Меню KDT
МЕНЮ

Астана қаласы әкімдігінің "№73 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

  


 

Қабылдау бөлімінің жұмыс уақыты
Дүйсенбі  9:00-18:00
Сейсенбі  9:00-18:00
Сәрсенбі  9:00-18:00
Бейсенбі  9:00-18:00
Жұма 9:00-18:00


Үзіліс 13:00-14:00
 
Мектеп директорының жеке қабылдау кестесі
 
Сәрсенбі
9:00 ден 18:00 ге дейін





Мектеп директоры
Калтаева Гүлшат Заитқызы

Психологқа сұрақ

Фото көрме

Видео көрме

Хабарландыру



Ауа райы

Статистика

  • Осы айда392
  • Осы аптада68
  • Кеше9
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Сауалнама

Оцените школьный сайт

Дауыс беру

Қалалық әкеммен әдебиет әлеміндемін байқауы

12 қаңтар күні біздің мектеп-лицейімізде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, отбасы беріктігін күшейту мақсатында «ӘКЕММЕН ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНДЕМІН» атты қалалық деңгейде байқау өткізілді. Байқауымызға әділ-қазылық етуге арнайы шақырылған қонақтарымыз Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты белгілі ақын - Қалқаман Сарин, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, сазгер - Медет Салықов, Қазақстан авторлар қоғамының және Қазақ радиосы Көркемдік кеңесінің мүшесі - Серік Сейтман, Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығының қосымша білім және тәрбие ісінің меңгерушісі - Ақбота Бақытқызы мен Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері -Аканова Бибігул Жеңісқызы төрелік етті. Аталмыш іс-шараға Алматы ауданы бойынша 7 мектеп қатысты. Байқау 2 кезең бойынша өткізілді. «Тіршілік тілі-әкелер» деп аталатын алғашқы кезеңде сайыскерлеріміз белгіленген уақытта қазақ әдебиетіндегі көрнекті ақындардың патриоттық тақырыптағы өлеңдерін оқыды. Ал «Әкелердің орны бөлек» атты екінші кезеңде қатысушылар қазақ көркем әдебиетінен алынған тәрбиелік маңызы бар сахналық қойылым көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша бас жүлдені №73 мектеп –лицейі, І орынды №78 мектеп-гимназиясы, ІІ орынды №81мамандандырылған Astana Enqlish School гимназиясы мен №77 мектеп-гимназиясы, ІІІ орынды №70 мектеп-лицейі, №71 мектеп-лицейі және №76 мектеп-лицейі иеленді. Бүгінгі іс-шараға қатысушы барлық әкелер мен балаларға және іс-шараға қолдау көрсеткен Астана қаласының "Білім беруді жаңғырту орталығына" алғысымыз шексіз.

Просмотров: 984

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь