан), «Нұрсәулем – ай» би ансамблі халық биі «Бипылды» бұрала билесе, Халқымыздың сүйікті әншісі, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Ибрагим Ескендір көрермендерді Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, «Көк тудың желбірегені» әнімен патриоттық рух сыйлады.

    «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» атты айлық аясында мектепішілік және қалалық деңгейде ұйымдастырылған іс–шаралардың ұйымдастырушылары мен жеңімпаздары марапатталды.

    Тәуелсіздік тойының тосын сыйы мұнымен біткен жоқ. Ән-күй пәні мұғалімі Такеева Айгүл, математика пәні мұғалімі Тағанов Бекболат, өзін – өзі тану пәні мұғалімі Шағатаева Шолпанай Қазақстан Республикасын Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің атынан Құрмет Грамотасына ие болды.

    Астана қаласы Білім басқармасының атынан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шекербекова Әлпеш Ниязқызы, бастауыш сынып мұғалімдері Дильмағанбетова Жанна Қарасайқызы, Садықова Жадыра Әнуарқызы Құрмет Грамотасымен марапатталды.

      Желтоқсан айында мектепішілік 1-10 сынып оқушылары арасында робототехникадан командалық сайыс өткізілді. Сайысқа қатысқан бастауыш сыныптың 3 командасы әр түрлі тақырыптарда роботтарын құрастырып, сол бойынша жобаларын қорғады. Жоба қорғауға тек 1 «А», «Ә», «Д» және 4 «Г» сынып оқушыларының командасы белсене қатысты.

  Орта буын оқушыларынан 15 команда қатыстырылды. Әр команда алғашқы 2 сағатта өз роботтарын құрастырды, құрастырған роботтарына бағдарламалар құрды. Әр команда «Сумо» және «Түзу сызықтың бойымен жүру» категориялары бойынша жарысқа түсті. Ең белсенді қатысқан 5 «Е», 7 «Б», 8 «А» командалары жүлделі орындармен марапатталды.

Жоғары буыннан 3 командадан сұраныс қабылданып, «Сумо» категориясы бойынша жарысқа түсті. Жарыс барысында 9 «А» сынып командасы жеңіске жетті.

     Оқушыларға тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгенін ұғындыру және Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру мақсатында  «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

      2017 жылдың қазан айында құқықбұзушылық пен жасөспірімдердің арасында қылмыстың алдын алу жоспары бойынша мектеп оқушыларына дәріс өткізілді.  Астана қаласы «Алматы» ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция бөлімінің қызметкері шақырылды. Дәрісті Астана қаласы «Алматы» ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция бөлімі капитаны, мектеп инспекторы Орынканова Аида Кумарбековна және Астана қаласы «Алматы»  ауданы ІІБ ЖПҚ ЮПБ УПИ полиция лейтенанты Тургинбаева Лаура Андаспекқызы оқыды.

     Мектеп оқушыларына азаматтардың құқықтық сауаттылығы, нөлдік шыдамдылық, оқушылардың негізгі орындалуы керек ережелермен таныстырды. Дәріс сонында оқушылар Лаура Андаспекқызына көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, қанағаттандырарлықтай жауап алды.

    Отбасы ұғымымен, неке түрлерімен таныстыру, отбасындағы неке рөлі туралы түсінік беру мақсатында 11 желтоқсан күні 9-сынып оқушыларына Баймағанова Балмекен Қабжанқызы «Неке және отбасы» тақырыбында сынып сағатын өткізді.

Отбасы дегеніміз - туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жеке бастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы.

Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт ҚР – ның « Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады. (1999 ж.) Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі.Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылық – некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейтіндігі туралы атап өтті.

