Меню KDT
МЕНЮ
Для того чтобы сменить домен на .edu.kz прежде необходимо заполнить заявку на сайте otanbilim.kz/requestsedu
Уважаемые школы!!! мы набираем группы для бесплатного обучения по теме "Возможности вашего сайта". Заявки принимаются по обратной связи (тикет)

"№73 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

   


 


Директордың жеке қабылдау кестесі





Директор блогы

Психологқа сұрақ

Фото көрме

Видео көрме

Хабарландыру

Ауа райы

Статистика

  • Осы айда992
  • Осы аптада188
  • Кеше32
  • Бүгін11
  • Желіде:3

Сауалнама

Оцените школьный сайт

Дауыс беру

«Мен – өз Отанымның патриотымын»  атты бірыңғай сынып сағаттары
Білім басқармасы басшылығымен бекітілген «Мен – өз Отанымның патриотымын» тақырыбындағы алғашқы сабақ ерекше форматта өткізілді. Сынып сағаттарының жылдағыдан өзгеше, балаларға күш – жігер берерліктей болғанын қалаған №73 мектеп – лицей директоры Құралай Амангелдіқызы елімізге белгілі бір топ азаматтарды қонақ қылып шақырды. Яғни, балаларға еліне еңбек етіп жүрген, нағыз патриот азаматтарды үлгі етіп көрсетті.
    Бірі білім саласы, бірі өнер саласы, енді бірі кәсіпкерлікпен айналыса жүріп, халыққа қызмет етіп жүрген азаматтар шәкірттерге өзінің еңбек жолын қалай бастағанын, жетістікке қалай жеткендерін, ал ол жетістікке жетуге әрбір адам талпынса, қолынан келетінін айта отырып, балаларға күш – жігер бере білді. Қонақтарды атап өтер болсақ; 
– «BilimLand» платформасының негізін салушылардың бірі Нартай Әшім мырза шәкірттерге жетістікке жетудің құпияларын ашты;

 
- Робототехника маманы Олжас мырза өзінің жетістіктерін айта отырып, бұл саланың болашағы зор екеніне көз жеткізді, шәкірттерді ғылыммен айналысуға шақырды;
 
 – Жас кәсіпкер, «Дарын» Білім академиясының негізін салушы, «Zhastar» футбол клубының директоры Адиль Игембердиев мырза жас та болса, бас бола білуге әрбір адам лайықты екенін, ол үшін қажырлы еңбек пен ізденімпаздық қажет екенін айтып, шәкірттерге үлгі бола білді;
 
– «Анаға апарар жол» фильмінің басты кейіпкері, талантты актер Әділ Ахметов өзінің өнер жолындағы жетістіктері мен әлі де болса бағындырар белестерінің алда екенін айтып, шәкірттердің ықыласына бөленді;
 
– Қажымұқан, Балуан Шолақ аталарымыздың ізін жалғастырушы күрескер, қазақстандық палуан  Сергей Цырульников балаларға өз өнерін көрсетіп, таңдай қақтырды;

– «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Баян Бақкелді шәкірттермен журналистиканың қыр – сырымен бөлісіп, бұл салада жүріп, елге пайдалы ақпарат бере білу басты мақсаты екенін атап өтті.
 
- "Болашақ" инжинирингінің басқарушы директоры Залқарбек Муралиұлы шəкірттерге ғылым мен техника дамыған заманда болашақтың кілті ғылымның тереңінде жатқанын түсіндірді.

– Білім және ғылым министрлігінің өкілі Оршыбек Нұрбек мырза балаларға физика мен математиканың құпияларын ашып, осы пәнге қызығатын балаларға арналған шеберлік сағатын өткізді. 

- Назарбаев университетінің қызметкері Ербол мырза да балаларға шет елде оқудың маңыздылығын түсіндіріп, оқыған білімді елге пайдасы тиетіндей етіп жұмсау – азаматтық парыз екенін баса айтты;
 
– ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару академиясы Басқару институтының директоры  Ерлан Абил мырза мемлекеттік салада қызмет етудің қызықтары мен қиыншылықтары туралы ой бөлісіп, осы салада адал қызмет етіп жүрген, елін сүйетін азамат екенін көрсетті. 
 
