Эко күн
6 наурыз күні біздің мектеп-лицейімізде«Мектеп-оқушыға экологиялық білім беру аймағы» атты іс-шара өткізілді. Аталмыш іс-шараның мақсаты: оқушыларға экологиялық тәрбие беру арқылы зерттеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты үнемшілдікке тәрбиелеу. Іс-шараға
📌Қоғамдық маңызды инциативтарды дамыту қоры төрағасының орынбасары Татьяна Немцан,
📌Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығының басшысы Ибраева Гульнара Кульмуxамедовна,
📌Астана қаласы әкімдігінің білім беруді жаңғырту орталығының тәрбие ісін ұйымдастырушы Ақбота Бақытовна,
📌Астана қаласы білім беру ұйымдарының басшылары,
📌директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. ЭКО күн жобасы аясында «Мектеп-оқушыға экологиялық білім беру аймағы» атты іс-шара 4-бөлімнен тұрды.
1-ші бөлімде Экологиялық соқпақ: «Қолданбалы экология» әлеуметтік жобасы, STEM IT жобаларының презентациялары көрсетілді.
2-ші бөлімде Экологиялық сабақтар керуені: «Дұрыс тамақтану-денсаулықтың кепілі», «Біздің қаламыздың ауасы» PBL жобасы, «Құстар- қанатты досымыз» тәрбие сағаты, «Математикалық қоқыстар шифрі» зерттеу сабақ, «Global Scholars: World of Water» жоба қорғау, «Газдалған сусындар пайдалы ма?» шеберлік сабақ, «Энергияның көздері» брэйн-ринг, «Энергия үнемдеу мәселелері» шеберлік сабақтар өткізілді.
3-ші бөлімде Экологиялық із: «Ландшафт дизайн», «Eco code» , «Қалдық та кәдеге жарайды» атты экологиялық тақырыптар бойынша PBL жобалары қорғалды.
4-ші бөлімде «Саяхатшы бөтелке» атты сахналандырылған көрініс көрсетілді. Өткізілген іс-шарамызды "Хабар" арнасы мен "Балапан" телеарнасы түсіріп, келген қонақтар мен мектеп оқушыларынан сұxбат алды.
Просмотров: 1018