      21 желтоқсан күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелігіне салтанатты қабылдау шарасы өткізілді. «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық ұйымы қатарына 547 белсенді оқушы қабылданды. Нақтырақ айтсақ 297 "Жас Қыранға", 250 "Жас Ұланға". Ең алдымен, салтанатты жиында Қазақстан Республикасының туы енгізіліп, ҚР мемлекеттік әнұраны шырқалды. Оқушыларды ұйым қатарына қабылдау рәсіміне мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер және де өзін-өзі басқару ұйымы қатысып оқушыларға төс белгі тақты. Жаңа қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант беріп, рәсім жасады. Мектептің оқу үздіктері "Жас қыраншылар" атынан рапорт тапсырушы 3 "ж" сынып оқушысы Дәулетбаев Дулат, 4 "д" сыныбының оқушысы Байболов Тамирлан ант қабылдады. Ал, "Жас ұланшылар" атынан рапорт тапсырушы 9 "б" сыныбының оқушысы Кенжебай Сағындық және ант беруші 9 "б" сыныбының оқушысы Жұмабек Нұраxмет болды. Естеріңізге сала кетейік, Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы 2011 жылы Елбасы тапсырмасы бойынша құрылған. Аталған ұйым жасөспірім оқушыларды жоғары рухани адамгершілікке, өз елін, өз отанын сүйетін патриоттыққа тәрбиелейді. Салтанатты жиын барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Култаева Ляззат Мұxанбетқызы және директордың бастауыш істер жөніндегі орынбасары Исмаилова Айжан Бектасқызы құттықтау сөз сөйледі. Шара соңында 4 сынып оқушысы Еркін Қажымұрат "Көк тудың желбірегені" әнін орындады. Бұл шараның маңызы аса зор, себебі жас ұрпақты осындай шаралар арқылы отансүйгіштікке, адами тәрбиеге баулиды.

      Мектебімізде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында "Шуағын шашқан әсем күн" атты мерекелік концерттік бағдарламаны 4 «Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Айжан Бектасқызы ұйымдастырып, өте жоғары деңгейде өткізді. Ұстаздарымызды құттықтауға ақын Қалқаман Сарин мен әнші Жаңабай Өтегенов мектебімізге арнайы ат басын бұрып, ізгі тілектерін білдірді.       

Рухани - адамгершілік тәрбие                                                                                                                                                                                                                                                

     Мақсаты: Тұлғаның рухани – адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыру.

Жалпы мектеп бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушылардың құжаттары, ата-аналарының өтініштері бар. Көмекке мұқтаж оқушылар тізімін арнайы құрылған комиссия отырысында қаралып, бекітілген. 2017 - 2018 оқу жылдың басында әлеуметтік аз қамтылған оқушылардың тізіміне 3 оқушы тіркелді, 1 оқушы ата-анасының қамқорлығынан айырылған, 2 патронатты тәрбиедегі оқушылар және 213 оқушы көп балалы отбасынан шыққан. Осыған сәйкес барлық сыныптарда әлеуметтік паспорт және жалпы мектептің әлеуметтік паспорты жасалды.

 

Астана қаласы № 73 мектеп-лицейдің 2017 - 2018 оқу жылы бойынша әлеуметтік төлқұжаты

Оқушылардың әлеуметтік топтамасы

Саны 

1

Оқушылардың жалпы саны:

Оның ішінде ұл бала саны:

Қыз бала саны:

1583

871

712

2

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың саны:

3

3

Толық емес жанұя:

75

Әкесі қайтыс болған:

14

Анасы қайтыс болған:

2

Ажырасқан

60

4

Аз қамтамасыз етілген отбасы балалар саны:

3

Жалғызілікті аналардың балалары:

14

Ажырасқан отбасы балалары:

60

Отбасы жағдайы өте төмен балалар:

3

5

Көпбалалы отбасыдан шыққан балалар саны:

213

6

Оралман оқушылар саны

59

7

Мүгедек (үйде оқытылатын) балалар саны:

0

 

          Жыл сайын өткізілетін жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы бойынша төмендегідей іс-шаралар өткізіліп, әлеуметтік көмек көрсетілді.

