Меню KDT
МЕНЮ

Астана қаласы әкімдігінің "№73 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

  


 

Қабылдау бөлімінің жұмыс уақыты
Дүйсенбі  9:00-18:00
Сейсенбі  9:00-18:00
Сәрсенбі  9:00-18:00
Бейсенбі  9:00-18:00
Жұма 9:00-18:00


Үзіліс 13:00-14:00
 
Мектеп директорының жеке қабылдау кестесі
 
Сәрсенбі
9:00 ден 18:00 ге дейін





Мектеп директоры
Калтаева Гүлшат Заитқызы

Психологқа сұрақ

Фото көрме

Видео көрме

Хабарландыру



Ауа райы

Статистика

  • Осы айда276
  • Осы аптада46
  • Кеше2
  • Бүгін2
  • Желіде:0

Сауалнама

Оцените школьный сайт

Дауыс беру

Алғашқы қоңырау соғылды...

Алғашқы қоңырау соғылды...

 

         Сары алтындай сары күзбен қатарласып келетін білім күнін біздің мектебіміз биыл жақсы жаңалықтармен, қатарымызды толықтырған жаңа шәкірттермен, жаңа педагогикалық құраммен қуана қарсы алдық. «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты білім күніне арналған салтанатты жиын алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған және мектеп қабырғасында білім алып жүрген барлық шәкірттердің құрметіне ұйымдастырылды. Қалыптасқан дағдымыз бойынша Мемлекеттік Гимн орындалды. Мектебіміздің ұжымын, шәкірттерін құттықтауға келген Астана қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Оршыбек Нұрбек Әбубекұлы, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің Орта білімді үйлестіру басқармасының бас сарапшысы Дүйсенбаева Айман Тельманқызы қонақта болды. Мектеп директоры Байтажикова Құралай Амангелдіқызы бастап сөз алып, шәкірттерге ыстық ықыласқа толы құттықтауын арнады. Салтанатты жиынымыз әрі қарай әсем ән, күмбірлеген күй, мың бұралған бишілердің биімен және биыл ғана мектеп табалдырығын аттаған бірінші сынып бүлдіршіндерінің әдеби монтажымен жалғасты.

Биылғы оқу жылында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мектеп табалдырығын алғаш аттаған  әрбір бірінші сынып бүлдіршіндеріне «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітабын сыйға тартып, өзінің тілектестігін білдірді. Асқақ арман жетелеп, тұлымдары желбіреп, алтын ұя мектебіне асыға жеткен балғындардың алғашқы ұстаздары – ұстаздық жолды қасиетті санап, талай бүлдіршіндерді сауатты жазуға, мәдениетті сөйлеуге баулыған тәжірибелі ұстаздар. Ұстаздық жолда шығармашылығын шыңдап, білім мен тәрбие беруде аянбай еңбек етіп, талай шәкірттерге өзінің бойындағы асыл қасиеттерін сыйлап, жан жылуын аямай келе жатқан білікті мамандар. Шәкірттерін жан – жақты дамыта білген аяулы ұстаздарымыз бүлдіршіндерін үлкен азамат етеріне үлкен сенім білдіреміз.Жаңа оқу жылы баршамызға құтты болсын! Шәкірттеріміз саналы, білімді, бәсекеге лайықты азамат болып өссін! Жаңа оқу жылы табысты жыл болғай!




Просмотров: 829

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь