Меню KDT
МЕНЮ
header-logo.png edumy

Ашық тәрбие сағаттары

Главная Ашық тәрбие сағаттары

«Мен – өз Отанымның патриотымын»  атты бірыңғай сынып сағаттары
Білім басқармасы басшылығымен бекітілген «Мен – өз Отанымның патриотымын» тақырыбындағы алғашқы сабақ ерекше форматта өткізілді. Сынып сағаттарының жылдағыдан өзгеше, балаларға күш – жігер берерліктей болғанын қалаған №73 мектеп – лицей директоры Құралай Амангелдіқызы елімізге белгілі бір топ азаматтарды қонақ қылып шақырды. Яғни, балаларға еліне еңбек етіп жүрген, нағыз патриот азаматтарды үлгі етіп көрсетті.
    Бірі білім саласы, бірі өнер саласы, енді бірі кәсіпкерлікпен айналыса жүріп, халыққа қызмет етіп жүрген азаматтар шәкірттерге өзінің еңбек жолын қалай бастағанын, жетістікке қалай жеткендерін, ал ол жетістікке жетуге әрбір адам талпынса, қолынан келетінін айта отырып, балаларға күш – жігер бере білді. Қонақтарды атап өтер болсақ; 
– «BilimLand» платформасының негізін салушылардың бірі Нартай Әшім мырза шәкірттерге жетістікке жетудің құпияларын ашты;

 
- Робототехника маманы Олжас мырза өзінің жетістіктерін айта отырып, бұл саланың болашағы зор екеніне көз жеткізді, шәкірттерді ғылыммен айналысуға шақырды;
 
 – Жас кәсіпкер, «Дарын» Білім академиясының негізін салушы, «Zhastar» футбол клубының директоры Адиль Игембердиев мырза жас та болса, бас бола білуге әрбір адам лайықты екенін, ол үшін қажырлы еңбек пен ізденімпаздық қажет екенін айтып, шәкірттерге үлгі бола білді;
 
– «Анаға апарар жол» фильмінің басты кейіпкері, талантты актер Әділ Ахметов өзінің өнер жолындағы жетістіктері мен әлі де болса бағындырар белестерінің алда екенін айтып, шәкірттердің ықыласына бөленді;
 
– Қажымұқан, Балуан Шолақ аталарымыздың ізін жалғастырушы күрескер, қазақстандық палуан  Сергей Цырульников балаларға өз өнерін көрсетіп, таңдай қақтырды;

– «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Баян Бақкелді шәкірттермен журналистиканың қыр – сырымен бөлісіп, бұл салада жүріп, елге пайдалы ақпарат бере білу басты мақсаты екенін атап өтті.
 
- "Болашақ" инжинирингінің басқарушы директоры Залқарбек Муралиұлы шəкірттерге ғылым мен техника дамыған заманда болашақтың кілті ғылымның тереңінде жатқанын түсіндірді.

– Білім және ғылым министрлігінің өкілі Оршыбек Нұрбек мырза балаларға физика мен математиканың құпияларын ашып, осы пәнге қызығатын балаларға арналған шеберлік сағатын өткізді. 

- Назарбаев университетінің қызметкері Ербол мырза да балаларға шет елде оқудың маңыздылығын түсіндіріп, оқыған білімді елге пайдасы тиетіндей етіп жұмсау – азаматтық парыз екенін баса айтты;
 
– ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару академиясы Басқару институтының директоры  Ерлан Абил мырза мемлекеттік салада қызмет етудің қызықтары мен қиыншылықтары туралы ой бөлісіп, осы салада адал қызмет етіп жүрген, елін сүйетін азамат екенін көрсетті. 
 
– Ғылыми лаборатория жетекшісі Елеусов Əділет ғылымның қыр – сырына үңіліп, шәкірттерді еліміздің ғылымын дамытуға үлес қосуға шақырды;
 
 - "Пифагор" математикалық мектебінің директоры Асан  Жолдасов математикаға жүйрік оқушылармен кездесіп, бұл пəнді мықтап игерудің сырларымен бөлісті.

 – «Астана жастары» ресурстық орталығының маманы, 12 жасында Елбасымен кездесіп, Елбасы қолынан алғыс хат иеленген Аманжолов Бекарыстан мырза өзінің тәжірибелерімен бөлісе отырып, нағыз патриот қандай болу керектігін көрсетті;

– «Health project» компаниясының негізін салушы Биримжан Аян шәкірттерге дұрыс тамақтану туралы керемет дәріс оқып, бұл саладағы өзі жасаған еңбектері туралы әңгімелеп берді.













Қазақстан   Республикасында   Отбасы  күнін  мерекелеу  шеңберінде «Отбасы – Бақыт  мекені»  атты  республикалық  апталық  аясында  №73 мектеп – лицейінде  өткізілген  іс – шара есебі
      Апталық аясында  «Бақытты  отбасы...»  тақырыбында  7-сыныптар  арасында эссе  жазу байқауы өткізілді.  Нәтижесінде 7-сынып  оқушылары  арасынан  үздік  эссе  жазған  оқушылар  марапатталды. Олар: Сарханов  Нурали, Кенжебаев  Мирас, Назарова  Ақбота, Нұрманов Жәңгір,  Қайырбай Темірлан, Әбішева Аяулым, Жұмағалиев  Дамир.
«Отбасындағы  дәстүрлер»  тақырыбында әр  сыныптарда видеороликтер  көрсетіліп, түсіндіру  жұмыстары  жүргізіліді. Республикалық  Отбасы күнін  мерекелеу  шеңберінде  «Ата – ананың  баласы  алдындағы  жауапкершілігі» тақырыбында  10 – сынып  оқушыларының  ата – анасының  қатысуымен сынып сағаты  жүргізілді. Мақсаты:  ата – аналарды балаларға жауапкершілікпен, ұқыпты  қарауға шақыру. Қазіргі кездегі  баланың дамуына, жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  ата – ана  тәрбиесінің  әдіс – тәсілдерін  жетілдіре  отырып, қарым – қатынас орнату  және  ұлттық  сананы  бойына  сіңіру. Ата – аналарды мектеппен, мұғалімдермен тығыз  байланыста  болуға  шақыру. Тәрбие  сапасының  жоғарлауына ықпал  ету.
    «Отбасы – бақыт мекені» атты  республикалық  апталық  аясында 9-сыныптар арасында «Отбасы – шағын  мемлекет» тақырыбында  дөңгел үстел өткізілді. Мақсаты: Отбасының мемлекеттегі, қоғамдағы алар орны  аса  маңызды  екенін  көрсету. Отбасының  бала  тәрбиесіндегі  алар  орны өлшеусіз  екенін  айта  келе, өнегелі  отбасы өзі  ғана  бақытты  болып  қалмай  мемлекет  өркендеуінің  кепілі, қоғам  дамуының  двигателі  екенін тағы  бір рет еске  салып  өту.
     Мемлекет – мыңдаған, миллиондаған  отбасылардан  құралады, ал қоғамның  жүйелі  дамуы шағын  қоғамдық  институт – отбасының  беріктігімен, үлгілілігімен  тығыз  байланысты. Отбасы  дегеніміз  ата мен  әже, әке  мен  ана  және  сол  үйдегі балалар. Ал оларды  өзара сыйластық  пен  сүйіспеншілік, құрметтеу  мен  бауырластық біріктіреді. Сонымен  бірге  отбасы – мөлтек  мемлекет, шағын  қоғамдық  ұжым. Сондықтан   отбасы  мен  мемлекеттің  міндеттері  мен мақсаттары  соған сәйкес  мүдделері  де біртұтас.
      Халықаралық  Отбасы  күніне  орай 5 «А» - сыныбында  «Отбасы  құндылықтары»  атты  тәрбие  сағаты өтті. Тәрбие  сағаты  барысында   отбасылық  құндылықтар  туралы  сөз  қозғалып, оқушылар  өз  ойларымен  бөлісті.