         Акцияның мақсаты: мектеп жасындағы балаларды мектепке тарту, қараусыз, ата-ананың қадағалауынсыз қалған балаларды анықтау, ішімдікке салынып, жалданып жұмыс жасап жүрген балалардың жағдайларын алдын алу болды. Мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, ата-аналар құрамы және жасөспірім инспекторларымен бірлесіп, күн көріci төмен отбасылардың үйлеріне, шаруашылықтарға, базарларға, автобекетке, түнгі ойын-сауық мекемелеріне кесте бойынша рейдтер жасалынып тұрды. 2017-2018 оқу жылында рейдтің нәтижесі бойынша 1-ші қыркүйектен бастап сабақтан қалыс қалған, бос жүрген жасөспірімдер анықталған жоқ. Шағын аудан бойынша барлық мектеп жасындағы бала мектепке тартылды.

  • «Мектепке жол» акциясын өткізу мақсатымен жоспар құрылды, сол жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді;
  • Осы акцияға байланысты мектепте істелінетін іс-шаралар бойынша бұйрық шығарылды;
  • «Мектепке жол» акциясының басталғандығы туралы және де сол акцияға мөлтек аудандарының тұрғындарының атсалысулары сұралынып, хабарландырулар ілінді;
  • Мектеп әкімшілігі мектеп жанындағы ауданды аралап, мектепке қамтылмаған оқушылардың жоқтығын анықтады;
  • Мектепке қарасты мөлтек аудандарындағы мектеп жасындағы балалар тізімі және № 73 мектеп-лицейде оқитын көп балалы отбасынан шыққан және аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың тізімі және патронатты тәрбиедегі балалардың тізімі жасалды;

Қазіргі таңда мектебімізде:

  • Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саны – 3;
  • Патронатты тәрбиедегі оқушылар саны – 2;
  • Ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар – 1;
  • Көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны – 108.
  • Мектепте «Мектепке жол» акциясына байланысты баннер шығарылып, жарнамалық таратпа қағаздары дайындалып, таратылды.
  • Мектепте акция көлемінде «Қайырымдылық – адам жанының нұры» атты сынып сағаты өткізілді. 25 қыркүйек күні «Жақсылық жасауға асығыңыздар!» атты асфальтта сурет салу өтті. 14 қыркүйек күні 3-сынып және 5-сынып оқуышалырмен бірге «Өз қолыммен» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Акция аясында 3-сынып және 5-сынып оқушылары ата-аналарымен бірге өз қолдарымен жасалған неше түрлі бұйымдарды және қолдан жасалған дәмділерді сатып, жиналған қаржы ата-ана қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасыларына берілді.
  • Мектебіміздің 6 оқушысына жалпыға міндетті оқу қорынан демеушілік жасалынып, мектеп формалары тапсырылды.            

         Патронатты 2 оқушыға  ата-ана қамқорлығынан айырылған 1оқушыға және аз қамтылған 3 оқушыға мектептің бюджетінен мектеп формалары алып берілді.

    2017 жылдың 27 қазан күні №73 мектеп-лицейінде қамқоршы күнін атап өту мақсатында «Мейірімді жүрек иелері» атты кездесу ұйымдастырылды. Қамқоршы жандарды қолдау, патронатты тәрбиелеушілерді елеп-ескеріп, бала асырап алған отбасыларға құрмет көрсету мақсатында өткізілген кездесуге Калишева  Гульсум, Танирбай Темірлан  және де тағы басқа ата-аналар шақырылды.  

   Кездесу мейірім, адамгершілік қасиеттерді дамыта отырып, адами құндылықтарды өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге бағытталып және де кездесу сонында сыйлықтар табыс етілді.

   Қорыта айтқанда, осы секілді балаларға ыстық ықыласымызды білдіріп, көмек қолын созып, мейірімділік пен жомарттық көрсете білейік!

  «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» атты айлық іс-шара аясында «Мұражай – тарих айнасы» тақырыбы бойынша оқушылар мұражайға танымдық саяхат жасап қайтты.  Басты мақсат - оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту, оқушылардың бойына ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті дарыту болды.

          Ақпан айының 6-сы күні мектебіміздің оқушыларына «Дін және жастар: тәрбие, өнеге, даму» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріске 270 оқушы қатысты. Дәрісті Астана қаласы әкімдігінің Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Шантай Марал және Нұр Астана мешітінің ұстазы Отаров Ильяс Асангелдіұлы жүргізді.

    Дәрісті «Нұр Астана» мешітінің ұстазы Ильяс Асангелдіұлы «Діни сауаттылықты қалыптастыру» туралы бастап, біршама мәліметтер беріп өтті.  Қазірде діни экстремизм мен терроризм ұғымы ислам дініне таңылған қауіпті қосымша екендігі өкінішті ақиқат болып отыр. Ғасыр басындағы қарулы қақтығыстар жиі орын алған Ауғаныстан, Ирак, Израиль-Палестина аймақтарындағы террактілік актілерді ислам атын жамылған радикалды топтардың өз мойындарына алуы ориенталисттік бағыт ұстанушылардың «ислам терроризмі» теориясын іс жүзінде дәлелдеп бергендей болды. Бұл жағдай Қазақстандағы діни экстремизмнің табиғатын айқындай түседі. Өйткені, тәуелсіздік алғаннан кейінгі діни жаңару халықтың басым бөлігінің исламға бет бұруы ата дінімізге үлкен сұраныс туындатты. Кеңестік кезеңдегі діни мамандар дайындаудың тоқтатылуы, сәйкесінше қажетті мамандардың жетіспеуі ұлты, ұстанымы басқа шет елдік ислам мамандары мен уағызшыларының елге ағылуының басты себептерінің бірі болды. Мұндай уағызшылардың арасында радикалды бағыттағы, экстремистік көңіл күйдегі («Хизбут Тахрир», «Таблиғи жамағат», уахаббилер т.б.) топтардың өкілдері болды.

    Діни экстремизм арнайы оқулықтарда діни экстремизм «басқа дін ұстанушылар мен дінді ұстанбайтындарға төзімсіздікті уағыздау, өзге діндерге нақты бір діни ілім шеңберінде қарау, бағалау. Басым жағдайларда діни экстремизм дінге қатысты болмай, саяси немесе өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін, нақты бір дін қағидаларын жамылғы ете отырып зиянды әрекет ету» деп көрсетіледі. Осы анықтамадағы сипаттамаларды негізге ала отырып қарастыратын болсақ жоғарыда айтылған дәстүрлі емес діни ағымдардың ұстанымдарын экстремисттік деп бағалауға болады. Елімізде мұндай ағымдардың таралу аймақтары да әр түрлі. Сарапшылар пікіріне сүйенсек, жихадқа шақыратын экстремисттік ағымдар еліміздің батыс өңірлерінде кең таралған. Олар бұл үдерісті батыс өңірінің экономикалық қуатына, яғни мұнай шикізатына қызығушылық (аталмыш топ мүшелерінің мұнай құбырларынан мұнай ұрлау фактілері анықталды), Ресеймен шекараластық, әсіресе, «әлемдік жихад» экстремистік тобы әрекет ететін Астрахан облысымен шекараластық, сондай-ақ, халықтың дәстүрлі ислам қағидаларынан хабарсыздығын алға тартады.  

         Дәріс барысында оқушылар өз көкейлеріде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлықтай жауаптарын алды.

     "Жанашырлыққа жан риза" дегендей, аялы алақанымызды тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысып, қайырымдылық жасау әрбір адамның қолынан келетіні анық. Мектебімізде "Мейірімділік" күніне байланысты 4 және 6 сынып оқушылары арасында «Қайырымдылық» жәрмеңкесі өткізілді. Қайырымдылық жәрмеңкесінің мақсаты: қатерлі ісікпен ауыратын 3 жасар Альарназ балақайдың еміне тамшыдай болсын көмек көрсету болатын. Жәрмеңкеден жиналған 184 000 теңге Альарназдың ата-анасына табысталды.

 Ұлттық тәрбие

Мақсаты: Тұлғаның жалпыадамзаттық  және ұлттық құндылықтарды бағдарлауына жол салу, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетіне құрмет көрсету.

