Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестердің есебі
73 мектеп-лицейінің қамқоршылық кеңесің АО «Самұрық-Қазынаның» омбудсмені Курмангазиев Жардем Есламгалиевич басқарды. Оқу – тәрбие процесі мен «мектеп – оқушы – ата – ана» арасындағы үштік одақ арасындағы ынтымақтастықты жақсарту мақсатында ата – аналар комитетімен кездесу жүргізілді.
Оқу жылының басында мектептегі көп балалы отбасыдан
шыққан оқушылар, азқамтылған және жетім балалар туралы нақты мәлімет жинап, «Мектепке жол», «Қамқорлық» акциялары аясында жалпыға міндетті оқу қорынан оқу құралдары мен мектеп формасымен қамтамасыз етілді. Акция аясында «Мейірімділік керуені» және «Жылы-жүрек, жомарт қол» жәрмеңкелері ұйымдастырылып, түскен қаражат арнайы статусқа ие оқушылардың ата – аналарына ақшалай табысталды. Сондай – ақ, мемлекет тарапынан оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Сондай–ақ, мұғалімнің мәртебесін көтеру, шығармашылығын
дамытуға ынталандыру мақсатында демеушілікпен және мектептің өзін – өзі қаржыландыруынан түскен қаражаттан өз пәніне құзыретті мұғалімдерге жыл қорытындысы бойынша сыйақы берілді. Мектебімізде өткізілген Наурыз мейрамына демеушілік жасап іс-шараларға ата-аналарды жұмылдырды.
Қамқоршылық кеңесінің жоспарланған жылдық қорытынды
жиналысында 2022 – 2023 оқу жылында атқарылған жұмыстарға талдау жасай отырып, 2023 – 2024 оқу жылына келесідей жоспар құрылды.