«Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ»
«Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» атты республикалық шара негізінде тәлімгердің ұйымдастыруымен мектебімізде қараша айының 15 күні «Адам болып қалайық», «Егер сен қиын жағдайға тап болсаң» атты ақпараттық парақтар тарату акциясы өткізілді. Өзін-өзі басқару ұйымы оқушылары бұл шараға белсене қатысты. Оқушылар параққа тілектерін жазып, бір-біріне ізгі ниеттерін білдірді.Мақсаты: оқушыларға қатігездік пен елемеушілік таныту мәселесіне қоғамның назарын аудару, адамның өмірі мен саулығы жасы мен әлеуметтік мәртебесіне қарамастан ең бағалы дүние деген пікірді қоғам арасында қалыптастыру.
Бүгінде мектебімізде балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу шаралары жиі өткізіліп отырады. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Қараша айының 14 күні тәлімгер және Өзін-өзі басқару ұйымы оқушыларымен бірге «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында пікірталас өтті. Тәлімгер Индира Серікқызы Отбасы тәрбиесі тақырыбын тілге тиек етіп, бала өміріндегі тәрбие маңызын ерекше атап өтті.
Просмотров: 175