"Тілдер апталығы"
Мектебімізде "Тілдер апталығы" басталды. Апталық аясында көптеген іс - шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін соның бір сабағы - "Үш тұғырлы тіл - заман талабы" атты дебат ойыны Бекбарова Қалданай Нүридинқызының бастамасымен өтті. Мектептерде үш тілде оқыту жүйесінің дұрыс - бұрыстығын талдап, талқылады. Шынын айтсақ, бұл жүйенің жақсы жағы да, жаман жағы да бар. Бірі толықтай қолдаса, екіншісі қазақ тілінде халықаралық деңгейге шығуға болатынын дəлелдеуге тырысты.
Тілдер апталығы аясында тағы бір іс - шара
Мамадиярова Гүлзира Батырханқызының ұйымдастыруымен мəнерлеп оқу сайысы өтті. Тіл туралы өлеңдерді тебірене оқыған шəкірттер арасынан мықтыны таңдау оңайға соқпады. Дегенмен, жүздің де жүйрігі бар.Бас жүлдені Адал Шұғынық иеленді.
Просмотров: 1045