    Оқушылар ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру мақсатында 7,8,9,10 - сыныптар арасында "Тимбилдинг" әлеуметтік-психологиялық тренингі өткізілді. Оқушылар арасындағы бір-біріне деген қарым-қатынастарын жақсартуға негізделген бұл - тренинг оқушылардың қызығушылықтарын оятты. Бірігіп жұмыс жасау нәтижесінде көп жетістіктерді бағындыра алатындарын түсінгендей...

 Отбасылық тәрбие

 Мақсаты: Бала  тұлғасын  қалыптастыруда  ата-аналармен  ағарту  жұмысын ұйымдастыру, психологиялық – педагогикалық құзыреттіліктерін күшейту, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін  арттыру.

  21 қазан күні №73 мектеп-лицейінде 3-сынып жетекшісі Б.Ж.Маxанованың және сынып ата-аналарының ұйымдастыруымен «Бала тәрбиесіндегі әке рөлі» атты спорттық сайыс өткізілді. Мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен шұғылдануға шақыру болды. 3-сынып оқушылары ата-аналарымен бірге 7 топ болып шықты. Яғни, әр топтан 3 ата-ана, 3 оқушы болды. Басқа сынып оқушылары мен ата-аналары өз командаларына жанкүйер болып, қолдау көрсетіп отырды. Сайыс жидек теру, таяқшамен жүгіру, қаппен, секіртпемен секіру секілді топтық жарыс түрлерінен құрылды. Жарыс қорытындысы бойынша 3 «ә», «ж», «д» сыныптарынан құралған топ бәрінен озық шығып І орын иеленді. Ал, 3 «г», «а», «е» сыныптарының құрамы ІІ орын иеленсе, 3 «в» сыныбы ІІІ орынмен марапатталды. 

    Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстану-әрқайсымыз үшін аса маңызды. Жарқын болашақты құратын жастар келешегі баянды болуы үшін спорттың орны ерекше екені белгілі.

      2018 жылдың 20 қаңтар күні 9 және 10 сыныптар арасында «Бала тәрбиесіндегі әке рөлі» атты оқушылар мен әкелер сайысы өткізілді. Сайыстың негізгі мақсаты отбасы, мектеп, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Сайысқа оқушылардың әкелері және ағалары қатысты. Қатысушылар төрт командаға бөлінді, ойын қызықты және тартысты өтті. Ойынның соңында «Бейбарыс» командасы 1-орын, «Сұлтан» командасы 2- орын, «Тигр» командасы 3-орын иегенді және «Үздік шабылдаушы», «Үздік ойыншы» номинацияларымен оқушылар және әкелер марапатталды.

   Мектеп, оқушы, ата-ана арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатында 10 ақпан күні мектебімізде "Me, my family and sport" атты отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Мектеп пен ата-ана ынтымақтаса жұмыс жүргізсе, балаға тиісті көңіл бөле білсе, олармен санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтары тәрбиеленіп шығары сөзсіз.

24 ақпан күні бастауыш сынып оқушылары мен ата-аналары арасында "Me, my family and sport" атты отбасылық спорттық сайысы өткізілді. Оқушы – мұғалім, оқушы - ата –ана, мұғалім-ата –ана- адамгершілікке бағытталған тұлға аралық қатынасты қалыптастыруға күш салатын үштік одақ. Ата — ана мектеппен байланысын күшейтуі арқылы ғана бала тәрбиесінде жақсы жетістікке қол жеткізе алатыны ақиқат. Бар әдемілік пен әдептілікті бойына жинаған, өз отбасына, өз ұстаздарына, өз мектебіне, сыныптас достарына, еліне құрмет сезімі қалыптасқан жеке тұлғаны осындай сайыстар арқылы қалыптастыра алатынымызға кәміл сенімдіміз! Сайысқа белсенділік танытып келген барша ата-аналарымызға алғысымыз шексіз.

Еңбек, экономика және экологиялық тәрбие

  Мақсаты: Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.

    Қыркүйек айында жалпы қалалық сенбілік өткізілді. Қалалық сенбілікке біздің мектебіздің оқушылары да белсене араласты. Басты мақсат - оқушыларды экологиялық тәрбиеге бейімдеу.

   25 қараша күні  «Мамандық таңдаудағы басты кеңесшім» тақырыбында жоғарғы оқу орнының мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты - оқушыларды мамандық таңдауда дұрыс жолға бағыттау.

Оқушылардың қоршаған ортаны қорғау және ластану мәселелерін шешуде белсенділіктерін арттыру мақсатында №73 мектеп-лицейінде "Қолданбалы экология"әлеуметтік жобасы негізінде "Мен қағаз қалдығын жинадым..." жобасы өткізілді. Жобаға 3,5-7 сынып оқушылары қатысты. 

Жоба қорғау екі кезеңді қамтыды:

1 кезең – жинақталған макулатура салмағы;

2 кезең – сынып оқушыларының жоба қорғауы:

Мектеп оқушылары жоба қорғау барысында макулатура ұғымына тоқталып, қағаз қалдықтарының санын азайтудың бірнеше бағыттарын ұсынды. Айта кететін болсақ, 3 «а» сынып оқушылары: кардондардан әртүрлі заттар салуға болатын қорапшалар, 5 «в» сынып оқушысы: қағаз қалдықтарын 3 деңгейге бөліп жинайтын жәшік, 5 «б» сынып оқушылары: статистикалық мәліметтер, 5 «г» сынып оқушысы: макулатура қабылдайтын бөлімшелердің санын көбейту, 3 «е» сынып оқушысы: шикізат дайындау, яғни әртүрлі бұйымдар жасау, 3 «е» сынып оқушысы: сыйлық қораптары мен тұрмыстық заттар салуға арналған жәшіктер және т.с.с., әрбір оқушы идеясының жаңашылдығы таңғаларлықтай! "Мен қағаз қалдығын жинадым" жобасына оқушылардың қосқан ұсыныстары төмендегідей • Қоршаған ортаны қорғау мәселелері аса күрделі кезек күтпейтін ғаламдық проблемалардың бірі болып саналады. Осы проблемаларды өсіп келе жатқан ұрпаққа құр сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осындай жағдайға байланысты оқу орындарында (мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында және т.б.) экологиялық мәдениетті сақтау, туған өлкені аялау мақсатында ашық сабақтар, семинарлар өткізу; 

• Арнайы макулатура қабылдайтын орындардың санын көбейту. Осындай орындарда жиналған макулатураны әзірге макулатураны қайта өңдейтін завод – фабрикалары бар қалаларға тасымалдау;

 • Табиғат ресурстарын сақтау, орман санын көбейту, өзен алабын тазарту мақсатында «Таза бұлақ -тұщы су» атты экологиялық акциялар ұйымдастыру. Бұндай акциялар кезінде арнайы өлкетену, экологиялық зерттеулер жүргізіп, туған өлке табиғатының экологиялық жағдайын анықтау; 

• Денсаулықты сақтау, экожүйені жақсарту мақсатында арнайы шаралар ұйымдастыру;  Жоба қорғауда оқушыларға 1,2,3 орын беріліп, грамоталар ұсынылды.

Полиэтилен пакетін қағаз дорбаға алмастыратын күн туады ма?

Бұл сұрақ қазіргі кезде көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтардың бірі десек те болады. Осы сұрақтың жауабын шешуге біздің мектебіміздің оқушыларыда өз үлестерін қосуда. Бүгін мектебімізде 9-10 сынып оқушыларының арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімдерін ояту мақсатында "ЭКО пакет" жобасы өткізілді. Жоба пластикалық пакеттерді пайдалануды экологиялық қауіпсіз қағаз пакеттермен немесе бірнеше рет қолдануға болатын мата қалталармен алмастыру арқылы азайтуды көздейді. Жобаға оқушыларымыз өз қолдарымен матадан жасалған "Эко пакеттерін" ұсынып, өз ойларын жоғары деңгейде қорғап шықты. Жоба нәтижесі бойынша 1 орынды 9 "А" сыныбы, 2 орынды 10 "Ә" сыныбы, 3 орынды 10 "А" сыныбы иеленді. Бұл жобаны жүзеге асыру әрбір азаматтың экологиялық ой-санасын жаңа арнаға бұрады деген үміттеміз!