      Қазақ  қоғамындағы  отбасы-өмірдің  тұтқасы, оттың  маңайына  таратқан  жан балқытар  жылуы. Қазақтың  ошағы  дөңгелек  үйдің  ішінде  болады  да, бүкіл  жайдарлық жағылған  отқа  үйіріледі. Үй  ішінің  қызыққа, қуанышқа  толы болуы  да  соған  байланысты. Оттың  басы, ошақтың  қасы – ырыстың  ұйытқысы. Сондықтан   қазақ  отының  басын  тіршіліктің  тұтқасы  санап  аялайды.
     Отбасының  басты  қазығы, алтын  діңгегі – бала. Баланың  жан – жақты  тәрбиелі  болып  өсуіне  берекелі,өнегелі,ынтымақты  отбасының  ықпалы  мол. Отбасы  ата-ана  мен  баланың, келін  мен  ененің  және  басқа  да  отбасы  мүшелерінің  жылы  қарым – қатынасынан  құралады. Отбасы  берекелі, тату  болу  үшін  сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық  қасиеттер әр адамның  жүрегінен  орын алуы  керек.
      «Отан  отбасынан  басталады» дейді  қазақ  халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы  адамзаттың  болашағы, даму  деңгейі осы отбасынан  басталады.
       Осы  мәселелер  жөнінде  ой  бөлісіп, оқушылар  өз отбасылары  туралы бірі  эссе  жазып, бірі  фотогалерия, бірі видео  көрсетіп, бақытты отбасы  екендерін  мақтана  айтты.
       Бақытты отбасында  өсіп  келе  жатқан балғындарға қарап, ерекше сүйсінуге  болады. Барлығы  бірдей «Ана» туралы  ән  шырқап, отбасы  күніне  арнап, бір – біріне  тілектерін  айтты.
          «Отбасы – бақыт  мекені» атты  Республикалық  апталық  аясында  мектеп, ата-ана, оқушы  үштік  одағын  нығайту  барысында біршама іс – шаралар өткізілді.
     Заман  талабына сай білімді, сауатты, интелектуалды  ұрпақ  тәрбиелеу мектеп  ұзтаздарының негізгі  міндеттерінің  бірі. Мектебімізде  мектептен  тыс  қосымша  үйірмелердің ашылуы  бірден  бір кепілі. Ата – аналарға  бағыт  беру  және  толық ақпарат ала отырып, балаларын  қосымша  курстарға  жаздыруға  мүмкіншілік  жасалынып, ауқымды  түрде «Ашық  есік» күні  өткізілді.
    Апталық  аясында «Famiy  and  Friends»  отбасылық – спорттық  сайысы  өткізілді. Жарысқа  қатысушылар  ретінде  жоғарғы  буынға  енді  қадам  басқан 5 – 6 сынып  оқушыларына   салауатты  өмір  салтын  сақтау – спортпен  айналысудан  басталатынын  түсіндіру  мақсатында  таңдалып  алынды. Ата – аналардың  қатысуымен  өткізілген  бұл  жарыс  өте  қызықты өтті. Іс – шара  соңында  мықты  команда  анықталып, алғыс  хаттармен  марапатталды. Жарыстың  өте  қызықты  өтуіне  ат салысқан  мектебіміздің   дене  шынықтыру  пәні  мұғалімдеріне  алғысымыз  шексіз.
    Апталық  аясында  өткен  тағыда  бір  ауқымды  жоба «Отбасы – алтын  діңгек»  тақырыбында  ата – аналар  комитетінің  қатысуымен  конференция өткізілді. Мақсаты: мектепке  енді  ғана  қадам  басқан 1-сынып оқушыларының  ата – аналарына  психологиялық  көмек  көрсету. Конференция барысында ата – аналарға  мол  ақпаратпен  қамтылған  презентация  және  видеолар  көрсетілді.