– Ғылыми лаборатория жетекшісі Елеусов Əділет ғылымның қыр – сырына үңіліп, шәкірттерді еліміздің ғылымын дамытуға үлес қосуға шақырды;
 
 - "Пифагор" математикалық мектебінің директоры Асан  Жолдасов математикаға жүйрік оқушылармен кездесіп, бұл пəнді мықтап игерудің сырларымен бөлісті.

 – «Астана жастары» ресурстық орталығының маманы, 12 жасында Елбасымен кездесіп, Елбасы қолынан алғыс хат иеленген Аманжолов Бекарыстан мырза өзінің тәжірибелерімен бөлісе отырып, нағыз патриот қандай болу керектігін көрсетті;

– «Health project» компаниясының негізін салушы Биримжан Аян шәкірттерге дұрыс тамақтану туралы керемет дәріс оқып, бұл саладағы өзі жасаған еңбектері туралы әңгімелеп берді.













Қазақстан   Республикасында   Отбасы  күнін  мерекелеу  шеңберінде «Отбасы – Бақыт  мекені»  атты  республикалық  апталық  аясында  №73 мектеп – лицейінде  өткізілген  іс – шара есебі
      Апталық аясында  «Бақытты  отбасы...»  тақырыбында  7-сыныптар  арасында эссе  жазу байқауы өткізілді.  Нәтижесінде 7-сынып  оқушылары  арасынан  үздік  эссе  жазған  оқушылар  марапатталды. Олар: Сарханов  Нурали, Кенжебаев  Мирас, Назарова  Ақбота, Нұрманов Жәңгір,  Қайырбай Темірлан, Әбішева Аяулым, Жұмағалиев  Дамир.
«Отбасындағы  дәстүрлер»  тақырыбында әр  сыныптарда видеороликтер  көрсетіліп, түсіндіру  жұмыстары  жүргізіліді. Республикалық  Отбасы күнін  мерекелеу  шеңберінде  «Ата – ананың  баласы  алдындағы  жауапкершілігі» тақырыбында  10 – сынып  оқушыларының  ата – анасының  қатысуымен сынып сағаты  жүргізілді. Мақсаты:  ата – аналарды балаларға жауапкершілікпен, ұқыпты  қарауға шақыру. Қазіргі кездегі  баланың дамуына, жеке  тұлға  болып  қалыптасуына  ата – ана  тәрбиесінің  әдіс – тәсілдерін  жетілдіре  отырып, қарым – қатынас орнату  және  ұлттық  сананы  бойына  сіңіру. Ата – аналарды мектеппен, мұғалімдермен тығыз  байланыста  болуға  шақыру. Тәрбие  сапасының  жоғарлауына ықпал  ету.
    «Отбасы – бақыт мекені» атты  республикалық  апталық  аясында 9-сыныптар арасында «Отбасы – шағын  мемлекет» тақырыбында  дөңгел үстел өткізілді. Мақсаты: Отбасының мемлекеттегі, қоғамдағы алар орны  аса  маңызды  екенін  көрсету. Отбасының  бала  тәрбиесіндегі  алар  орны өлшеусіз  екенін  айта  келе, өнегелі  отбасы өзі  ғана  бақытты  болып  қалмай  мемлекет  өркендеуінің  кепілі, қоғам  дамуының  двигателі  екенін тағы  бір рет еске  салып  өту.
     Мемлекет – мыңдаған, миллиондаған  отбасылардан  құралады, ал қоғамның  жүйелі  дамуы шағын  қоғамдық  институт – отбасының  беріктігімен, үлгілілігімен  тығыз  байланысты. Отбасы  дегеніміз  ата мен  әже, әке  мен  ана  және  сол  үйдегі балалар. Ал оларды  өзара сыйластық  пен  сүйіспеншілік, құрметтеу  мен  бауырластық біріктіреді. Сонымен  бірге  отбасы – мөлтек  мемлекет, шағын  қоғамдық  ұжым. Сондықтан   отбасы  мен  мемлекеттің  міндеттері  мен мақсаттары  соған сәйкес  мүдделері  де біртұтас.
      Халықаралық  Отбасы  күніне  орай 5 «А» - сыныбында  «Отбасы  құндылықтары»  атты  тәрбие  сағаты өтті. Тәрбие  сағаты  барысында   отбасылық  құндылықтар  туралы  сөз  қозғалып, оқушылар  өз  ойларымен  бөлісті.
