Меню KDT
МЕНЮ

Астана қаласы әкімдігінің "№73 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

  


 

Қабылдау бөлімінің жұмыс уақыты
Дүйсенбі  9:00-18:00
Сейсенбі  9:00-18:00
Сәрсенбі  9:00-18:00
Бейсенбі  9:00-18:00
Жұма 9:00-18:00


Үзіліс 13:00-14:00
 
Мектеп директорының жеке қабылдау кестесі
 
Сәрсенбі
9:00 ден 18:00 ге дейін





Мектеп директоры
Калтаева Гүлшат Заитқызы

Психологқа сұрақ

Фото көрме

Видео көрме

Хабарландыру



Ауа райы

Статистика

  • Осы айда225
  • Осы аптада64
  • Кеше13
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Сауалнама

Оцените школьный сайт

Дауыс беру

Өзін-өзі басқару ұйымы

Мектептегі «Өзін - өзі басқару» ұйымның жұмысын биылғы оқу жылында да жандандыру мықтап қолға алынды. Бұл ұйым төмендегі мақсаттарды басты нысанаға алып құрылды:
- Мектептегі оқу үрдісін демократияландыру;
- Оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту;
- Балалар мен жасөспірімдердің өз қызығушылықтары мен қажеттіліктерін жүзеге асыруға жағдай жасау;
- Әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру;
- Оқушылардың қызығушылықтарын ескере отырып, ортақ мәселелерді шешу. 
Міне, осы бағытта шәкірттермен бірлесе отырып жұмыс жасалады.  Осы орайда мектебімізде мектеп Президентін сайлау салтанатты жиыны өтті. Жоғары сыныптар бойынша 19 оқушы өз кандидатурасын ұсынып, мектепті жандандыруға бағытталған жобаларын айтып, идеяларын қорғады. Жиын соңында барлық үміткерлерді тыңдаған жоғары сыныптың 300 - ге жуық оқушысы дауыс беру арқылы мектеп Президентіне таңдау жасалды. Мектеп директоры Құралай Амангелдіқызы жиынға қатысып, үміткерлерге сәттілік тіледі, алғаш болып, өзі де таңдауын жасады.  Қазіргі уақытта ұйым мүшелері іріктеліп, бұрынғы құрам жаңартылуда. Көпшіліктің басым дауысын жинаған Байболова Жұлдыз Президенттікке тағайындалды. Премьер - министр болып, дауыс беру нəтижесі бойынша 2-ші орынға  шыққан  Кенжебай Сағындық сайланды. Білім жəне ғылым министрі болып Рахметов Алихан, Спорт жəне денсаулық министрі болып Əміржан Дулат, Мəдениет жəне ақпарат министрі болып Зейнолла Аружан бекітілді. Ұйым белсенділері көпшілік алдында ант беріп, лайықты, нəтижелі жұмыс жасауға уəде берді.
 

                                                    Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі

29 қыркүйек күні №73 физика-техникалық лицейі ұстаздар қауымына арналған «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі» атты мерекелік концерт өтті. Мерейлі мереке мектеп-лицей директоры Байтажикова Құралай Амангелдіқызының құттықтау сөзімен ашылды. Ұстаздар қауымын құттықтау үшін еліміздің дәстүрлі әншісі Клара Төленбаева келіп, жылы лебізі мен әнін арнады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жукенов Жұмажан Қамкенұлы арнайы шарада өзінің ұстаздарға деген тілегін айтып, ұстаздар қауымына алғыс хаттар мен марапаттар ұсынды. Мектеп-лицей шәкірттері дайындаған мерекелік шараны БАҚ өкілдерінен «Балапан» телеарнасы түсірді. Кеште «Өзін-өзі басқару» ұйымының тарапынан ұстаздар қауымына зор ықылас көрсетіліп, мерекелік шара жоғары дәрежеде өткізілді. Осы күні «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары «Армандар орындалған бір күн» тақырыбында мұғалімдердің орнына сабақ беру бақытына ие болды.