    21 сәуір күні  Астана қаласы әкімінің қалалық елді мекендерінің аумақтарын аббаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту туралы тапсырмасы аясында мектебіміздің аумағының санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында сенбілік өткізілді. Оқушылар мен мектеп ұжымы сенбілікте өте жоғары деңгейде белсенділік танытты. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелейтін іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

Мақсаты:Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін – өзі жүзеге асыруына саналы қарым – қатынасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту.

      № 73 мектеп-лицейінде 21 қазан күні 2-сыныптар аралығында «Берекелі, мерекелі Алтын күз» атты жоба өткізілді. Оқушылардың еркін сөйлеуін басты  мақсат тұтты. Бұл іс-шараға 45 оқушы қатысып, өз қолдарынан шыққан ертегідегі жан-жануарлардың бейнесін күз табиғатымен астастыра білді. Осы дүниелер арқылы оқушылар қиялдарының ұшқыр екенін дәлелдей алды. Сондай-ақ, жобаға ерекше ізденіспен келген оқушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

    Мектебімізде 5,6-сыныптар арасында «Алтын күз-2017»  байқауы өтті. «Өнер», «Күзгі өнім», «Күз көріністері» кезеңдері бойынша сайысқа түскен сыныптар өнерлерін ортаға салды. Нəтиже бойынша жетекшілік ететін Орумбаева Саида Айтпайқызының 6 «ә» - сыныбы І орын иеленді. Басқа сыныптар жүлделі орындар мен номинацияларды өзара бөлісті. Барлық жеңімпаз сыныптарға және дайындаған сынып жетекшілеріне дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

     Мектебімізде әр сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бiр-бiрiмен тiл табысу мәдениетін және достықты нығайту мақсатында "Аттастар мен егіздер" акциясы ұйымдастырылды. Бұл акцияға оқушылар ғана емес, ұстаздарда белсене араласты. Акция барысында оқушылар мен ұстаздар өздерінің аттасымен және егiзiмен қызықты суретке түсті. Акцияға атсалысқан оқушылар мен ұстаздарға ризашылығымызды білдіреміз!

Зияткерлік, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

Мақсаты: Білім беру ұйымдарында мәдениетті орта құру, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.

Желтоқсан айы мектеп-лицейімізде паралимпиада ойындарының спортшысы, волейболдан жастар құрамасының капитаны, құрметті қонағымыз Серік Есматовпен кездесуден бастау алды. Кездесу мектеп-лицейіміздің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастырылуымен өткізілді. Оқушыларға 19 жасар Серіктің өмірге деген құлшынысы, мақтанарлықтай жетістіктері зор шабыт сыйлап, қонағымыздың мотивацияға толы өмірлік тәжирибесі жігерлендірді. Кездесу барысында, оқушылар өздерін қызықтыратын сауалдарына жауап алып, естелік суретке де түсті. "Қолданбалы экология" мектеп аясында өткізілген жоба барысында оқушылар қолынан жасалған блокноты арнайы қонағымыз Серік мырзаға оқушылардың ізгі тілектерімен сыйға тартылды. Мектеп-лицейіміздің тілек-кітапшасына қонағымыз мектебімізге деген жүрекжарды тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды. Шәкірттер кездесуден зор әсер алғандары соншалық, тіпті қимастықпен қоштасты. Өмірге деген сүйіспеншіліктің дәрежесі жетістіктер мен бақыт көрсеткіші екеніне куә етті.

19 қаңтар күні мектебімізде тележүргізуші, жастар мәслихатының депутаты, мүгедектердің құқықтары жөніндегі «Кедергісіз келешек» жобасының жетекшісі Арнұр Ысқақовпен кездесу өтті. Арнұр Ысқақов мектеп оқушыларына дархан жүрегінен шыққан өмірлік ұстанымдары туралы және өзінің өмірі жайлы баяндап, осыншама жігер қайраттылығымен оқушыларға өмірге деген құлшынысын арттырды. Жылы кездесу жоғары деңгейде өтіп, оқушылар керемет әсер алды. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өздеріне көп тәлім, жігер ала білді. Құрметті қонағымызға өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары күй арнап, мектеп-лицейімізде жүріп жатқан қолданбалы экология жобасы аясында, оқушылардың өз қолдарымен жасаған блокноттарын сыйлады.