      Қазақ  қоғамындағы  отбасы-өмірдің  тұтқасы, оттың  маңайына  таратқан  жан балқытар  жылуы. Қазақтың  ошағы  дөңгелек  үйдің  ішінде  болады  да, бүкіл  жайдарлық жағылған  отқа  үйіріледі. Үй  ішінің  қызыққа, қуанышқа  толы болуы  да  соған  байланысты. Оттың  басы, ошақтың  қасы – ырыстың  ұйытқысы. Сондықтан   қазақ  отының  басын  тіршіліктің  тұтқасы  санап  аялайды.
     Отбасының  басты  қазығы, алтын  діңгегі – бала. Баланың  жан – жақты  тәрбиелі  болып  өсуіне  берекелі,өнегелі,ынтымақты  отбасының  ықпалы  мол. Отбасы  ата-ана  мен  баланың, келін  мен  ененің  және  басқа  да  отбасы  мүшелерінің  жылы  қарым – қатынасынан  құралады. Отбасы  берекелі, тату  болу  үшін  сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық  қасиеттер әр адамның  жүрегінен  орын алуы  керек.
      «Отан  отбасынан  басталады» дейді  қазақ  халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы  адамзаттың  болашағы, даму  деңгейі осы отбасынан  басталады.
       Осы  мәселелер  жөнінде  ой  бөлісіп, оқушылар  өз отбасылары  туралы бірі  эссе  жазып, бірі  фотогалерия, бірі видео  көрсетіп, бақытты отбасы  екендерін  мақтана  айтты.
       Бақытты отбасында  өсіп  келе  жатқан балғындарға қарап, ерекше сүйсінуге  болады. Барлығы  бірдей «Ана» туралы  ән  шырқап, отбасы  күніне  арнап, бір – біріне  тілектерін  айтты.
          «Отбасы – бақыт  мекені» атты  Республикалық  апталық  аясында  мектеп, ата-ана, оқушы  үштік  одағын  нығайту  барысында біршама іс – шаралар өткізілді.
     Заман  талабына сай білімді, сауатты, интелектуалды  ұрпақ  тәрбиелеу мектеп  ұзтаздарының негізгі  міндеттерінің  бірі. Мектебімізде  мектептен  тыс  қосымша  үйірмелердің ашылуы  бірден  бір кепілі. Ата – аналарға  бағыт  беру  және  толық ақпарат ала отырып, балаларын  қосымша  курстарға  жаздыруға  мүмкіншілік  жасалынып, ауқымды  түрде «Ашық  есік» күні  өткізілді.
    Апталық  аясында «Famiy  and  Friends»  отбасылық – спорттық  сайысы  өткізілді. Жарысқа  қатысушылар  ретінде  жоғарғы  буынға  енді  қадам  басқан 5 – 6 сынып  оқушыларына   салауатты  өмір  салтын  сақтау – спортпен  айналысудан  басталатынын  түсіндіру  мақсатында  таңдалып  алынды. Ата – аналардың  қатысуымен  өткізілген  бұл  жарыс  өте  қызықты өтті. Іс – шара  соңында  мықты  команда  анықталып, алғыс  хаттармен  марапатталды. Жарыстың  өте  қызықты  өтуіне  ат салысқан  мектебіміздің   дене  шынықтыру  пәні  мұғалімдеріне  алғысымыз  шексіз.
    Апталық  аясында  өткен  тағыда  бір  ауқымды  жоба «Отбасы – алтын  діңгек»  тақырыбында  ата – аналар  комитетінің  қатысуымен  конференция өткізілді. Мақсаты: мектепке  енді  ғана  қадам  басқан 1-сынып оқушыларының  ата – аналарына  психологиялық  көмек  көрсету. Конференция барысында ата – аналарға  мол  ақпаратпен  қамтылған  презентация  және  видеолар  көрсетілді.
                   

 
    «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі» атты ұстаздар күніне арналған іс – шаралар қорытындысы

 

         Әр шәкірттің санасына білім нәрін ұялатып, өз уақытын аямаған, өзгенің баласын аялаған ардақты ұстаздарымыз әр жылы қазанның алғашқы сенбісінде кәсіби мерекелерін тойлайды.