 
 

                                                  Арнасайдан түйген ой...
№ 73 мектеп-лицейінің ғылыми жоба иегерлері қараша айының 29 - жұлдызында "Арнасай" ауылында орын алған "Жасыл экология" бастамашыларының жұмыстарымен танысып, ерекше күйді бастан өткерді. Сол күні оқушылар еліміздегі "Жасыл экологияның" елеулі рөлін, оның мол пайдасы бар екендігіне көз жеткізді. Жыл бойы таза өнім беретін фитодиодтық жылыжайлар, гидропоника қызметтері мен энергия үнемдеудегі жаңа әдіс - тәсілдер жас жеткіншектер үшін үлкен жаңалық пен жаңа әсерлерге толы өтті. Арнаулы экскурсия
оқушыларға өзінің қоршаған орта үшін пайдасын тигізудегі алғашқы игі бастамасы болмақ.

 

20-қаңтар күні №73 мектеп-лицейінің Ұланбасысы Байболова Жұлдыз және өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастырған Астана қалалық Ұланбасыларына арналған экскурсия өткізілді. Мектеп ұланбасыларына №73 мектеп-лицейі ішінде экскурсия жүргізіліп, мектепте өткізіліп жатқан интеллектуалды, әлеуметтік, эстетикалық жобалар туралы таныстырылды. Қонақтарға арнайы кофе-брейк ұйымдастырылып, «оқуға 100 кітап» әлеуметтік жобасы аясында BookCrossing өтті. Кітаптар ойынында лотерея ойнатылып, өзін-өзі басқару ұйымы өздеріне ерекше әсер еткен кітаптары жөнінде баяндап, сыйлыққа кітаптарын сыйлады. Басты мақсат: оқушыларды кітап оқуға деген құштарлығын арттыру болды. Сондай-ақ, іс-шара соңында №64 мектеп ұланбасысы Мандібеков Тоқтар, №7 мектеп ұланбасысы және қала ұланбасысы Қараева Ажар өздерінің мектеп-лицей әкімшілігіне және өзін-өзі басқару ұйымына алғыстарын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. №73 мектеп-лицей түлегі, UIB грант иегері Дүйсенов Ғасырхан да өзінің жасұландық лебізін білдірді. Барша Астана қалалық Ұланбасыларын №73 мектеп-лицейімізге ұйымдастырып алып келген Амангелді мырзаға өзін-өзі басқару ұйымының атынан алғыс білдіреміз.

 

21-желтоқсан күні «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелігіне салтанатты қабылдау шарасы өткізілді. «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық ұйымы қатарына 547 белсенді оқушы қабылданды. Нақтырақ айтсақ 297 "Жас Қыранға", 250 "Жас Ұланға". Ең алдымен, салтанатты жиында Қазақстан Республикасының туы енгізіліп, ҚР мемлекеттік әнұраны шырқалды. Оқушыларды ұйым қатарына қабылдау рәсіміне мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер және де өзін-өзі басқару ұйымы қатысып оқушыларға төс белгі тақты. Жаңа қабылданушылар отансүйгіш болуға, ел мен жерді, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, табиғатты аялауға ант беріп, рәсім жасады. Мектептің оқу үздіктері "Жас қыраншылар" атынан рапорт тапсырушы 3 "ж" сынып оқушысы Дәулетбаев Дулат, 4 "д" сыныбының оқушысы Байболов Тамирлан ант қабылдады. Ал, "Жас ұланшылар" атынан рапорт тапсырушы 9 "б" сыныбының оқушысы Кенжебай Сағындық және ант беруші 9 "б" сыныбының оқушысы Жұмабек Нұраxмет болды. Естеріңізге сала кетейік, Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы 2011 жылы Елбасы тапсырмасы бойынша құрылған. Аталған ұйым жасөспірім оқушыларды жоғары рухани адамгершілікке, өз елін, өз отанын сүйетін патриоттыққа тәрбиелейді. Салтанатты жиын барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Култаева Ляззат Мұxанбетқызы және директордың бастауыш істер жөніндегі орынбасары Исмаилова Айжан Бектасқызы құттықтау сөз сөйледі. Шара соңында 4 сынып оқушысы Еркін Қажымұрат "Көк тудың желбірегені" әнін орындады. Бұл шараның маңызы аса зор, себебі жас ұрпақты осындай шаралар арқылы отан сүйгіштікке, адами тәрбиеге баулиды.