Мектебімізде жүргізіліп жатқан жобалардың қалай іске асырылып жатқандығы туралы ақпарат беру мақсатында «Медиажурналистика» тілшілері шағын бейнеролик түсірді. Бейнероликте мектептің тыныс-тіршілігі және биылғы жылы қолға алынған жобалар туралы баяндалды.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап оқу мен кітапхананы қолдау – қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін ескере отырып, кітапхана ісінің меңгерушісі кітап қорын әр саладағы әдебиеттермен, балаларға арналған кітаптармен толықтыру, қазақ әдебиетінің кітаптарын насихаттау, оқушыларды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу, оқырмандарды кітап оқуға тарту мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясын ұйымдастырды. Мектеп оқушылары және ата-аналары акцияға өте жоғарғы деңгейде белсенділік танытты. Акция барысында үш тілде жарық көрген 400-ден астам кітап, кітапхана қорына табысталды.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп М.О. Әуезов атамыз айтқандай, бүгінгі ұрпақ кешегі тарихын білмесе, елдігімізге сын болары хақ. Ақпан айының 9 күні мектебіміздің 9"Б" сынып оқушылары "Оқуға 100 кітап" жобасы аясында Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясынан көрініс көрсетті. Еліміздің ертеңі болар ұрпақтың тарихымызға терең үңіліп, оны қызу талқыға салып, өз ойларын бүкпесіз жеткізе білуі көңіл қуантады.

Дене шынықтыру, салауатты өмір салты

   Мақсаты: Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру.

   Денсаулық күні аясында мектебімізде түрлі іс-шаралар легі 9 қыркүйек күні басталған болатын. Бастауыш сыныптан орта буынға өткен 5-сыныптар арасында «Толағай» отбасылық спорттық сайысы өтті. Əке, ана, бала болып команда құрып, қарсыластармен сайысқа түскен топтардың арасында 5 «ə» сыныбы «Алау» тобы үздік деп танылып, жеңіске жетті. 

11 қыркүйек күні 6,7,8-сынып оқушыларымен бірге денсаулық шаралары жалғасты. Мектеп спорт залында жиналған оқушылар дене қыздыру мақсатында флешмоб билеп, денсаулыққа қатысты ұранды сөздермен залды жаңғыртты.

6-сынып ұлдары арасында «Пионерболл» сайысы өтіп, нəтижесінде 6 «б» - сыныбының ұлдары жеңімпаз атанды. 7-сынып ұлдары арасындағы футбол жарысы да өте тартысты өтті.

6,7-сынып қыздары мектептің акт залында «Аңсар» жапондық тіс емханасының маманы Салтанат Пиримбайқызының тіс күтіміне байланысты дəрісін тыңдады. Өздерін мазалап жүрген сұрақтарға жауап алып, ауыз қуысын тексертуге, ақыл-кеңес алуға мүмкіндік алды. Мектебіміздегі «Денсаулық күні» ойдағыдай өтті. Əр бала белсенді қимыл және жаттығу жасау мықты денсаулық кепілі болатынын ұғынды.

23 ақпан күні мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 90-шы жылдары «Гиннестің рекордтар кітабына» жеті рет есімі жазылған, Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шыққан, сондай-ақ, 1992 жылы 20 күнде мың шақырымнан асатын Қарақұм шөлін, 1993 жылы жиырма төрт күнде қара құрлықтағы Сахара шөлін (1700 шақырым) кесіп өткен - Марат Жыланбаев мырзамен, оқушыларға мотивация беру мақсатында жылы кездесу өткізілді. Кездесу барысында алға мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында бар күшін салса, алынбайтын қамал болмайтындығы туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында мектебіміздің "Тілек" кітабына "Әрқашан өз армандарыңыз үшін күресіңіз" деген ізгі тілегін жазып қалдырды.