Бұл мерекеде мектебіміздің белсенділері мен өнерлі оқушылары ақылдасып, бірі «Өзін – өзі басқару» күніне ұйымдастырса, бірі ұстаздарға арнап, әсем ән, күмбірлеген күйден тұратын мерекелік кеш ұйымдастырды.

Мектебіміздің төменгі қабатында «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» атты сыныптар мен ұстаздардың фотосынан көрме ұйымдастырылды. Фотолар өте көңілді, қызықты болу керектігіне талап қойылды. Конкурс нәтижесі тоқсандық қорытынды концертте жарияланып, ал әр қабатқа сыныптардың фотолары ілінетін болады.

Сыныптарда аталған тақырыпта сынып сағаттары өтті. Ұстаздарын құттықтаған шәкірттердің ыстық ықыласы мен жылы лебізіне куә болдық. Оқушылар ұстаздарына арнап, анонимді сыйлықтар мен түрлі құттықтаулар дайындаған.

 

5 «А» - сыныбы оқушылары дайындаған қабырға газеттері мектептің әр қабатына ілінді.

Сонымен қатар, психолог Мейрамғазы Қымбат Тоқтамұратқызының бастамасымен 4 «А» - сыныбы, 7 «Б» - сыныбы, 5 «А» - сыныбы, 11 «а» - сыныбы оқушыларының қатысуымен ұстаздар күніне арналған видео дайындалды.

Мерекеге қарай ойыссақ... Жылдағы дәстүрімізге сай мектеп белсенділері ұлағатты ұстаздарды гүл шоқтарымен әуелеген әсем әуен аясында қарсы алып, мерекесімен құттықтады.

 

Қоңырау уақыты болған соң, әр сыныпқа алдын ала құрылған кестеге сай 10 – сынып оқушылары сабақ өткізді. Сабақтар қызықты, өз деңгейінде өтті. Барлық оқушыларға жоғары сыныптағы аға – әпкелері берген сабақ ұнағанын жүрекжарды лебіздерінен байқадық.

Дүйсенов Ғасырхан «Өзін – өзі тану»  пәні

 Нагизханова Сарбиназ ағылшын тілі сабағы        

Құдіретбай Құлпынайдың Қазақстан тарихы сабағы

өте қызықты өтті                                                            

                                                                                                                      

   Дене шынықтыру сабағы

Сабақ берудегі ой – пікірлерін барлық оқушылар төменгі қабаттағы плакаттарға жазу арқылы білдірді. Сол пікірлердің сараптамасы бойынша, оқушылардың басым көпшілігі Мектеп Президенті Галиев Еркебулан мен Президент әкімшілігі басшысы Нагизханова Сарбиназға алғыс білдірсе, Көшербай Айдана, Қожахметова Айнура, Бағдар Айбол, Дуйсенов Ғасырхан есімді оқушылардың сабақ бергені қатты ұнағанын жазды.

 Сабақтар аяқталған соң, мерекелік көңіл – күй 11 – сынып оқушылары дайындаған әдемі кешке жалғасты. Концертке ұстаздардың құрметіне арнап, «Шабыт» қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері өнерін көрсетті. Мектебіміздің ұстазы Шүйгінбаева Дариға Сайлаубайқызы шәкірттерімен қосылып, «Ұстазым» әнін орындады. Мектеп бітіріп, жоғары оқу орындарының студенттері атанған түлектеріміз видеоролик арқылы ұстаздарға арнап, ыстық сәлемін жолдады. Ал кеш соңында барлық көрермендер бірге Әбілахат Еспаевтың «Ұстазым» әнін караокеге қосылып шырқады.

 

Жалпы, ұстаздар күні есте қалар ерекше күн болды деп айтуымызға болады. Әр ұстаздың балалық шағы, білім берген ұстаздары еске түсіп, балалық шаққа саяхат жасағандай болды. Ал шәкірттер жағы ұстаздық жолдың қандай қиын жол болса да, сауабы мол іс екенін түсініп, әрқайсысы өз ұстаздарын мерекемен құттықтауға асықты.