 
 

                                                     Серік Есматовпен кездесу

Желтоқсан айы мектеп-лицейімізде паралимпиада ойындарының спортшысы, волейболдан жастар құрамасының капитаны, құрметті қонағымыз Серік Есматовпен кездесуден бастау алды. Кездесу мектеп-лицейіміздің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастырылуымен өткізілді. Оқушыларға 19 жасар Серіктің өмірге деген құлшынысы, мақтанарлықтай жетістіктері зор шабыт сыйлап, қонағымыздың мотивацияға толы өмірлік тәжирибесі жігерлендірді. Кездесу барысында, оқушылар өздерін қызықтыратын сауалдарына жауап алып, естелік суретке де түсті. "Қолданбалы экология" мектеп аясында өткізілген жоба барысында оқушылар қолынан жасалған блокноты арнайы қонағымыз Серік мырзаға оқушылардың ізгі тілектерімен сыйға тартылды. Мектеп-лицейіміздің тілек-кітапшасына қонағымыз мектебімізге деген жүрекжарды тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды. Шәкірттер кездесуден зор әсер алғандары соншалық, тіпті қимастықпен қоштасты. Өмірге деген сүйіспеншіліктің дәрежесі жетістіктер мен бақыт көрсеткіші екеніне куә етті.

 


                                                     Арнұр Искаковпен кездесу

19-қаңтар күні мектебімізде тележүргізуші, жастар мәслихатының депутаты, мүгедектердің құқықтары жөніндегі «Кедергісіз келешек» жобасының жетекшісі Арнұр Ысқақовпен кездесу өтті. Арнұр Ысқақов мектеп оқушыларына дархан жүрегінен шыққан өмірлік ұстанымдары туралы және өзінің өмірі жайлы баяндап, осыншама жігер қайраттылығымен оқушыларға өмірге деген құлшынысын арттырды. Жылы кездесу жоғары деңгейде өтіп, оқушылар керемет әсер алды. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өздеріне көп тәлім, жігер ала білді. Құрметті қонағымызға өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары күй арнап, мектеп-лицейімізде жүріп жатқан қолданбалы экология жобасы аясында, оқушылардың өз қолдарымен жасаған блокноттарын сыйлады.

 

                                                   Марат Жыланбаевпен кездесу

23-ақпан күні мектебімізде "Өзін-өзі басқару" ұйымының ұйымдастыруымен алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 90-шы жылдары "Гиннестің рекордтар кітабына" жеті рет есімі жазылған, Еуропаның ең биік шыңы Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен жеті күнде жүгіріп шыққан, сондай-ақ, 1992 жылы 20 күнде мың шақырымнан асатын Қарақұм шөлін, 1993 жылы жиырма төрт күнде қара құрлықтағы Сахара шөлін (1700 шақырым) кесіп өткен - Марат Жыланбаев мырзамен, оқушыларға мотивация беру мақсатында жылы кездесу өткізілді. Кездесу барысында алға мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында бар күшін салса, алынбайтын қамал болмайтындығы туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында мектебіміздің "Тілек" кітабына "Әрқашан өз армандарыңыз үшін күресіңіз" деген ізгі тілегін жазып қалдырды.

 

                                                       «Аттастар мен егіздер» акциясы

Мектебімізде әр сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бiр-бiрiмен тiл табысу мәдениетін және достықты нығайту мақсатында «Өзін-өзі басқару» ұйымы «Аттастар мен егіздер» акциясы ұйымдастырылды. Бұл акцияға оқушылар ғана емес, ұстаздарда белсене араласты. Акция барысында оқушылар мен ұстаздар өздерінің аттасымен және егiзiмен қызықты суретке түсті. Акцияға атсалысқан оқушылар мен ұстаздарға ризашылығымызды білдіреміз!

 

                                             «Тимбилдинг» әлеуметтік-психологиялық тренингі

Оқушылар ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру мақсатында 7,8,9,10 - сыныптар арасында «Тимбилдинг» әлеуметтік-психологиялық тренингі өткізілді. Оқушылар арасындағы бір-біріне деген қарым-қатынастарын жақсартуға негізделген бұл - тренинг оқушылардың қызығушылықтарын оятты. Бірігіп жұмыс жасау нәтижесінде көп жетістіктерді бағындыра алатындарын түсінгендей...

 

 

введите текст